Ашық сабақ Ыбырай Алтынсариннің " Мақта қыз бен мысық" (ертегісін сахналау)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ыбырай Алтынсариннің " Мақта қыз бен мысық" (ертегісін сахналау)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша және шақын орталық тәрбиешілеріне көптен көп көмегі тиеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 29.11.2017 ж.

Білім беру саласы: «Камуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту, Драма

Тақырыбы:Мақта қыз бен мысық(ертегісін сахналау)

Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту.Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы.

Сөздік жұмысы: тарих; ұлт ;дәстүр ;

Билингвалды компонент:мысық -кошка; сиыр- корова; тышкан- мышь; Қызыл- красный, қара- черный, ақ –белый, жасыл- зеленый,сары- жёлтый,көк- синий.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!

Тыңдайды.




Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру- іздестіру

-Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?

Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Тәрбиеші:

- Балалар сонымен қоса мен бүгін өзімнің сиқырлы шапанымды киіп келдім. Бұл шапанныңда бізге көмегі тиіп қалар.

Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады..
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.


Мақта қыз Дария айтады.


- Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.


- Мысығын шақырады, мысық келмейді.


- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп мейізді қыз жеп қояды.



-Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.





- Мақтағыз мысықтың құйрығын кесіп алады.


- Мысық жылап отырып қалады.


Тәрбиеші:

- Балалар біз мысыққа көмек тесекпе?

-Қатықты қайдан аламыз?

-Ендеше сиқырлы шапанның астына кірейік, тезірек сиырға жетейк. (мысықты ертіп шапанның астына кіреміз)
- Балалар біз сиқырлы шапанның көмегімен өзге елге түсіп кетіппіз.

- Жаңа Зеландия астанасы -Веллингтон қаласы.Әр елдің салтымен, дәстүрі басқа демекші,Жаңа Зеландия халқыныңда амандасу дәстүрі басқа екен.Зеландия халқы, қол алысып, мұрындарын бір біріне тигізіп амандасады екен.

-Ендеше барлығымыз жасап көрейікші.


-Бізге сиырға жету керек. Сиқырлы шапаннан көмек сұрайық. (Балаларды шапан астына шақырады)


-Сиырға жеттік балалар.



- Шапаннан көмек сұрайды
- Оңтүстік Африка аймағының астанасы - Претория қаласы. Африка халқы балалар билеп амандасады екен.

- Енднше барлығымыз Африка халқы сияқты ,билеп амандасып көрейік.

- Олардың мемлекеттик туы, мен ұлттық кимдерінеде зерсала кетейк.

-Тудан қандай түстерді көреміз?





-Балалар бізге ағашқа жету керекпіз, сиқырлы шапаннан көмек сұрайық.





- Міне ағашқада жеттік.



Сөздік жұмысы: тарих; ұлт ;дәстүр


- Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.


-Мысық досымызға көмек керек, шапанның көмегіне жүгінемізбе?

-Жапонияның астанасы - Токио қаласына түскен екенбіз. Жапон халқының мемлекеттік туына, ұлттық кимдеріне, амандасу расимине көңіл бөлейк.

-Жапон халқы қол беріп амандаспайды. Олар тек иіліп амандасады екен.Ондеше барлығымыз жапон халқыша амандасалық.

-Біз мысықты дүкенге жеткіздік.

-Мысық әбден шаршады балалар жұмыртқаалу үшін тауыққа жеткізейік.

-сиқырлы шапанды көмекке шақырайық.

- Тағы басқа жерге түскен секілдіміз.

-Бұл Тайланд мемлекетінің астанасы –Бангкок қаласы екен.

-Тайлантықтар амандасқанда екі алақанын түйістіріп бастарын иіп Сабади -деп айтады екен.

- Енднше жасап көрелік.

-Тауыққада жеткіздік.





-Мысық әбден ойға батып,балалар басын ұстап не істерін білмей отыр ендеше мысықты бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Көңілденіп қыдырамыз,

Көшелерді аралап.

Саяхаттап қайтамыз,

Көңілді ән айтамыз.

-Біздің тағыда шапаннан көмек сұрауымыз керек. Мысыққа тары табуға көмектессін.

-Әдемі қалалардың бірі Италия Республикасы - Рим қаласына түсіппіз.Бұл елдіңде өз тарихи салт-дәстүрі бар.ондай болса барлығымыз назар аударайық.

-Италия халқы құшақтасып амандасады, барлығымыз солай амандасып көрейікші.

- Ары қарай жол тартып мысық досымызға тары іздейік.

-Мына жақта біреу андетіп жүр ғой бұл кім болды екен?


-Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық тарыны тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді.


-Мақта қызға қаттықты апарып берейік тезірек жету үшін шапанның көмегіне жүгінгеніміз дұрыс болар.

- Біз үнді қаласынада жетіппіз.Бұл Үнді қаласындағы-Тадж-Махал.

-Үнді халқы екі қолын алдына қойып түйістіредіде басын иіп амандасады, барлығымыз солай амандасып көрейікші.

-Жақсы балалар мақтақызға қаттықты тездетіп жеткізейік.Сыйқырлы шапанға келіңдер.

-Қатықты мысық Мақта қызға берді.
- Сөйтіп Мақта қыз мысық құйрығын қайтарып беріп, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.



Мақтағыз бен мысық, Түлкі мен тырна, Ақымақ қасқыр, Шалқан; Бауырсақ. т.б








Тыңдайды.







Мақта қыз Дария
- Мияуым менің, қайдасың?
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.


Мысық-Ануар
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді

  • Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: Айтпаймын!

Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!

Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!


-Сиырдан






Балалар мұқият тыңдайды.






-Балалар екіден Зеландия халқы амандасу расімін жасайды.




Сиыр - Аделия
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,

Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.




Қызыл- красный, қара- черный, ақ –белый, жасыл- зеленый,сары- жёлтый,көк- синий.


  • Шапаннан көмек сұрайды.


Ағаш - Алмас
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.


Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.


Қыздар:Айғаным, Інжу, Іңкәр
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің


Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.




Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Айару: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.





-Балалар толық тыңдап , жасап айтады.


Тауық - Аяжан
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.


Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер.


Өлең жолдарын айтып, маз-мұнына сәйкес қимылдар жа-сайды.


Шапаннан көмек сұрайды.






Жұптан құшақтасып амандасу рәсімін көрсетеді.




Тышқан -Аршын
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін


Мысық: - Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын. Тышқан: Бір қап тарым бар сен алағой.








-Үнді халқының амандасу расимин көрсетеді.

Сиқырлы шапанға жиналады.


Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.

Рефлексивті- түзетушілік

Біз сиқырлы шапанның көмегңмен қандай елдердің амандасу расімдерімен таныстық?

-Балалар сендерге ертегі кейіпкелері болган ұнадыма ?Балалар ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға да рахмет.
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.



Ойларында қалған елдерді атайды.Амандасу расимдерін көсетеді.

Ертегі кейіпкелері ұнағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Ертегі кейіпкелерілерін толық білуі

Нені игереді

Кейіпкер болып ойнауды.

Нені біледі

Әр халықтың амандасу рәсімін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2018
3437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі