Ұлым
менің!
Адам қартайған
кезінде жастық шағын еске түсірудің өзінен-ақ ләззат алады екен.
Мектепте оқып жүрген кезімде ауылдың басқа да көптеген балалары
сияқты мен де белдескеннің белін сындыратын палуан болуды
армандадым. Тек армандаумен ғана шектеліп қалғаным жоқ. Орта
мектепті бітіріп, қалаға оқуға кеткенге дейін күн сайын бірнеше
сағат бойы штанг көтерумен айналысып жүрдім. Менің ауыр темір
доңғалақтарын қайта-қайта жоғары көтеріп, әуре-сарсаңға түсіп
жатқанымды көрген сайын әкем
күлімсіреп:
- Балам, білек
күшіңе жүрек күші тең болсын, - дейтін. Әкемнің бұл сөзін ол кезде
зерделеген емеспін. Шынымды айтсам, оған назар да аударған жоқ
едім. Әкемнің не айтқанын біртін келе есейген шағымда ғана пайымдай
алдым. «Жүрек күші» деген терең пәлсапалық ұғым екен. Ол туралы әр
заманның даналары кезінде алуан түрлі пікірлер айтып кеткен. Сонда
әлгі «жүрек күші» дегеніміз қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген
ыстық ықыласы, мөлдір мейірімі, қасиетті қайырымдылығы болып
шығады. Әкемнің «білек күші мен жүрек күші тең болсын» деуінің сыры
неде екенін де ұқтым. Кейде адамдар дүлей қара күштің пайдалы жағын
ғана ойлаумен шектеліп қалады. Егер тізгін беріп қойса, адам
бойындағы дүлей күш ақыл – парасатқа бас көтертпей тастайды.
Зерделі адамдар қара күш пен парасат арасындағы тепе – теңдікті зор
шеберлікпен сақтап отырған. Олар адамды адам дәрежесіне көтерген
ақыл – парасатты ешқашанда дойыз мінезді қара күшке жығып берген
емес.
- Ұлым
менің!
Тағдыр өзі
құт-береке бергісі келген елге данышпан – даналарын қосып береді
екен. Кезінде Түркі қағанатының басына түскен тауқымет араға тура
мың жыл салып барып, Қазақ хандығының тарихында қайталанды. Он
сегізінші ғасырда Қазақ хандығы, бір жағынан, сыртқы жаудың
қыспағында қалып, екінші жағынан, Қазақ қауымы іштей ыдырай
бастаған еді. Дәл осындай көріністі кезінде Түркі қағанаты да
басынан кешірген болатын. Дала данышпандары аталған қазақ жыраулары
сол ежелгі түркілердің қайғылы қателігінен дәріс ала білді.
Мәселен, Бұқар жырау кезінде Абылай ханға ақыл-кеңес беріп отырды.
Бұқар жырау күллі қазақ қауымын ынтымақ-бірлікке үндеді. Сыртқы
жауға қарсы бірлескен күреске шақырды. Тоныкөк сияқты Бұқар жырау
да өзінің пәлсапалық ой толғаныстарын халыққа астарлап айту арқылы
жеткізіп отырды:
Бұл жалғанда бір
жаман –
Ағайынның
аласы
Міне, балам, көрдің
бе?
Қазақ елінің бүгінгі
ішкі бірлігі – ең қымбат қазынамыз. Осыны
ұмытпа.
Көрісінше күн жақсы
ұлым.
Ұлым
менің!
Сен өз хатыңда
достарым көп деп жазыпсың. Оған, әрине, менде қуаныштымын. Бірақ
шынайы достар өмірде көп бола бермейді. Сенің досың деп жүрген
адамдарының көбі әлі өмір сынынан өтпеген, қиын-қыстау сәтте
сенімен бірге болмаған, тіпті достықтың не үшін қажеттігін жөнді
түсінбейтін жандар екеніне күмәнім жоқ. Бірақ оған сен кінәлі
емессің. Құдай сені жаманшылықтан сақтасын. Әлгілердің қайсысы дос,
қайсысы қас екенін басыңа бақытсыздық түссе ғана
білесің.
Ал, қазір менің
достарым тым аз. Санап шығуға бір қолдың саусақтары да жетіп
артады. Мұның екі түрлі себебі бар. Біріншіден, кейбіреулері о
дүниелік болып кетті. Екіншіден, жастық шақта топырласып бірге
жүрген достардың біразы менің басыма қара бұлт төнген сәттерде
қашып кетіп отырады. Дозақ отын өзіммен бірге кешіп өткен нағыз
достарым көп емес. Дәл осы арада мен саған достыққа келгенде
олардың санына қарап емес, сапасына қарап бағалау керек деп едім.
Нағыз дос сенің басына түскен қасіретті бөлісіп алып, қайғыңды екі
есе азайтады да, ал қуанышыңды екі есе көбейтіп жібереді. Оның
үстіне, шынайы дос сенің кемшіліктеріңді кешіріп, осалдығыңды
байқамайды. Достықтың басты шарты-теңдік. Мұнда құл да, қожа да
болмау керек.
1-тапсырма. ЖЖ.
«Диалог құру». Оқушылар аудиожазбадан түйген
ойын диалог құру арқылы
жеткізеді.
Бағалау
критерийі:
Дескриптор:
2-тапсырма. ТЖ.
«Постер жұмысын қорғау». Не себепті қазақ халқы ұл
баланы "шаңырақтың иесі" деп санаған? Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы
сұраққа жауап беру мақсатында постер жұмысын
қорғайды.
Бағалау
критерийі:
Идеяны бере
алады.
Постер жұмысын
безендіре алады.
Тақырыпты аша
алады.
Топтар бір – бірін
бағалай алады.
3 - тапсырма
Ж. Әр оқушы мәтінннің ой желісіне
қарай әкесіне хат жазады. «Автор
орындығы» әдісі арқылы әр топтан
1-2 оқушы жазғандарын ортаға шығып оқиды. Қалғандары
бағалайды.
Жетістік
критерийі:
-Мәтінді 12
сөйлемнен құрайды
-Хат формасын,
стилін сақтайды
-Көркемдегіш
құралдарды пайдаланады
Дескриптор:
-Мәтінді 12
сөйлемнен құрай алады
-Хат формасын,
стилін сақтап жаза алады
-Көркемдегіш
құралдарды орнымен қолдана
алады
«Мұғалімге
хат»
Оқушылар мұғалімге кері
байланыс береді. Жазбаша немесе ауызша беруге
болады.
Үйренгенім .........................................................
Мұғалімге
ұсыныс ..............................................
|