Ашық сабақ "Уақыттың бірліктері және үлестер. Уақыттың үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер." 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Уақыттың бірліктері және үлестер. Уақыттың үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер." 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
№1 Секундпен: жылмен: сағатпен: аймен: 3мин=180с 2 ғ= 200 жыл 2тәул=48сағ 6жыл=72ай 8мин=480с 5ғ= 500 жыл 5тәул=120cаг 2жыл 10ай=34ай 7мин 4с=424с 6ғ 2жыл= 602 жыл 3таул 10саг=82саг 4жыл 11ай=59ай 9мин 40с=580с 7ғ 30жыл= 730 жыл 4таул 21саг=117саг 6 мин 17с=377с 4ғ 48жыл= 448 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

Уақыты: 02.10.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың тақырыбы

Уақыттың бірліктері және үлестер. Уақыттың үлесін табуға берілген есептер және оларға кері есептер.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты: оқушылардың уақыт бірліктері және олардың арасындағы қатынас туралы көзқарастарын нақтылау; атаулы сандармен амалдар орындау дағдыларын, сандардыәртүрлі өлшем бірліктермен өрнектей алу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: есептеу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: сағат

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: жаппай жұмыс.

  • Үш аптада қанша күн бар?

  • 2 жарым сағат қанша минутты құрайды?

  • 2 сабақ қанша минутқа созылады?

  • Жазғы каникул қанша аптаға созылады?

  • Қайсы айда ең аз күн бар?

  • Ақпан айы 29 күнге созылатын жыл қалай аталады?

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

1. Түсіндіру, еске түсіру, қайталау.Ауызша уақыт өлшем бірліктерге орындау.

1 ғасыр = 100жыл 1 тәулік = 24 сағат

1жыл = 12ай = 365 (366) тәулік 1 сағат = 60 минут

1ай = 30 немесе 31 тәулік (ақпанда 28 немесе 29 тәулік) 1 минут = 60 секунд

1 апта = 7 тәулік 1 сағат = 3 600 секунд








Тәулік бойынша түсінік беру

1

Секундпен: жылмен: сағатпен: аймен:

3мин=180с 2 ғ= 200 жыл 2тәул=48сағ 6жыл=72ай

8мин=480с 5ғ= 500 жыл 5тәул=120cаг 2жыл 10ай=34ай

7мин 4с=424с 6ғ 2жыл= 602 жыл 3таул 10саг=82саг 4жыл 11ай=59ай

9мин 40с=580с 7ғ 30жыл= 730 жыл 4таул 21саг=117саг

6 мин 17с=377с 4ғ 48жыл= 448 жыл


2

102с=2мин 120мин=2сағ 48сағ=2тәул 24ай=2жыл

180с=3мин 180мин=3сағ 72сағ=3тәул 60ай=5жыл

240с=4мин 300мин=5саг 96саг=4таул 48ай=4жыл

300с=5мин 360мин=6саг 84ай=7жыл


4

А) Ш: 60:5=12 Ж: 60мин = 1 бөлігі 12минутты құрайды.

5

Ә) Ш:20х3=60 Ж: 1 бөлігі 20минут болса, барлық уақыт 60 минутты құрайды.

3

5,6,7. ауызша орындау

8 ауызша орындау

22-наурыз,

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ол Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1]

Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды.

20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi.

9

8500 850 4 1000

85х100:10-50=800 4000:(730+270):2=2 2999+1=3000

27000 2 1000

27х1000+30=27030 2000:(567+433):2=1 27000-1=26999

7500 750 1000 5000

500+75х100:10=1250 (348+652)х5:500=10 67799+1=67800


Сергіту сәті

Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Бетіңді жушы,
Қолыңды сүртші,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1 мин – 5 л қан айналдырса

1 сағ - ? л қан айналдырады

1 тәул - ?

Шешуі: 1 сағ = 60 мин 60 х 5 = 300л

1 тәул = 24 сағ 24 х 300л = 7 200л 

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасы

Оқылықтағы тапсырмаларды орындау

9. 47-бет


Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады









Қазақ тілі

Уақыты: 02.10.2017

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың атауы

Мазмұндама

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау


Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Арыстан мен қозы

Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеліп тастады. Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына,оның жанына жақын барып, үсті-басын иіскелеп, мазасын алады. Арыстанды өзімнің енем деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы жас қозыны бас салып жеудің орнына, аңқиып тұрып қалды. Ал қозы болса,одан әрі еркінси, сүйкеніп тоқтар емес, қайта оған жабысып, жақындай түсті.

Айбатты арыстан жас қозының сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай тәкаппар ұлылықпен, әрі іштей бір бейкүнә жылылықпен қайта-қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті.

(Леонердо да Винчи)

Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: иіскелеп, мазасын алады, аң патшасы, еркінси, жабысып, жақындай, айбатты, тәкаппар ұлылықпен, бейкүнә.

Жоспары:

1. Арыстан торындағы қозы

2. Арыстанның таңданысы

3. Сүйкімді сәби қылық

4. Бейкүнә жылылық.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс


Бүгінігі сабақта не істедік?

Арыстан не істеді?

Үй тапсырмасы

Қайталау ,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.



Әдебиеттік оқу

Уақыты: 02.10.2017ж

Кабинет:104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың атауы

Ертегілер. Сатқын жапалақ.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Сабақтың мақсаты: ертегі туралы түсінік беріп, ертегі мазмұнын ұғынып, ой түйін шығару.

Міндеттері: - халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;

  • ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: тізбектеп оқу, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: жеке сурет, ребус

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға ребус беріледі, ребустың жауабынан шыққан сөз туралы не білетіндігін сұрау арқылы жаңа сабаққа кірісеміз.

Мағынаны тану

Сүлеймен патшаның сарайы неден салынсын дейді?


DrawObject2 DrawObject1 DrawObject3

СDrawObject4 үлеймен патшаның сарайы

DrawObject5


Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.







02.10.2017ж. Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар.

Мақсаты: Қозғалмалы ойындар ойнату. Дене шынықтырудың пайдасы мен маңыздылығын ұғу.Салауатты өмірге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтары: спорт алаңы.

Әдісі: түсіндіру,ойын, жаттығу.

Сабақтың мазмұны

Жүктеме

Әдістемелік нұсқаулар

1

Дайындық бөлімі-минут

10-15 мин



Сыныптысапқа тұрғызып,мәлімдеме қабылдап, сәлемдесу.Орнын- да н/е қозғалыста саптық жаттығулар жасау. Мысалы: (оңға,солға, айнала бұрылулар,бір саптан екі үш саптарға тұру,орында тұрып аяқ басу,т.б.) Орташа екпінмен спорт алаңынан 5-6 айналым жүгірту. 3-4 қатарға тұрып жалпы дамыту жаттығуларын жасату.


Денсаулығын, спорттық киімінің тазалығын тексеру.


Жалпы дене жаттығуларын бір орында орындау




-Аяқ алшақ, қол белде. Басты оңға, солға айналдыру.

3-4 рет

Көзді жұмбау.


- Қол иықта. Қолды артқа айналдыру.

4 рет



- Қол желкеде. Денені оңға 1-2, солға 3-4.

4 рет

Денені тік ұстау.


- Қол кеуде алдында 1-2 қолды бүгіп артқа, 3-4 оңға бұрылып сілтеу.

4 рет



- Қол белде. Белді оңға, солға айналдыру.

6 рет



- Аяқ бірге, қол алда, 1.оң аяқты сол қолдың ұшына, 2. сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу.

4 рет

Тізені бүкпеу.


-Қол белде. 1.отыру қол алда, 2.тұру қол белде.

4 рет



-Қол белде. 1.қолды көтеріп артқа шалқаю, 2. еңкейіп қолды еденге тигізу.

3 рет


2

Негізгі бөлім:-минут

20-25 мин.

Мұқият, зейін қойып тыңдау.


- «Қуып жет!» ойыны.




-«Қызыл ту» ойынын ойнату




Арнайы дене жаттығуларын жасату:




- Қимылды ойын ойнату арқылы жаттықтыру.




Қорытынды бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты қорытындылау.Тыныс алу жаттығуларын жасату.

5 мин



Мадақтау.Бағалау.


Кемшілігімен,жетістікте-рін айта отырып бағалау.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі