Ашық сабақ "Ұлы Жеңіс күні"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ұлы Жеңіс күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елжандылыққа баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Алакөл ауданы

«Қызылқайын орта мектебі мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар» КММ













«Ұлы жеңіс күні»

/мерекелік іс-шара/







Өткізген: Ережепбаева Ғ.С









Тақырыбы: «Ұлы жеңіс күні»

9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке. Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды- ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер,шарлар батырлардың суреттері.

Тәрбиеші: 9-мамыр Жеңіс күні бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп.

Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан. Жеңістің туын желбіреткен.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата – аналар, қоңақтар, бала – бақша ұжымы және балалар!

Бүгін 9 – мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата – әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек.

Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен, бүгінгі «Балдырған шағын орталығы» «Айналайын» тобының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Тәрбиеші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

Дей келе келесі сөз кезегін бүлдіршіндеріміздің 9 – мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналған өлең – тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар.

1-Асыл: Арылтып жаудан жерінді.

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні !

2-О. Дидар: Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік

3-Арнай: Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура, Ура балалар

Тоғызыншы май бүгін.

4-Жұлдыз: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілді

Әпкеміз деп жүреді.

5-Айару: Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.

6-Ажар: Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз !

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз !

7-Т. Ерасыл: Қайтпаған жауыннан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

8-Нұрдаулет: Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды

Өмірінен үлгі алады

-Ия,сұрапыл соғыс ешкімді аямады .Ана жарынан айырылды,бала әкесінен айырылды.Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ,Балалар әкесін күте берді, күте берді.

9-Аяжан: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға.

10-Н.Дидар: Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды

Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды

Күн парақтар қып-қызыл боп ашылды

Жеңіс келген тоғызыншы мамырда

11-Ернат: Домбырада саусақтары жаралы,

Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.

Шаршағанда аңсағанда жас шағым

Жеңіс деген сөзден Ляззат алады.

12-Айша: Ағайлардан, апайлардан, інімнен,

Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.

Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім

Жазылғандай әжем белі бүгілген.

13-Заңғар: Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған

Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған

Мен жеңістің көріп тұрмын алауын

Жанарлардан алтын шуақ шашылған.

14-Толғанай: Шекарада солдат тұр

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсің ағалар.

Амандық хат жолдап тұр.

15-Айқын: Көлеңкесі жоқ көңілге күшті

Алтын мамырдың сәулесі түсті

Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,

Көгіне тағы ұшырды құсты.

Хор: Д.Қанатбаев: «Бейбітшілік сақшысы»

Е. Ибраймов: «Көк тудың желбірегені»

Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жкрлестеріміз аз емес.

«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қажалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз. Келесі кезекте би.

Би: Орыс биі «Катюша»

Тәрбиеші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Жасасын Жеңіс !

Бақытты елім күле бер !

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер !

Болмасын соғыс !

Болмасын !

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел !

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанаты. «Ден победы» әні жаймен қойылады.

Соңы: Ұлы Жеңістің 79 – жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.

Ардагерлерге мың тағзым !

Жеңістің туы мәңгі желбіресін !

Жер үстінің шуағы тарқамасын !

Жеңіс тойы мәңгі жасасын !

Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман – сау болыңыздар.













Жетісу облысы Алакөл ауданы

«Қызылқайын орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

«Балдырған» шағын орталығы

«Айналайын» тобының тәрбиешісі: Ғ.С. Ережепбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі