А
Пл9-18-9Р топ
............ 2018 ж
шық сабақ:
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи
маңызы
Мақсаты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіндіре отырып,
Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым - қатынасты
дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Дамытушылық: Оқиғаға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау,
талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен ізденіс
жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Барлық салада Отанының ілгері дамуы үшін үлес қосуға,
ұлтжандылыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
Сабақтың
әдісі: Баяндау,
билингвал.
Сабақтың
көрнекілігі: Қосымша деректер,
оқулық, слайд, кескін карта, т.б.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып,
зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру. Өтілген сабағымыз қазақ
халқының әдеп ғұрыптары мен салт дәстүрлері еді. Енді оқушыларымыз
өтілген сабақты қалай меңгеріп келгенін
анықтаймыз:
1. Қазақтың ұлттық салт дәстүрлері дегеніміз
не?
2. Қазақ халқының
шаруашылығына байланысты әдеп-ғұрыптар мен
салт-дәстүрлер?
3. Отбасына байланысты
әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер?
4. Ұлттық
ойындары.
5. Діни наным
сенімдері.
ІІІ. Білімді жан-жақты сұрау,
тексеру.
IV. Жаңа материалды үйренуге
дайындық.
Бүгінгі өтетін жаңа
сабағымыздың тақырыбы «Ұлы Жібек жолы және оның тарихы
маңызы». Ал енді бүгінгі жаңасабағымызға оқушыларымыз
дайындалып келген. Алдымен оқушылардың Ұлы Жібек жолы туралы
пікірлерін тыңдасақ, содаң кейін мен өзім толықтырып айтып
беремін.
V. Жаңа материалды түсіндіру,
қабылдау.
-
Ұлы
Жібек жолының пайда болу тарихы.
Жолдың аты жібек саудасына
байланысты шыққан. Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс
өлкелері мен Батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол
бойындағы елдердің тіршілігін
жандандыруынан.
2.Ұлы Жібек жолындағы
сауданың шаруашылықтың дамуына тигізген
әсері.
Б.з.д I ғасырдың ортасында
алғаш рет Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға
шыққан. Бұған іле шала Қытайға, Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі
жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орталық Азиядағы
елдерден әр түрлі тауарлар ағыла
бастады...
3. Ұлы Жібек жолының
халықаралық мәдениеттің дамуына тигізген
әсері.
Сауда
кезіңде жол бойындағы елдер бір бірімен қарым қатынас жасаудың
барысында өздерін тек тұтыну бұйымдарымен қанағаттандырып қоймады.
Олар өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті...
4. Ұлы Жібек жолының
халықаралық қарым қатынастағы.
Жібек жолы халықтар арасындағы
сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ, ол Шығыс пен
Батыс елдерінің арасындағы халықаралық қарым қатынастың дамуына да
үлкен әсерін тигізді.
5. Қазақстан аумағындағы
Ұлы Жібек жолының тармақтары.
Қ азақ жері
Батыс пен Шығысты қосып жатқан орталық болып табылады. Ал
Қазақстанның оңтүстік шығысындағы Жетісу жері Шығысқа шығаратын
негізгі қақпа.
6. Жібек жолының әлеуметтік
экономикалық маңызы.
Ұлы Жібек жолының бойында
пайда болған қалалар қазақ халқының құрамына кірген түркі тілдес ру
тайпалардың отырықшылануына, тұрақты мекен жай салып қоныстануына
зор пайдасын тигізді.Сауда кезіңдегі қарым қатынас, экономикалық
байланыс шаруашылық түрлерін бір бірінен үйренуіне себеп
болды.
Ұлы
жібек жолы туралы видеотаспа.
VI. . Жаңа сабақты
түсінгенін тексеру.
1. Ұлы Жібек жолының пайда
болуы туралы не білесіңдер?
2. Жібек жолының бойындағы
сауданың дамуы шаруашылыққа қалай әсер
етті?
3. Сауданың дамуы елдер
арасындағы мәдениеттің дамуына ықпалы
қандай?
4. Ұлы Жібек жолы дамуының
мемлекеттер арасындағы байланысқа әсері қандай
болды?
5. Жетісудың Шығысқа шығатын
басты қақпа екендігін картадан көрсетіп
дәлелдеңдер?
6. Жетісудан Ұлы Жібек жолының
қандай бағыттары шығады?
7. Оңтүстік Қазақстаннан
Батысқа шығатын Ұлы Жібек жолының тармақтарын картадан
көрсетіңдер.
8.Жібек жолы Қазақстандағы
қандай басты қалаларынан өтеді?
9. Жібек жолының қазақ жері
үшін қандай пайдалы жақтары болды?
VIІ. Жаңа материалды бекіту
және оқушылар білімін бағалау.
«Көш керуен» ойыны.
Викториналық сұрақтарға жауап беру.
1. Ұлы
Жібек жолының басталуы:
А)
Жетісудан.
Ә)
Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан.
Б)
Ыстық көлінен.
В) Ұлы
Қытай қорғанынан.
2.
Ұлы Жібек жолының ұзындығы:
А)
6000км.
Ә)
7000км.
Б)
8000км.
В)
9000км.
3.
Қазба кезінде Тараздан табылған құмыралар жасалған
ел:
А)
Франк мемлекеті.
Ә) Рим
империясы.
Б)
Араб халифаты.
В)
Византия империясы.
4.
Қазба жұмысы кезінде Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалардан мешіт,
медресе орындарының табылуы дәлелдейді:
А)
буддизмнің таралуы.
Ә)
исламның таралуы.
Б)
христиан дінінің таралуы.
В)
дінге шыдамсыздық.
5.
Түрік қағанаты мен Византия арасында келісім орнаған
жыл:
А)
551жыл. Ә) 568 жыл.
Б) 574
жыл.
В) 596
жыл.
6. Ұлы
Жібек жолы тарихи маңызына жатпайтын оқиға:
А)
Діни соғыстардың басталуы.
Ә)
Шаруашылық пен мәдениеттің дамуы.
Б)
Сауданың дамуы.
В)
Діндердің таралуы.
7.
Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен
ел:
А)
Иран.
Ә)
Соғды.
Б)
Батыс елдері.
В)
Кавказ жерлері.
VIII. Қорытындылау. Үйге тапсырма
беру.
«Ұлы Жібек жолы туралы
СӨЖ»
Оқытушы:........................Шахатова
М.