Материалдар / Ашық сабақ Үстеу туралы түсінік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Үстеу туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
үстеуді түсіндірудыің тиім жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
3800
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үстеу туралы түсінік.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік: үстеу туралы толық түсінік беру,білімін тексеру.

 2. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақ барысында  бірін-бірі тыңдайды, жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.

 3. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін,  тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.



Сабақтың әдісі :  

СТО әдіс-тәсілдері,  сұрақ-жауап,шығармашылық іздену. 

Cабақ типі:                              

жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі :        

көркем әдебиет,  слайд,т.б.

Сабақтың барысы :  

1 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі :

      Амандасу, түгендеу,

Топқа бөлу (4 мин)

«Мозайка» әдісі арқылы

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Жіңішке, жалпақ сұрақтар» стратегиясы.

(5 минут)

«Жіңішке, жалпақ сұрақтар» стратегиясы.

1. Тұйық етістіктің жұрнағы қандай?

2.Әрі есім, әрі етістік болатын етістік түрін айт.

3. Қимыл-іс әрекет пен оны жасаушы арасындағы байланыс не деп аталады?

4. –ды, -ді,-ты, - ті жұранғын қажет ететін етістік қай етістік?

5. Тұйық етістіктің жұрнағы неге жалғанады?

6. Есімшенің жұрнақтарын ата.

7. Етіс деген не, оның түрлерін ата.

8. Сабақты, салт етістік деген не?

Жаңа сабаққа дайындық.

« Тірек сөздер»  стратегиясы

(5 минут)

1. « Тірек сөздер»  стратегиясы. (Өлеңдегі асты сызылған сөздерің қызметін анықтау.)

Бала ақырын жүрді.

Жұмыстан соң анам тез келді

Оны бұрын да көрген едім.

Босқа әуре болып жүр екенмін.

Жолдасымнан ілгері озып кеттім.

Аласұрып қайғырып еді. 

(Балалар, біз өткен сабақтарда етістік, оның түрлерімен таныс болдық. Біз етістікпен жан-жақты таныс болдық. Сендер бастауыш сыныпта үстеумен таныс болғансыңдар. Біз енді үстеумен тереңірек танысатын  боламыз.)

Мұғалім:

-Үстеу туралы не білеміз, еске түсірейік?

2. ББҮ 

Білемін Білгім келеді Үйрендім

Ендеше кітаптың бетін ашып Үстеуді оқимыз.

Жаңа сабақ

3 мин

«ДЖИКСО  І» стратегиясы.

















Мұғалім:

Сөйлемде мекен, мезгіл, амалды білдіретін сөздердің бәрі үстеу бола бермейді. Мысалы: Тастан түлкі табылар аңдығанға. Тастан сөзі қайдан? сұрағына жауап бергенмен, ол үстеу емес. Себебі, тастан сөзі шығыс септігіндегі сөз және үстеудің көнеленуінен жасалған.


1-топ:

Үстеу деген...

--------------------------------------------------------------------------------------------------

Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады.

-------------------------------------------------------------------------------------------------

2-топ.

Үстеудің сұрақтары...

---------------------------------------------------------------------------------------------------

Қашан? Қалай?  Қайтіп? Қалайша? Қайда? 

 

----------------------------------------------------------------------------------------------------

3-топ.

Сын есім мен үстеудің айрмашылығын анықта.

Cын есім өзі анықтайтын сөздің алдында келеді және есім сөзбен тіркеседі. Ал үстеу қимыл, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, амалын білдіреді және тек етістікпен тіркесіп отырады.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

4-топ.

Үстеуге  мысал келтіру.

Ескі Еділ ерді көрген бұрын талай.

 


Ой-толғаныс.

(2минут)

«ББҮ» стратегиясының «Үйрендім» бөлімін толтыру.

265 –жаттығуды дәптерге орындау.

Берілген үстеулерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.

(3минут)


264 жаттығу

( 2 минут)

1.  Бірталай, Ара –тұра. Ішін –ара.

2. Кешқұрым. Жалма –жан. Біржолата.

3.Арагідік. Жол –жөнекей. Қоңылтаяқ

4. Жылдам. Қаз –қатар. Бүгін.


  1. Таңертен төрт аяқты, түсте екі аяқты, кешке үш аяқты. (Адамның өмірі)

  2. Түнде бармын,

Күндіз жоқпын.(Ай)

  1. Тақиям толы сөк

Ерте тұрсам, жоқ (Жұлдыз)

  1. Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)


Сергіту сәті (3 минут)

Ерке Есмаханның «Қайда» әні караоке

Бекіту:

«Топтастыру» стр.

«Сәйкестендіру» стр.

3 минут

Берілген  үстеуді сәйкестендір:

емін-еркін                               сөйледі

ақырын                                    отырды

асыға                                        күлді

бірте-бірте                               жүрді 

әрең                                          келді

балаша                                     үйренді

таң сәріде                                 сөйледі


Бағалау 3 минут

«Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау

Үй тапсырмасы

1 минут

159 бет 267 –жаттығу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Кері байланыс 3минут

Екі жұлдыз бір ұсыныс.


 



































Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үстеудің мағыналық түрлері.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпы мақсаттар

Дамытушылық: Оқушылардың үстеу, оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Оларды бір - бірінен ажырата білуге үйрету
Білімділігі: Үстеудің барлық мағыналық түрлерін жинақтап, пысықтату, оларға ауызша, жазбаша жаттығулар орындату, топтық тапсырмалар, тесттер орындату.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ой - өрісін, шапшаңдығын арттыру. Өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа, ізденушілікке баулу. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру


Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту


IҮй тапсырмасын сұрау: Сыныпты 2 топқа бөлемін. "Алғырлар","Зеректер". Үйге үстеудің мағыналық түрлері туралы қайталап, "Мектептегі қызықты күндерім" тақырыбына үстеудің барлық түрін қатыстыра отырып, шағын шығарма жазып келу тапсырылған болатын. Тапсырманы әр топтан бірнеше оқушыға оқытамын. Әр жауап берген оқушыға кішкене жалаушылар беріліп отырады.
II Үй тапсырмасын қорытындылау: "Үстеу" деген сөзжұмбақ арқылы және де өтілген үстеулер туралы қосымша сұрақтар қою арқылы қорытындалаймыз.
1. Үстеудің құрамдық бір түрі (күрделі)
2. Сөз табының бірі (етістік)
3. Үстеудің сұрағы (қайтіп?)
4. Үстеудің мағыналық бір түрі (мөлшер)
5. Сөз табының бір түрі (шылау)
6. Үстеудің сұрағының бірі (қалай?)
7. Ауылда сөзі үстеудің қай түріне жатады? (мекен)
8."Таңертең" деген үстеудің жасалу жолы (бірігу)

Мағынаны тану


Сұрақтар арқылы үстеудің мағыналық түрлеріне шолу жасау:
- Үстеудің мағыналық неше түрі бар?
- Әрқайсысына тоқталып, мысал келтір.
- Бір - бірінен қандай айырмашылықтары бар?
жаттығуларды орындатамын.
ҮІ Жұмбақтар шештіру.
ҮІІ Жұмбақтағы 2 сөзге сатылай - кешенді талдау жасатамын.
ҮІІІ Тест.
Экранда тест сұрақтары көрсетіледі. Оқушылар алдарындағы парақтарға аттарын жазып, тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын ғана белгілейді. Бұның нәтижесі келесі сабақта айтылады.
Тест сұрақтары төмендегідей:
1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) жоғары өрледі Б) қысы - жазы үзілмейді
Ә) ышқына соқты В) ілгері кетті
2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз:
А) былтыр көрген Б) ілгері жылжыды
Ә) тағы да келді В) ән салды
3) Күшейткіш үстеуді табыңыз:
А) тіпті, әбден Б) емін - еркін, әрең
Ә) амалсыздан, босқа В) онша, әжептәуір
4. Сын - қимыл үстеуді табыңыз:
А) қолма - қол жұмсады Б) бірталай отырды
Ә) қасақана кешікті В) ерен еңбек етті
5. Мөлшер үстеуді табыңыз:
А) әдейі, жорта Б) дәл, сақ, нақ
Ә) лажсыздан, амалсыздан В) анағұрлым, неғұрлым
6. Мақсат үстеуді табыңыз:
А) қазір келді Б) босқа кетті
Ә) жорта үндемеді В) сөйтіп, қаннен - қаперсіз
7. Себеп - салдар үстеуді табыңыз:
А) құр босқа бақырған Б) әлгінде келіп кетті
Ә) ендігәрі келмейді В) қыруар әңгіме айтылды
8. Күрделі үстеулер тобын белгілеңіз:
А) биыл, таңертең, жоғары - төмен Б) ертең, шалқасынан, ақырын
Ә) бүгін, жылдам, тез В) ауылда, әдеппен, алға қарай
9. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтарды белгілеңіз:
А) - да, - де, - та, - те Б) - лап, - леп, - дап, - деп
Ә) шама, шеме В) - лық, - лік, - дық, - дік

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

"Қазақстан 2050" Мәңгілік ел тақырыбымен байланыстыру.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

 Бағалау

Бағалау парақшаларын үлестіру

Өзін өзі бағалау

Кері байланыс

 











Сабақ тақырыбы Үстеу туралы түсінік


Жалпы мақсаты
Грамматикалық белгілерін ұғындыру, кестелер арқылы түсіндіру, ұжымдық жұмыс жасау барысында тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты меңгерту

Күтілетін нәтиже

1.Оқулықтағы жаттығуларды орындайды 
2.Шығармашылық тапсырмалармен жұмыстанады.
3 бір-біріне . сұрақтар қояды
4. Ізденеді
5.Талдаудың барлық түрлерін меңгереді
6. Өмірмен байланыстырады

Негізгі идеялар
Грамматикалық белгілерін ұғындыру, кестелер арқылы түсіндіру, ұжымдық жұмыс жасау барысында тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты меңгерту
Ресурстар
Плакат, кеспелер, суреттер, оқулық

Тапсырмалар
Топтық, жеке жұмыс; 
Диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме; сұрақ- жауап;
жауапты толықтыру; топта пікір алмасу; Қызығушылықты ояту.

I. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
1.Сергіту сәті. Сандар арқылы 4 топқа бөлу 
II. Үй тапсырмасын пысықтау Қызығушылықты ояту.
«Жіңішке, жалпақ сұрақтар» стратегиясы. 
1. Тұйық етістіктің жұрнағы қандай? 
2.Әрі есім, әрі етістік болатын етістік түрін айт. 
3. Қимыл-іс әрекет пен оны жасаушы арасындағы байланыс не деп аталады?
4. –ды, -ді,-ты, - ті жұранғын қажет ететін етістік қай етістік? 1. Тұйық етістіктің жұрнағы неге жалғанады?
5. Есімшенің жұрнақтарын ата. 
6. Етіс деген не, оның түрлерін ата. 
7. Сабақты, салт етістік деген не?
III. Жаңа сабақты пысықтау Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады. Қашан? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Қайда? Cын есім өзі анықтайтын сөздің алдында келеді және есім сөзбен тіркеседі. Ал үстеу қимыл, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, амалын білдіреді және тек етістікпен тіркесіп отырады
IV. Топпен жұмыс: жаттығулар орындау. Жаттығу орындату.
283-жаттығу. Үстеуге талдау жасау
284-жаттығу. Үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Жеке жұмыс Сергіту сәті «Суретті сөйлет» ойыны
Деңгейлік тапсырмалар 
A деңгей. Семантикалық кестені толтыр
B деңгей Морфологиялық талдау
C деңгей Мақал-мәтелдерден үстеулерді табу. Үстеулі жұмбақтарды шешу.(екі оқушыға бөліп айту)
1.Қамшы жарасы тез бітер,
Сөз жарасы бітпес.
2.Еріншекке бүгінінен, ертеңі оңай.

1.Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

VII. Бағалау. Суммативті бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. 285-жаттығу











Тақырыбы: Көктем. Үстеу.
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, құрамдық және мағыналық түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету..
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сөздік, тірек сөздер,
Сабақтың көрнекілігі: «Көктем» суреті, сызба, әртүрлі кеспе қағаздары, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Ә) Түгелдеу
2) Кезекшімен сұхбат.
3) Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй жұмысын тексеру.
Жаңа сабақ
Үстеу – іс - әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын, мақсат - себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады.
Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын - қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп - салдар үстеуі.
Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, жазғытұрым келеді, т. б.
Мекен үстеуі іс - әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды - артынан орады, әрі - бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т. б.
Сын - қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын - қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін - еркін отырды.
Сын - қимыл үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама - шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама - шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама - шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.
Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс - әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т. б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйледі, т. б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Мақсат үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т. б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т. б.
Себеп - салдар үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп - салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т. б.
Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең.
Көтеріп жасыл туын көктем келді,
Деміне маужыратып көк пен жерді.
Қарлы тау қаһарлана қараса да,
- Етегін гүлге бөлеп өрнектеді.
- Иә, балалар, көктемнің алғашқы айы – наурыз. Ең тамаша ай. Наурызда күн жылына бастайды. Қар ериді. Жыл құстары келе бастайды. Гүлдер гүлдейді. Ағаштар бүршік жарады. Көктем – жылдың ең әдемі мезгілі.
- Балалар, қандай гүлдерді, құстарды білесіңдер?
- Қарлығаш, қараторғай, бұлбұл, тырна.
- Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, інжігүл.
- Көктемде адамдар не істейді?
- Диқандар жер жыртып, егін егеді. Бау - бақшаға жеміс ағаштарын отырғызады.
Сурет бойынша жұмыс.
Көктем.
Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады. Өзендерде сең жүре бастайды. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады. Жыл құстары келе бастайды. Жер беті гүл - бәйшешекке бөленеді.
Көктемде шаруа жұмыстары басталады. Бақшада егін егіледі, мал төлдейді. Көктем мезгілі сондай тамаша!
Оқулықпен жұмыс
Кесте бойынша жаңа сөздерді қатыстырып, диалог құраңдар және өзара сөйлесіңдер.









Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Үстеу. Үстеу түрлері.
Мақсаты мен міндеттері:
1. Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; үстеу, үстеу түрлері туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарының сұрақтарын білу қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: кесте, суреттер
Әдіс - тәсілдер: жұптық, топтық, СТО стратегиялары.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту. Суреттер арқылы сөздік диктантын жазу. Суретте берілген заттарды атап, дәптерге жазу.
Каллиграфиялық минут
Мағынаны тану.
Кеше ертең қыстыгүні қыста тез қазір
- сөздерге сұрақтар қой.
- олар нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
Ереже: іс - әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейді. Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға жауап береді: Кемел кітапты тез оқиды. Алмас қазір келді. Түнде қар жауды.

Кубизм стратегиясы.
1 жаттығу. Мен бүгін ауылға жүремін. Жолаушылар ілгері жүріп кетті. Қарлығаш төмен ұшса, жаңбыр жауады. Үсен әдейі үндемеді. Айдын айтқанды тез ұғады.
1. Сұрақ қой.
2. Түсіндір.
3. Байланыстыр.
4. Дәлелде.

Әдебиет үйірмесі.
1. Зерттеуші тобы.
2 жаттығу Былтыр, күндіз, төмен, кенеттен, кезде, жорта, жоғары.
- Сөздерді етістіктермен тіркестіріп жаз, оларға сұрақ қой. Олар іс - әрекеттің қандай белгісін білдіріп тұрғанына назар аудар.
7 жаттығу мәтін бойынша жұмыс
Ереже бойынша жұмыс жүргізу.
2. жазушылар тобы.
9 жаттығу берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.
Бүрсігүні, бұрын, күні бойы, таң сәріде.
3. Дәнекер. Үстеуді пайдаланып мақалдар құрастыр.
Ой толғау.
3 жаттығу ребусты шеш (өзіндік жұмыс)
4 жаттығу жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.

- Үстеулерді тауып, үстеу екенін дәлелде:
Іс - әрекеттің мезгілін (мекенін, сын - қимылын) білдіреді.
Бұл – үстеу, өйткені қалай?(қашан? қайда?) сұрағына жауап береді.
Үйге тапсырма: ережені пысықтау. 5 жаттығу.
Бағалау.









Сабақтың тақырыбы: Үстеу туралы түсінік

Білімділік мақсаты: Үстеу білдіретін ұғымды өз беттерімен жинақтауға талпындыру,әрекеттендіру, іздендіру, ой қорытуға жеткізу;

Тәрбиелік мақсаты: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, ұлттық қасиетке баулу;

Дамытушылық мақсаты: Теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу

Пәнішілік байланыс: Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, слайдтар, венн диаграммасы, кесте.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру (сәлемдесу);

II.Үй тапсырмасын тексеру (1 сұраққа 1 жетон беріп отыру)

Оқушылар, өткен сабақта қандай тапсырма берілді?

Өткенді еске түсіру мақсатында мына сұрақтарға жауап берейік (сөзжұмбақ шешу)

Оқушылар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Ретімен атаңыздар  (кесте пайдалану)

Осы сөз таптарының қайсыларымен таныссыздар, қайсылары таныс емес? (таныс еместерінің астын сызу,кесте мен сөзжұмбақтан шыққан үстеу сөзіне назар аударту)

III.Жаңа сабақ.

Балалар, олай болса, біздің бүгінгі күні өтетін тақырыбымыз - үстеу сөз табы.

Мақсатымыз - үстеу туралы жалпы түсінік алу. Дәптерлеріңізді ашып, күннің жадын, тақырыпты жазыңыздар (жаңа сабаққа қатысты слайдтарды ашу; жаңа сабақ бойыншаоқушыларға ескерту; жаңа сабақты баяндамас бұрын, мына мысал сөйлемдергеқараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, көркем фильмінде көріп жүрсіздер.

(Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа») Қожаның қай сәтінен мысал сөйлемдер жазылған?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз.(сөз табына талдату,таныс емес сөз табын табу)

1.Қожа сөмкеге бақаны лезде салды.  (сын-бейне)

2.Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не мақсатпен? мақсат үстеуі)

3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды. (неге?себеп-салдар үстеуі)

4. Қожа сөмкеге бақаны салып,кейін кетті. (қайда?мекен үстеуі)

5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. (қашан?мезгіл үстеуі)

6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. (қаншалықты?мөлшер үстеуі)

7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды. (қандай?күшейткіш үстеуі)

Не байқадыңыздар, оқушылар?

1.Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұр? (етістік)

2.Үстеулер дегеніміз не? Етістіктің,яғни қимылдың,іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін,сипатын,жай-күйін білдіретін,өзгертуге,грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе бермейтін сөздер.

3.Түрленбейтіндігін мысалдағы лезде үстеуімен дәлелдеу.(жалғаудың түрлерін сұрау)

Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгерту.(жетон арқылы бағалап отыру)

I деңгей. Кітаппен жұмыс (269,271-жаттығу)

Сұрақ қою арқылы үстеулерді табу;

269-жаттығу

Биыл - қашан алғаны? (мезгіл)

Жартылай - қалай көшіп? (мөлшер)

Айқара - қалай асып? (сын-қимыл)

Жорғадайын - қалай шайқала? (сын-қимыл)   жылқының  4 аяғын тең басып, ырғатыла,тайпала басқан жылқы жүрісі

Арагідік - ара арасында

271-жаттығу

Бүгін - қашан аттанған? (мезгіл үстеуі)

Таңертең - қашан аттанған? (мезгіл үстеуі)

Әдеттегіден - қашанғыдан жым - жырт екен аңғарыпты? (мезгіл үстеуі)

Қазір - қашан ойлап отырса? (мезгіл үстеуі)

дәл сол мезетте - қашан сілейіп қатып қалса керек (күшейткіш)

II деңгей.  Мақал-мәтелдерден үстеулерді табу.Үстеулі жұмбақтарды шешу.

1.Қамшы жарасы тез бітер,

Сөз жарасы бітпес.

2.Еріншекке бүгінінен, ертеңі оңай.

3.Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

4. Қатты жауған күн

Тым тез ашылады.

Жұмбақтар шешу.

1.Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

2. Күндіз қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Бекіту мақсатында

III деңгей   Тест жұмысы (5 сұрақ)

IV.Бағалау: (жетон санын, тест ұпайын ескеру арқылы)

V.Үйге тапсырма: Үстеулер туралы оқып келуге 270- жаттығу  (түсіндіру)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!