Материалдар / Ашық сабақ Ұлы Абай 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ұлы Абай 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2020
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы

«Үміт» мектеп – интернатының тәрбиешісі

Мақұлбекова Гүлдана Ордабекқызы


Сабақтың тақырыбы:

Ұлы Абай-дара тұлға!

Сабақ  мақсаты

  1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында білімдерін толықтыру , шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, көркем сөйлеуге үйрету.
    2. сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, танымдық қасиеттерін дамыту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру, ұлы ақынның шығармаларына қызығушылығын арттыру.
    3. Оқушыларды жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп өсуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі:

Абай шығармаларынан өнеге алады, ұлы ақынның шығармаларына деген қызығушылығы артады. Топта бірлесіп жұмыс атқара отырып,шығармашылық қабілеттері артады

Ресурстар

АКТ, бүктемелер, суреттер,кітаптар, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  , топтық тапсырмалар, кері байланыс парағы, стикер

Әдіс-тәсілдер

СТО әдістері, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ әдебиеті



Сабақ барысы :



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал қалыптастыру:


«Менің көңіл-күйім » тренинг

Мақсаты: көңіл-күйлерін білу, жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.


Оқушылар шеңбер болып отырады. Кезектесіп өздерінің көңіл күйін табиғатың қандай құбылысына ұқсас екенін айтып шығады.Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды, сәттілік тілейді.

Сабақтың басы

«Ой қозғау» Бейнебаян « Ұлы тұлғалар»

«Миға шабуыл » әдісі

-«Кел балалар ,оқылық» деп балаларды оқуға шақырған кім? (Ы. Алтынсарин!

-Араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасаған , ірі қоғам қайраткері, Алаш қозғалысын ұйымдастырушы ? ( А.Байтұрсынұлы)

-«Абай жолы » романының авторы кім? (М.Әуезов)

-Отырарда дүниеге келіп, күллі әлемге ілімін таратқан ұлы ойшыл кім? (Әл -Фараби) -Адамзаттың ақыны, қазақтың данасы атанған ұлы ақын кім? ( А.Құнанбаев) -Биыл А.Қүнанбаевтың туылғанына неше жыл толып отыр?

Сабағымыз «Үлы Абай –дара тұлға!» деген тақырыпта болмақ.


Бейнежазбаны тамашалайды,сұрақтарға жауап беріп,тақырыппен танысады












Сабақтың ортасы








  1. Абайдың өскен ортасы

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі



  1. Абай – ақын. 

Тәрбиеші Абайдың ақындығы жайлы айтып , сұрақтарға жауап алады

  • Ақынның қандай өлеңдерімен таныспыз?

  • Қай өлеңін жатқа білеміз?

Топқа бөлу



1-топ: « Әсемпаз болма әрнеге »

өлеңін оқып,талдау

1. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

2. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?

3. Өлеңнің негізгі идеясы қандай?

2-топ: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып,талдау -Ақынның «Ғылымды таппай мақтанба» дегеніне көзқарастарың қандай? -- Ақын айтқан бес асыл мен бес дұшпанды атаңдар? -Сендердің ойларыңша, «ғылым, білім» адамзат баласына не үшін керек? Сұрақ-жауап екі топқа: - Өлеңде көтерілген мәселелер қаншалықты өзекті?


  1. Абай- аудармашы.  

 Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.Крыловтың, И.Гетенің шығармаларын оқып, аударған. 

1-топ: « Қараңғы түнде тау қалғып » өлеңі 2-топ : «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы





4. Абай- сазгер. 

Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетіне үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған. «Желсіз түнде жарық ай»,  «Көзімнің қарасы»,  «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың» және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка да жазған.

Сергіту сәті:



Абай- ойшыл, ғалым.

Абайдың 45 қара сөзі бар Бейнежазба « 19 қара сөзі»


  1. Абай туралы ойлар

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынов

Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға керек...Ең жоғары, ардақты орын - Абайдікі.
                    Міржақып Дулатов

Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев



Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2020ж 9 қаңтарын- да «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан » тақырыбында мақаласын жариялады . Президент Ұлы Абайды Ұлттық болмыстың үлгісі,мемлекет ісінің мүдделісі,жаңа қоғамның жанашыры,әлемдік мәдениеттік үлгісі тұрғысынан қарастырып,

Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді- деді

Сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшы Абайдың өскен ортасы жайлы әңгімелейді.





Сұрақтарға жауап береді. Өздері білетін өлеңдерін мәнерлеп оқиды


Өлең шумағымен топқа бөлінеді



Өлеңді топта оқып, сұрақтар бойынша талдайды,жариялайды











Аудармаларымен танысады

Өлеңді үш тілде оқиды Өлеңді рөлге бөліп оқиды,тәрбиелік мәнін түсіндіреді



Әндері мен күйлері жайлы мәлімет алады







«Көзімнің қарасы » әнін бәрі бірге орындайды



Қара сөзін тыңдау,талдау.

Өздері білетін қара сөздерін айтады








Кезектесіп оқиды

Сабақтың соңы

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды. Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды .



Кері байланыс

«Жетістік» баспалдағы.













Кері байланыс жасайды






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!