Материалдар / Ашық сабақ Ұлы Абайдың даналығы 2 сынып

Ашық сабақ Ұлы Абайдың даналығы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
271
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Подстепный қазақ ЖОББМ

Күні:08.09.2020 жыл

Мұғалімі: Жунусова Г.Т

Сыныбы: 2 «в»

Оқушылардың саны: 15

Тақырыбы: №: 1 Ұлы Абайдың даналығы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: мейірімділік,қайырымдылық,қамқорлық

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Абайдың даналығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға мейірімділіктің маңыздылығын ұғындыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қайырымдылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. Жағымды көңіл –күй

Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Жазғы демалысты қалай өткіздің? Әңгімелеп бер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.
Абай Құнанбаев

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Сұрақтар:

1. Сүйіспеншілік дегеніміз не?

2. Адамдар бір-біріне жақын, риясыз сүйіспеншілікте болу үшн не істеуіміз керек?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Әңгімелеу.

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Сұрақтар:

1. Өлеңнен не түсіндіңдер?

2. Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

3. Неден аулақ бол дейді?


5. Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма: Абайдың «Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген ойын тақырып етіп алып, төмендегі кейіпкерлерді қатыстыра отырып, өз ойларыңды айтып көріңдер

1.Отбасындағы үлгілі бала;

2.Жақсы, мейірімді оқушы;

3.Нағыз дос;

4.Елгезек бала;

5.Барлығын жақсы көретін оқушы.


6. Топпен ән айту.Жас дәуірдің түлегіміз

Сөзі: Е.Өтетілеуов Әні: И.Нүсіпбаев

Бау, бақша, белдер,

Көңілді ауыл, қаламыз.

Орман, тау, көлдер

Қайырмасы:

Көрікті шексіз даламыз.

Жадырап күндей,

Дәулеті тасқан,

Жайнаған гүлдей

Сәулеті асқан

Бақытты біздер баламыз!(2 рет)

Өзіміз туған,

Жалықпай оқып,

Көбелек қуған,

Көңілге тоқып,

Өлкеде өсіп, толамыз.

Білімді адам боламыз.


7. Үй тапсырмасы.

2, 8-10 бет Мұзафар Әлімбаевтің «Адамзаттың Абайы» өлеңін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ