Материалдар / Ашық сабақ "Ұзындықты өлшеу" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ұзындықты өлшеу" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында қолдана алады. Менің сабағым жас мұғалімдерге көмек ретінде септігін тигізеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
5799
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар Математика

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Шамаларды өлшейміз.»

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: «Бірінші қалалық жалпы білім бретін лицей»

Мұғалімнің аты-жөні: Канапина Г.К.


Қатысқандар саны: 21


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ұзындықты өлшеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.3.1 ұзындық өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшемдер жүргізу.

1.1.3.2 өлшем бірлігі см/дм қолдану арқылы шамаларды өлшеу

1.1.3.3 **ұзындықтың:см, дм/ шама мәндерін салыстыру

және шама мәндеріне қосу және азайту

1.1.3.4 ұзындық өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ұзындық шамаларын ажыратады және өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды; ұзындық өлшем бірліктерін біледі, жазады.

Көптеген оқушылар: сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшейді.

Кейбір оқушылар: Логикалық тапсырмаларды орындай алады.

Бағалау критерийлері

-Ұзындық шамаларын ажыратады.

- ұзындық өлшеу құралдарын дұрыс таңдайды.

-ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем

бірлігімен жазады.

-ұзындық өлшем бірліктерін (см, дм) олардың арақатысына сүйеніп түрлендіреді

Тілдік мақсаттар


Өлшегіш, сантиметр, дециметр

Құндылықтарды дарыту



Жұпта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өзара сыйластыққа, басқаларды естуге және тыңдауға тәрбиелеу.

Оқу құралдарын ұқыпты ұстауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, карточкалар.

Бастапқы білім


Ауызша есептеу. 10-нан 20-ға дейін тура және кері санау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин


  • Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр. Кәне, қонақтарға сәлем берейік және өзімізді тату жұмыла жұмыс істей алатынымызды көрсетейік.


Психологиялық ахуалды тудыру

Сіздердің парталарыңның үстінде қызғылт, жасыл және сары жұлдызшалар жатыр.

Жасыл – көңіл –күйіңіз тамаша екенін білдіреді.

Қызғылт- көңіл күйіңіз жақсы екенін білдіреді.

Сары- көңіл-күйіңіз жоқтығын білдіреді.


(Партаның қасында тұрады, қонақтарға бұрылып бастарын изейді.)




Кызғылт, жасыл және сары жұлдызшалар


Слайд № 2


Математикалық разминка

Ауызша есептеу

Мақсаты:

- сандық қатармен жұмыстар орындау барысында нумерацияны білуге негізделген, білімдерін және дағдыларын тексеруді ұйымдастыру.


1) 10 –нан 20-ға дейін тура және кері санау.

2) Түсіп қалған сандарды ата.

13 ? 15; 17 ?? 20; 11 ? ? 14.

3) Ауызша есептеу. (+1 және -1). (Мұғалім сандарды атайды, балалар келесі санды және алдыңғы санды атайды)

15, 17, 19, 13, 11 (+1) Сандарға 1-ді қосамыз.

13, 18, 15, 20, 12 (-1) Сандардан 1-ді азайтамыз.

Слайд №3


3) Проблеманы тану

Мақсаты:

- геометриялық фигуралар туралы білімінің өзектілігі

- сабақ тақырыбын ашу

Бүгін сабақта Сіздер жұппен жұмыс жасайсыздар. Жұппен жұмыс жасауда 3 Ережені еске түсірейік.

1) Тыңдай білу ….

2) Сыйлау …

3) Келісу…

Ұжымдық жұмыс

- Экранға назар аударыңыздар

- Осы фигураларды атаңдар. (Түзу, қисық сызық, кесінді, тіктөртбұрыш).

- Қандай фигураларды өлшеуге болмайды?

Жауап: Түзу, қисық сызықты- өлшеуге болмайды, өйткені олар шексіз; ал кесінді мен тіктөрт бұрыштың ұзындығы бар, сондықтан өлшеуге болады.

- Ендеше осы геометриялық фигураларды 2 топқа бөлуге бола ма?

Жауап: 1-топ Ұзындығын өлшеуге болады

2-топ Ұзындығын өлшеуге болмайды

Қандай құралдардың көмегімен ұзындықты өлшеуге болады?


Жауап: ұзындықты сызғышпен, рулеткамен өлшеуге болады.












Слайд № 5







Слайд № 6



- Балалар Ұжыммен жұмыс жасайды. Фигураларды топтайды және түсініктеме





Слайд № 7



4) Ширату жаттығуы:

Назар аудартуға арналған жаттығу

- Экранға назар аударыңыздар. Суретте не көріп тұрсыздар? Ал енді суретті анықтап қарап, естеріңе сақтап алыңыздар. Мен 10 секундтан кейін суретті жауып тастаймын, ал Сіздер осы суретті геометриялық фигуралардан құрастыруларыңыз керек.





Жұптық жұмыс. (Бірге құрастырады)DrawObject1







(Слайд бойынша текеру № 10)



Слайд № 8
















Геометрия-лық фигуралар



Шығарып көр.

Жұптық жұмыс. (1 оқушы үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлшейді, ал 2-оқушы қағазға өлшемін жазады.)

-Суретте неше үшбұрыш бар?

Тапсырма

-Ең үлкен үшбұрыштың қабырғаларын өлше.

Жауабы:

Ең үлкен үшбұрыш –қызыл түсті. Оның қабырғалары-3 см, 7 см, 8 см.

- Қандай ұзындық өлшем бірлігінің көмегімен Сіздер үшбұрыштың қабырғаларын өлшедіңіздер?

Жауап: сантиметр

-Осы өлшем бірлігін пайдаланып нені өлшеуге болады?

Жауап: жазық фигуралардың ұзындықтарын өлшеуге болады.

Бағалау: Өзара бағалау «Қол алысу»

Оқушылар міндеттерді бөліп алады. (Біреуі –өлшейді, ал екіншісі- карточкаға жазып отырады. )







Слайд № 11



Сабақтың ортасы

35 мин


Практикалық жұмыс жүргізіп көрелік.


5) . Іс-әркет тәсілі арқылы жаңа білімді қалыптастыру.

Мақсаты:

- ұзындықтың жаңа өлшем бірлігімен танысу;

- объектілерді өлшеу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.

-өлшеуіш құралдардың бөліктері бойынша ұзындықты өлшеу.


Жұптық жұмыс.

Жұппен жұмыс жасауда 3 Ережені еске түсірейік.

1) Тыңдай білу ….

2) Сыйлау …

3) Келісу…

Өзіндік жұмыс

-Сіздердің парталарыңның үстінде 2 өлшем жатыр. Алдымен көк өлшеммен оқулықтың ұзындығын өлшеп көріңіздер. Біреуі өлшемді оқулыққа беттестіріп, ұзындығын өлшейді, екіншісі саусағымен шекарасын белгілеп отырады.

-Ыңғайлы ма? (жоқ)

- Не істейміз? Ойланыңдар. – Тез өлшеу үшін өлшем қандай болуы керек? (үлкенірек)

- Енді қызыл өлшемді алып, тағыда осы тапсырманы орындап көріңіздер - Оқулықтың ұзындығын қызыл өлшеммен өлшеп көріңіздер

- Ыңғайлы ма? (Ия)

- Нені байқадыңыздар? (тез орындалды)

- Неге тез орындадыңыздар ? (өлшем үлкенірек)

-Кане балалар, екі өлшемді беттестіру арқылы салыстырып көріңіздер. (1 см-лік пен 1 дм-лік)

- Ұзын өлшемге 1 см-лік өлшемнен қанша кішкентай өлшем салуға болады екен? (10 рет салуға болатыны туралы қорытындыға келеді)

- Бұл қандай өлшем? Сызғыштың көмегімен өлшеп көріңіздер.

Неше сантиметр болды? ( 10 см)


Слайд № 12






























(Көк өлшем және қызыл өлшем) (Кіші өлшеуіштің ұзындығы – 1 сантиметр.)



Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Қолымызды созайық.

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Иғымызды жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


Слайд № 13



































































































































































Сабақтың қорытындысы


Ұжымдық жұмыс. Осы өлшем қалай аталатынын мына жасырынған сөзді шешу арқылы, тауып көрелік. Сөзді табу үшін, берілген мысалдарды шешіп, әріптерді сәйкес жауаптың астына қою керек.

10+8

12+2

11+5

15-5

17-5

13+6

10+1

р

е

и

ц

м

т

д



11

14

10

16

12

14

19

18

д

е

ц

и

м

е

т

р

- Ал енді хормен бәріміз берге оқиық! – Қандай сөз шықты? ( ДЕЦИМЕТР)

-Ал, балалар сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: ДЕЦИМЕТР.

Сабақтың мақсаты:

- Бүгін сабақта Сіздер сызғышпен қарындаштың көмегімен дм арқылы кесіндіні өлшеп, салуға үйренесіңдер. Жұмыстарды үлгімен салыстыруға, нұсқау бойынша жұмыс істеуге, қорытынды шығаруға үйренесіңдер.

- үйренген ұзындық өлшем бірлігін оқуға, жазуға салыстыуға, түрлендіруге үйренсіңдер (см-дм);

- Адамдар кесінділерді және үлкен заттардың ұзындығын өлшеу үшін осы өлшем бірлігі– дециметрді . ойлап тапқан.

ДЕЦИМЕТР.

(Экраннан өлшем бірлігі жазылған слайд шығады.)

Ендеше, үлкен өлшем - 10 см-ге тең. 10см = 1 дм

Қысқаша дециметр – «дм» деп белгіленеді.)




ВИДЕО Слайд № 15 , 16


- 1 дм дегеніміз не?

1 дм = 10 см құрайды

10 см = 1 дм құрайды

10 бірлікті-ондық деп, ал 10 см-ді 1 дм деп атаймыз.

  • Олардың арасында қандай байланыс бар және несімен ортақ деп ойлайсыңдар?

(Ондық-санаудың ірі бірлігі, ал дециметр-ұзындықты өлшеудің ірі өлшемі)

- Ұзын кесінділерді өлшеу үшін ірі өлшем бірлік-дециметрді қолдану керек.

Ереже:
Кесіндінің ұзындығын сызғыштың көмегімен өлшеуге болады. Ол үшін кесіндінің ұшын сызғыштың 0 санымен дәл келетіндей етіп орналастырыңдар. Сызғыштағы кесіндінің екінші ұшына сәйкес келетін сан кесіндінің қзындығын көрсетеді.



7). Дәптермен жұмыс. Қалыптастырушы бағалау


Тапсырма №1 а)

А) Ұзындығы 1 дм-ге тең кесінді сызыңыздар.


Слайд№18 ВИДЕО


Тапсырма №1 б)

Ұзындығы 12 см кесінді сызыңыздар.

(Оқушылар тапсырманы өзіндік орындайды.)

ӨDrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 зара тексеру және мұғалім тексереді. Бағалайды. (Жұлдызшаларлы бояйды)



- 10-см-ден артық өлшеулерді дециметр мен сантиметрге қалай айналдыруға болады?

12 см – бұл қанша дм және см? (1 онд. См немесе 1 дм және тағы 2 см)

-Кесіндінің ұзындығы қанша см?

-Оны үлкенірек өлшем бірлік дм-ге қалай айналдыруға болады? (Себебі 10 см 1 дм-ге тең. Олай болса, 12 см –бұл 10 см және 2 см болғандықтан былай жазуға болады)

- Қалай жазамыз? (Тақтада оқушы жазады: 12 см = 1 дм және 2 см)

12 см = 10 см + 2 см =1 дм + 2 см)

Өзара тексеру және мұғалім тексереді. Бағалайды. (Жұлдызшаларлы бояйды)


Оқулықпен жұмыс 119 бет. Жеке жұмыс

Тапсырма№ 3 .

Ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендір:

15 см = ? дм ? см 1 дм 1 см = ? см

19 см = ? дм ? см 1 дм 4 см = ? см

16 см = ? дм ? см 1 дм 7 см = ? см

18 см = ? дм ? см 1дм 0 см = ? см

Қалғандары дәптерде жұмыс жасайды.

Өзара тексеру. Бағалау «Үш шапалақ»

Ал енді жұппен жұмыс істейсіңдер. Тек жұппен жұмыс істеуде 3 Ережені естен шығармаңдар.

1) Тыңда ….

2) Сыйла …

3) Келісу…

Практикалық жұмыс

өзін-өзі тексерумен. Жеке жұмыс.

Мақсаты: өтілген материалды бекіту үшін оқушылармен өзіндік жұмысты орындауын ұйымдастыру. Өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру.



Тапсырма № 4.

1-вариант- Жаңа өлшем бірлігін пайдаланып, оқулықтың ұзындығын өлшеңіздер.

2-вариант- Жаңа өлшем бірлігін пайдаланып, оқулықтың енін өлшеңіздер.


- Не шықты?

Нәтижесін карточкаға жазады және слайдтан тексеріледі.

(Слайд бойынша текеру №26 )

Өзара тексеру және мұғалім тексереді. Бағалайды. (Жұлдызшаларлы бояйды)


Тапсырма №5.

Жұппен жұмыс.

Ұзындығы 2 дм болатын жіпті қиып алыңыздар. (Оқушылар тапсырманы оқиды)

- Не істеу керек?

- Жіпті қанша дм қиып алу керек?

- Қазір жұппен жұмыс істейміз. Бірі жіпті ұстап тұрады, ал екіншісі жіптен 2 дм өлшеп алып, қиып алады.

- 2 дм қанша см бар?

- Слайд бойынша тексеру Слайд № 28 .



«Дұрыс жауабын тап»

Жауабын «ия» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет.



Ия

Жоқ

1

Кесіндінің ұзындығын сызғышпен өлшеуге болады.

+


2

Дециметр - масса өлшем бірлігі


+

3

10 сантиметр 1 дециметрді құрайды.

+


4

Заттардың ұзындығын дециметрмен анықтауға болады

+


5

Дециметр ұзындықтың ең кіші өлшем бірлігі


+

6

Заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға болады.

+











Слайд № 14



Балалар мысалдары шығарып, жасырынған сөздің табады.






























Слайд № 15, № 16










Қарындаш, дәптер, оқулық



















Слайд № 17





Слайд№18

ВИДЕО





Слайд№19




DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5




Слайд№21

























Слайд №20






























DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8


Бағалайды. (Жұлдыз-шаларлы бояйды)



Слайд №25














Слайд №27


жіп, қайшы





Слайд №29









Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия. «Жұлдызша» әдісі

Өзіңіздің қаншалықты түсінгеніңізге сәйкес келетін жұлдызшаны таңдаңыз.Сіздердің көңіл-күйлерін қандай екен? Тамаша! Жарайсыңдар!


Жұлдызшалар


Слайд №30









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!