Ашық сабақ "Үш бақытым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үш бақытым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Мұқағалидың өлеңдері туралы мәлімет біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. « Үш бақытым» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңінің идеясын түсіне білуге жағдай жасау. 
Дамытушылық: : Іскерлік қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру, іздемпаздық қабілетін күшейту,өздігінен білім алуға жол ашу, тілдерін жетілдіру,өз пікірін қорғай білуге, талдай білуге баулу,шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. 
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен жұмыс, ақынның портреті, буклеттер, шығармалар, слайд, ақынның өз дауысы, «Үш бақытым» өлеңі әуені, т.б. 
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы 
Сабақтың типі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, сұрақ қою арқылы талдау, мәнерлеп оқу, жатқа айту, әндету. 
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі. 
Сабақтың барыс: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Психологиялық дайындық. 
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз, 
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз. 
Әр оқушыға бағалау бетшелері таратылады. Сыныпты топқа бөлу. 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау . Өтабай Қанахин «Туған жер» мәтіні. 
Әр оқушыға тапсырма берілді. 
1. «Туған жер» туралы мақал жазу. 
2. «Туған жер» тақырыбына сурет салу. 
3. «Ауылым – туған жерім» тақырыбына өз ойын жазу. 
Сергіту сәті. «Мен қазақпын» әні 
3.Жаңа сабақ. Кіріспе сөз. 
Біз бүгін жаңа сабағымызда қазақтың Бір туар ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен танысамыз. 
Автор өмірі туралы айту. 
Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 — 49 жылы ҚазМУ-дың филология факултетінде оқыған. 
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” , «Өмірталас», «Шекарашы», «Аманат». 1976жылы дүниеден озды. 

Мұғалім: Балалар, мен өлеңді мәнерлеп оқимын, мені жақсылап тыңдап отырыңдар. 
Сөздік жұмыс Алтын - бағалы, қымбат. 
Кен - Жер астынан қазылып алынатын пайдалы қазба, байлық. 
Нарық - Заттың кесімді бағасы, құны. 
Қадір-қасиет. 
Оты сөнген- Ісі ілгері баспаған, талабы кері кеткен. 
От ал - Жігер беру. 
Жалғанда- Жарық дүниеде, бұл өмірде, тіршілікте. 
Сонымен ақынның үш бақыты не екен? 
- Халық, Тіл, Отан екен. 
4. Топқа тапсырма: «Ой қозғау» Өз ойларын жазу. 
1-топ: Халық сөзін қалай түсінеді? 
2-топ: Тіл сөзін қалай түсінеді? 
3-топ: Отан сөзін қалай түсінеді? 
Оқушылар өз ойларын жазады. 
Мұғалім: Олай болса,балалар, осы Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші. 
Халық 
1Халық дегеніміз – Қазақстанда тұратын адамдар. 
2. Елімізде 16мил. халық тұрады. 
3. 130-дай ұлт өкілдері тұрады. 
Тіл. 
1. Тіл дегеніміз адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. 
2. Қазақстанда 130-дай тіл бар. 
3. Қ. Р-ның Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 
Отан. 
1. Отан ол – әр адамның туып өскен жері. 
2. Отан ол – сенің отбасың. 
5.Топтарға тапсырма: Алдымен ақынның өз дауысын тыңдату. 
Оқушылар өлеңді оқиды. 1-ші топ бірінші шумағын, 
2-ші топ екінші шумағын ,3-ші топ үшінші шумағын ақын портретіне қарап, ол өзі отырса, қалай оқыр еді, яғни оқушылар өздерінше екпінмен, ерекше дауыспен оқу. 
6.Келесі тапсырма: «Мақал сөздің мәйегі» 
1-топ: Халық туралы мақал жазу 
2-топ: Тіл туралы мақал жазу 
3-топ: Отан туралы мақал жазу 
7.Сергіту сағаты: « Үш бақытым» әуенімен тыңдау 
8. Рефлексия: Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды қорыта келе ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайық 
1. Авторы: М: Мақатаев. 
2. Тақырыбы: «Үш бақытым.» 
3. Жаныр түрі: Өлең. 
4. Шумақ: 3 
5. Тармақ: 12 
6. Әр шумақтың мәнін ашатын көркем, бейнелі сөздер: 
1-шумақ: Қымбаттырақ алтыннан, алтын кен. 
2-шумақ: Қасиетті тіл. 
3-шумақ: « Отан оттан да ыстық.» 
Өлеңнің идеясы: ақынның туған жеріне, халқына, тіліне деген шекесіз махаббаты айтылады. 
Мұғалім: Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық. Қазіргі таңда Мұқағали ең көп оқылатын ақынның бірі. Оның жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді.
9. Сабақты тестімен қорытындылау. Тест. 
1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді? 
А) 1932ж. Ә) 1931ж. Б) 1986ж. 
2. Мұқағалидің туған жері? 
А) Жамбыл обл. Ә) Нарынқол ауданы Б) Тараз 
3. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? 
А) А. Құнанбаев Ә) М. Мақатаев Б) Ы. Алтынсарин 
4. Ақынның үш бақыты не екен? 
А) Бақыт, достық, ынтымақ 
Ә) Тіл, туған жер, отан 
Б) Халық, тіл, отан 
5. Өлең неше шумақ, неше тармақтан тұрады? 
А) 5шумақ, 10 тармақ 
Ә) 3шумақ, 12 тармақ 
Б) 6шумақ, 9 тармақ 
10. Үйге тапсырма: « Үш бақытым » өлеңін жаттау. 
11. Бағалау, мадақтау. -Бүгінгі сабақ ұнады ма? - Ұнаса не ұнады? 
-Жалпы түсіндің бе? Т.б. сұрақтарға жауапты стикерге жазу арқылы тақтадағы бағдаршамның сәйкес түстеріне жапсыру. 
Оқушылардың өзін – өзі бағалау кестесі 
№ Жұмыс түрі Бағасы 
1 Үй жұмысын орындауы, жауап беруі 
2 Жаңа сабаққа атсалысуы 
3 Топта жұмыс жасауы 
4 Сұрақ қоюы ( үй жұмысы, оқылған мәтін бойынша немесе қарсылас топқа, т.с.с. ) 
5 Жазба жұмыстарын толық орындау 
6 Сабақты қорытындылау сатысындағы талдау Тәрбие.орг сайтынан М. Мақатаев. « Үш бақытым» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурмашева Шарбану Насыровна

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта ме



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
898
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі