Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Ұлттық спорт ойыны.Асық ату.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абилтаева Акмоншак Абдыгаликовна

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Бөлім : ұлттық ойын.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық спорт ойыны.Асық ату.

Сабақтың мақсаты: Оқушының дене құрылысының дұрыс қалыптасуына спорттың маңызы зор екенін ескере отырып бұқаралық спортпен жүйелі айналысуға тарту.

Тәрбиелігі: Қазақтың салт- дәстүрін , қимыл – әрекеттерді көрсете отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Өткізу орыны: спорт залы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:Саяхат – сабақ.

Сабақтың пән аралық байланысы: ұлттық ойындар .

Сабақтың көрнекілігі: Асықтар, плакаттар.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі .

2) Жаңа сабақты түсіндіру.

3) Бекіту , қортынды.

Қазақтың ұлттық спорт түрлері:

  1. Тоғыз құмалақ . 6. Аударыспақ.

  2. Қол күрестіру. 7. Қыз қуу.

  3. Асық ату. 8. Теңге алу.

  4. Арқан тартыс. 9. Бәйге

  5. Қазақша күрек 10. Жорға жарыс.

Қазақтың ұлттық спорты 1920-30 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады.

Асық ойынының бір өзінде қаншама тәрбиелік мәні жатыр. Асық ойынының пайдасы өте көп . Асық ойыны баланы шеберлікке, дәлдікке балиды.Дененің қимыл – қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрлерінен кем түспейді. Ол көздің көру қабілетін есте сақтау есептеу жүйелерін дамытатындығын ғылымда талай мәрте дәлелдеген.

Сонымен бірге балалардың зердесін дүние танымын кеңейтетін бірден -бір ойын . Ойын кезінде асықтарды тігіп, олардың санын есептеу , ұпай бөлісу , асық санау жас жеткіншектің математикаға бейімін арттырады. Ойын баланын есеп- қисапты тез меңгеруіне ықпал жасайды, зеректігін арттырады . адал болуға үйретіп , ұрлық – қарлықтан бойын аулақ ұстайтын болады. Асық ойындарының қайсысы болмасын балаларға өте қажет. Бұл ойында баланын ортамен қарым- қатынасын кеңейтіп , таным қабілдеті өседі. Мінез – құлқы қалытасады.

Асық ойынының түрлері: Иіріспек , хан талапай , омпы , бүк- шүк , алшы, көмбе , үш табан , асық ату, отыз ұры, бір есепші, құмар, көгендеп ату, бір табан... т.б Асық ойынының, ең бастысы- сақан жақсы болу керек , сонда ұту мумкіншелігі арта түседі.Сақасы мықты ойыншының асық ойнында бағы жанатыны сөзсіз. Ал енді сақаны қалай таңдау керек , соған тоқталайық. Асық ойынынын Зерттеушілердің айтуынша, сақаның әдемі де, салмақты болғаны дұрыс. Салмақты болуы үшін оқушылар ертеде асыққа қорғасын құятын болған . Қорғасын құйылған сақаның салмағы ауырлап , қарсыласын ұту мүмкіндігін арттырады. Ауыр сақа ойын барысында иіріп жібергенде, көбінесе алшысынан түсіп, иесіне жол ашады. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе , сол бірінші атады.Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана қалдырмай , ұлттық спорт түрінке көтерсек.Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік- эканомикалық жағдайларына , шаруашылын мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан . Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, койды көп өсіргендіктен , балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шындап , оларды дәлдікке , ұстапдылыққа , байсалдылыққа тәрбиелейді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2021
1817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12