15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды доп беру, қабылдау әдістеріне машықтандыру. 2.Допты оң және сол қолмен ауыстыра допты алып жүргізу әдістерін меңгеру.
3. Ұжымдық қасиеттерін дамыту және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
4. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын нығайту.
Спорт құрал-жабдықтары: Бірнеше баскетбол доптары, ысқырық, кедергілер.
Сабақтың түрі: Үйрену, жетілдіру.
Өтетін орны: Спорт зал
№ |
Сабақтың мазмұны |
Уақыты |
Әдістемелік нұсқау
|
І
ІІ
ІІІ
|
Ұйымдастыру бөлім Сапқа қатарға тұрғызу. Кезекшінің мәліметін тыңдау. Амандасу. Сабақтың өтілуін, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Баскетбол тарихына қысқаша шолу жасау. Баскетбол ойыны АҚШ – та жүз жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған себетке (кәрзеңкіге) лақтырып түсірген. Осыдан барып ойнның аты шыққан екен: «баскет» – ағылшын тілінен аударғанда «себет», «бол» – «доп». Осы бір әлемге өте кең тараған ойын арқылы денсаулық нығайады, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Саптағы бұрылулар (оңға солға) Жүру жаттығулары:
Жүгіру жаттығулары:
Жалпы дамыту жаттығулары:
Негізгі бөлім Доппен арнайы жаттығулар: Оқушыларды екі топқа бөліп, оң және сол қолмен ауыстыра доппен жаттығулар жасату.
Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.
Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіретін жаттығулар. Бағалау. Үйге тапсырма беру. Сабақты аяқтау.
|
10- мин
25 мин
5-мин |
Оқушылардың спорттық киіміне назар аудару.
Түзу жүруін қадағалау. Аяқтың ұшымен жүргенде екі қолды жоғары көтеріп, өкшемен жүргенде қолды желкеге қою керек
Жүгірген кезде оқушылардың ара- қашықтығын сақтауын қадағалау
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Денені түзу ұста! Қолды иықтан төмен түсірме.
Тізені бүкпеу керек.
Кедергі арқылы жүру. Допты баяу қарқынмен алып жүру.
Білезікті бос ұстап, допты шеңгелдей ұстаған саусақтар оның ұшу бағытын және жылдамдығын өзгертуге көмек береді. Екі қатарда тұрған оқушылар кезекпен доп лақтыру.
Қателіктерді дұрыстау, түсіндіру, бағалау. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген