Материалдар / Ашық сабақ Василий Сухомлинский. " Ақ шаш."

Ашық сабақ Василий Сухомлинский. " Ақ шаш."

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ өз шығармашылығыммен құрылған. Бұнда қалыптастырушы бағалау арқылы білім алушылардың деңгейін саралау, сабақтың мақсатын, тақырыбын болжау үшін тапсырмалар беріледі. Сол арқылы болжайды. Топтық, жұптық жұмыстарды өткізу,дескрипторларды құру, сол арқылы бағалау жолдары көрсетілген. Сонымен қатар мақсатпен жумыс жасау,сол арқылы кері байланыс жасау көзделген.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Василий Сухомлинский.

Ақ шаш.

Мұғалімнің аты-жөні:Мусағалиева Аякөз

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны: 22


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1. Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау\ үзіндісін мазмұндау\.

Бағалау критерийі.

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Шығарманы өз сөзімен мазмұндай алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Дайын жоспар арқылы шығарманың мазмұнын бөліктері бойынша жүйелеп айта алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақ нәтижесінде.

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Құттықтау хаттары арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

-Салем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Қуаныштымын. (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(шапалақтау)

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Үй тапсырмасын тексеру.

Жоспар бойынша мазмұндау.(топтық жұмыс)

  1. Әкенің өтініші.

  2. Зейнетақы алған күн.

  3. Дүкенде.

  4. Әжекем.

Осыдан болжау арқылы сабақтың мақсатын шығару.

Қызығушылығын ояту.

"20 сұрақ" әдісі

Ана деген сөзді табу.

Тақырыпты болжау.



Құттықтау хаттары арқылы топтарға бөлу.









Тренинг.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

"Ақ шаш"мәтінді оқу, түсіндіру.

"Саяхаттаушы ақпарат" әдісі арқылы

Жоспар бойынша мәтін бөліктерін табады.

1. Мишаның байқампаздығы.

2 Ананың жауабы.

3.Мишаның анасына деген мейрімі.

Топтан біреуі оқиды, ақылдасып мазмұндап айтып береді.

Дескриптор:

- Жоспар бойынша мәтін бөлігін таба алады.

- Мәтінді мәнерлеп оқи алады.

- Ойын жүйелі жеткізе алады.

Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.

Акросөз.

А-

Н-

А-

Ш-

Ы-

М






Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут



Қолдану

ҚБ " Бір уыс мақта"

2.1.2.1. Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау.\ үзіндісін мазмұндау\

Бағалау критерийі: Білім алушы. Мәтіннің үзіндісін өз сөзімен айтады.

Тапсырма.

Мәтінді мұқият тыңда. Бір уыс мақта

Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отырғанда, шешесi қасына отырып, ақыл айтады:

- Балам, дүниедегi жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – дейді. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз киiмді жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастайды да:

Апа, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қоймас, – дейді.

Шешесi:

Балам, ол да жерде қалмайды, – дептi.

Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырады. Мұны бiр торғай тұмсығымен қағып алып, ұшып кетедi. Қыз апасынан:

Мақтаның қиқымын бiр торғай іліп алып кеттi, оны не қылады? – деп сұрайды.

Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келе қалғанын. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дептi.

Ы. Алтынсарин)

Кез келген суретті таңдап ал. Мәтіннің суретке сәйкес бөлігінің мазмұнын айт. (Әр топ таңдап алады.)



Дескриптор: − мәтіннің үзіндісін өз сөзімен мазмұндайды;

- сурет пен мәтін бөлігін сәйкестендіре алады.









Жеке жұмыс.























Топта талдап,мазмұндайды.

Әр топ бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Мен қазақпын.

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Анаңды қуанттатындай 5 сөз жаз.

Shape1

Shape2 Shape3


Shape4


Shape5

Shape6

Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау


5 минут





Кері байланыс

3 минут

Өздерін өздері бағалайды.



Кім қандай дәрежеде бүгінгі сабаққа түсінді немесе қатысты пайызға барып тұрады.

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Оқушылар əртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жеке орындайды, кейіннен қиынырақ тапсырмаларды тексеру фронталді түрде жүргізіледі. Қабілеттірек оқушылар бірінші

болып тақырыпты, мақсатын, зерттеу болжамсын тұжырымдайды. Қабілеттірек оқушыларға жоспарға сүйенбей, əңгіме құрастыруға мүмкіндік беру.

Бақылау жəне назар аудару.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Өз бетіндік жұмысты, зерттеуді орындау деңгейін қадағалау.


Оқыту іс-əрекеті барысындағы сұрақтар.


Əрбір оқушыға кері байланысты жəне қамқорлықты қамтамасыз ету.

Оқушылардың жұмыстарын (тапсырмалар)

қарай отырып.


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

АКТ , музыка,ӨӨТ

Құндылықтар: үлкенді, ананы сыйлау,құрметтеу.Біреудің пікірін тыңдай білу, ұйымшылдық.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Үй тапсырмасын талдау арқылы білім алушылар сабақ мақсатын өзі шығарды және тақырыптың ана туралы болатынын болжады. Сабаққа қызығушылықтары өте жоғары болды. Сабақта сыни ойлау жағына көп көңіл бөлдім. Сұрақтарды солай қарай бағыттадым.Жоспарланған жұмыстың бәрі үлгерілді.Оның бәрі кері байланыста көрінді.Сабақ құрылымы өз шығармашылығым.





21 Желтоқсан 2017
763
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі