Материалдар / Ашық сабақ Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі, орта перпендикуляры
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Ашық сабақ Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі, орта перпендикуляры

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып геометрия
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


7.2В бөлім: Үшбұрыштар


Мектеп: Достық жалпы орта мектебі

Күні: 20.10.17ж

Мұғалімнің аты-жөні: Рысбекова Б

Сыныбы:

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы :

Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

7.1.1.12

Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: - үшбұрыштың медианасының, биссектрисасының анықтамаларын біледі;

- үшбұрыштың биіктігін анықтайды;

Басым көпшілігі: - үшбұрыштың орта перпендикулярын біледі және есептер шығаруда қолданады;

- үшбұрыштың орта сызығына есептер шығарады;

Кейбір оқушылар: - Үшбұрыштарға орта сызық пен перпендикуляр сала алады.

Бағалау критерийі:

  • Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі, орта сызығын есеп шығаруда қолдана алады;

  • Кез келген үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктіктігін сала алады.

Тілдік мақсаттар :

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Оқушылар:

- Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктіктігі, орта сызығының анықтамасын тұжырымдай алады;

- Бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ... медиана деп аталады;

  • үшбұрыштың биссектрисасы...;

  • үшбұрыштың биіктігі...;

  • үшбұрыш қабырғасына орта перпендикуляры...;

  • үшбұрыштың орта сызығы...;

Құндылықтар

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары.

Пирамида және Астана.

Пәнаралық байланыстар

бейнелеу,тарих.

Алдыңғы білім

Үшбұрыш және оның түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Басы

3 мин




















Ортасы


2 минут
















4 минут












8 минут






























8 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу,психологиялық дайындық жасау.

«Басбармақ әдісі»

Топқа бөлу: Оқушыларды «Санамақ» әдісі арқылы сандар жазылған геометриялық фигуралармен топқа бөлемін (І топ –«Биссектриса», ІІ топ- Медиана, ІІІ топ – Биіктік)

Әр топтан топ басшысын сайлап,оған бағалау парақшасы беріледі. Үй тапсырмасын «Сағат тілі» әдісі арқылы тексеру.


Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды адасқан әріптерді «Кеңістікте бағыт алу» арқылы табайық.

1.Медиана. 2. Биссектриса


Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтайды. Кері байланысқа шығады

Жаңа тақырыпты 3 топқа бөліп 5 минут оқуға беремін және әр топ бір- біріне сұрақтар қояды.

1-топ : Медиана

2-топ : Биссектриса

3- топ: Биіктік


Оқушыларға білім алудың «Жигсо» әдісін ұсынады. Әрбір топ әр түрлі жаңа мәліметті жан –жақты қарастырып, зерттеп игеруіне, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Бағыт бағдар береді, сырттай бақылайды. Білім дағдыларын анықтайды.

Әр топ бір – біріне түсіндіреді.

«Бағдаршам» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау.

Тақырыпты ашу,ережелерді айтқызу.


Тапсырмалар : топтық жұмыс

Оқушылар берілген тапсырмалары бойынша өздеріне тиісті есептерді ғана толтырады, берілген тапсырманың жауабын оқушылар «Елші» әдісі арқылы әр топтан бір-бір оқушы тапсырманы тексеруге келесі топқа барады.

Тапсырма 1

Суретте АВМ үшбұрышы берілген. ВК –АВС үшбұрышының биссектрисасы, ВС –КВМ үшбұрышының биссектрисасы. АВМ-?

Picture 1

Тапсырма 2

Суретте АВС үшбұрышы берілген, ВМ биіктігі. АМ = МС. СВМ = 210 ВАМ-?.

Picture 2

Тапсырма 3

Үшбұрыштың биіктіктері  O нүктесінде қиылысады.

A=84°, B=53° екені белгілі болса, AOB бұрышын тап.


Дескриптор: - үшбұрышқа медиана жүргізе алады;

  • үшбұрыштың биссектрисасына, биіктігіне байланысты есептер шығара алады;

  • үшбұрышқа орта сызық, орта перпендикуляр жүргізе алады















Плакат және маркер























Оқулық










































Шыныбеков №115.










Шыныбеков №118, 124








Сергіту сәті


2 мин







8 минут

























2 мин





«Тыңдау қабілетімізді жаттықтырайық!» ойыны

Мақсаты: Бұл ойында балалардың сыни ойлануы мен оқуы және жазуы іске асырылады. Жаңа сабақта өтілген ұғымдарды пысықтайды

БShape1 иіктік, медиана, биссектриса, перпендикуляр, орта сызық, үшбұрыш, қабырға, кесінді.

Слайдтағы сөздер бір рет оқылады, оқушылар тыңдаған сөздерді қайталайды

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейінің тапсырмасы:

Доғал бұрышты үшбұрыш сызып, оның барлық биіктіктерін салыңыздар.


В деңгейінің тапсырмасы:

ECB кез келген үшбұрышын салыңыз. Үшбұрыштың Е төбесінен ЕЕ1 медианасын, С төбесінен СС1 биссектрисасын, В төбесінен ВВ1 биіктігін жүргізіңіз. Сызбаны орындау үшін транспортир мен сызғышты қолдану керек.


С деңгейінің тапсырмасы:

Тік бұрышты үшбұрыштың катеттеріне орта перпендикулярлар жүргізілген. Пайда болған тіктөртбұрыштың периметрі 48 см болса, катеттерінің қосындысы неге тең?

Дескриптор:

- доғал бұрышты үшбұрыш сыза алады;

- үшбұрышқа биіктік сала алады;

- үшбұрыштың төбесінен медиана, биссектриса жүргізе жүргізе алады;

- тік бұрышты үшбұрыштың катеттеріне орта перпендикулярлар жүргізе алады;

Бағалау: қалыптастырушы бағалау арқылы,яғни дұрыс шығарған жағдайда «жарайсың», «керемет», «өте жақсы» деген мақтау сөзбен,ал қате болған жағдайда С деңгейіндегі жақсы оқитын оқушылар көмек көрсетіп , есептің шығарылу жолдарын түсіндіріп береді.


























Электронды оқулық және оқулық

Сабақ соңы

3 мин

Үйге тапсырма: №117, №125

«Венн диаграммасы» әдісі

Кері байланыс «ББҮ» сызба әдісі

«Б» ( білемін)

«Б» (білгім келеді)

«Ү» (үйренемін)






Рефлексия парақшасы

Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Деңгейлік тапсырмалар


Қалыптастырушы бағалау,

дескриптор арқылы

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі