Ашық сабақ: Ұстазым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ,тәрбие сағатында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі өнегем»


Мақсаты: Оқушыларды адамгнршілікке тәрбиелеу, үлкенді сыйлау, ұстаздың еңбегін бағалау, әр саладағы ұстаздар уралы мәлімет беру, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілгі: Қанатты сөздер жазылған плакаттар,портрттер, домбыра.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші: Құрметті оқушлар, қонақ ата- аналар, оушылар. : «Ұстазым, менің, ұстазым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: қазақстанда қазіргі Жангелдин ауданының Торғайселосында 1864жылы қазақша- орысша оқытатын тұңғыш мектеп ашылды.

Мектептің ірге тасын қалаған, алаш сабақ берген Ы. Алтынсарин еді.

1- оқушы: Дала қоңырауы.

Қағылды тұңғыш сабақ қоңырауы,

Кластан он төрт бала орын алды.

Мөлдіреп отыр өңшең қара көзер

Кіре алмай сртта қымбат ойын қалы.

Кіре алмай әке қалды ертіп еліп,

Кіруге ұлықсат жоқ тәртіп берік.

Қызық- ау бала жаны ә егенше

Сағынып қалды үй- ішін артық көріп.

Ал, міне келді кіріп ұстазы да,

Толтырып қалам дәптер құшағына,

Келді күлімсіреп әр баланың,

Аяулы әкесіне ұқсады да.


1-жүргізуші:Ұстаздарға қандай құрмет көрсетседе артық емес. « Себебі кім- кімнің де ата- анасынан кейінгі қамқоршысы ұстазы екені шындық» -деп М. Әуезов айтқандай, кейбір ғұламалар ұстаз алдынан өткен және ұстаздарыа мәңгі борыштар екенің болашақ ұрпаққа өсиет ретінде қалдырған. Ұстаз тәрбиесінің қаншалықты биік, әрі қасиетті екенің осыдан- ақ көруге болады

2-жүргізуші: Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз ұстаз болу- сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы -деп ақын жырлағандай, өшпейтін өмірдің өзегі іспетте ұрпақ тәрбиешісі ұстаз жаққан от ешқашан сөнбейді.


2- оқушы: Анадай бесік тербеткен ,

Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.

Суарып біліп – шербетпен

Дүниеден бізге жақсылық ана тілейсің.


1-жүргізуші: Қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы Ш. Уәлиханов өз халқына қызмет етуді әрқашан армандаған. Халқының болашағын аңсаған, тұңғыш білімпазы Шоқанды қазақ халқы зор мақтаныш етеді.






3-оқушы: Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Сумка асынып дәптер- қалам алғаным.

Бір бұрышында сол сумканың жатқаны

Керім сақа, кеңдір баулы қармағым.

Әлі есімде отырғаным партаға

Таңдана кеп үңілгенім картаға

Жайдарлы ашық мұғалима жас қыздың

«Түзу отыр» деп қаққаны арқаға.


1-жүргізуші: Мұғалім мамандығы- барлық мамандық атаулының қайнар көзі, алтын бастауы іспеттес. Ғұлама ғалымды, дарынды ақынды, ержүрек батырды тәрбиелеген ұстаз. Сондықтанда ұстаз алдында бар адам бас имек.


1-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма деп,

Ұстазым оның кілтін ашып берді.

Күн сайын тани бердім даңа әріпті

Сөзден сөз, өйлем құрап сөз қанықты.

Талпынумен қанатым қатайды да

Жаным да сағат сайын жаңарыпты.


4-оқушы: Мейір толы көзіңде, кім сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде, кешіресің кінәмді

Сипадың да басымнан, әліпені ұсындың

Бақытымның осыдан, басталғаның түсіндім.

5-оқушы: Үйреттің ғой сырға толы сезімге,

Жылы тиіп нәзік үнің өзіме.

Жел көтеріп жібергендей ақылмен,

Деп қаламын шабыт көзі өзімде.


1-жүргізуші: Арналады ұстаздарға, құрмет деген ,жыр деген

Біздің елде барма адам ұстаз алдың көрмеген.

Сөз кезегі ұстздарда


1-оқушы: Мелі шарлап теңіз өттің, тау бастың

Мейлі көктің ақ бұлтына жармастың

Сондадағы сен қалмассың көкейден

Сондадағы сені ұмыта алмаспын

Мың рахмет айттым ұстаз сізге

Оқытып білім берген шәкірт бізге

Ұстаздар өмір бойы қарыздармыз

Құттықтап келіп тұрмыз мерекеңе







1- жүргізуші: Тұрғанмен көзге бүгін шат көріне

Қиналған болды талай сәттерде

Айтамыз шексіз алғыс ұстздарға

Ұқсаған бәйге сыйының бапкеріне.

Ұстаздар өнері тамашаланады.



1-жүргізуші: Ұстаздар біздің еркелеу қылығымызды кешіріп, жүрегіңме ұсынған махаббаттарыңызға рахмет. Сіздер жақсылық көшетін отырғызып, аялы бақтың сапалы азаматтары етіп өсірдіңіз. Сіздерге шәкірттік көңілден мың алғыс рахмет.

Бәрі: Сәбилік пәк көңілден мың алғыс сізге ұстаз!


1-жүргізуші: Күллі өмірің жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтамас барма жан

Ол мектептен шықпасад қыс- жазы.

Жемісі оның жер- шарын аралаған.







Қорытынды: Міне біздің бүгінгі ұстаздар күніне арналған «Ұстазым, менің, ұстазым» атты ашық тәрбие сағатымызды қорытындылай келе ұстаздарғаеңбекте табысты болуын, шәкірттерінің алдыңғы қатардан көріне беруіне тілектеспіз.Әрқашанда осындай еліміздің мақтанышы болар шәкірт тәрбиелей беріңіздер демекпіз.Келген қонақтардың бәрінеде көп- көп рахмет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.12.2018
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі