Ашық сабақ "Зат есім " 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Зат есім " 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады. Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді 15.01.2019 ж

Мектеп: №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия

Пән: Қазақ тілі 5-бөлім: Өнер

Сынып: 3 «В»

Күні : 15.01.2019 ж

Мұғалімнің есімі: Турежанова Апиза Канжигитовна

Сабақ тақырыбы

Зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады: Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар, постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Рапорт беру. Психологиялық ахуал қалыптастыру.(Ұ) Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлерімен амандасады.

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,

Қайырлы күн, өсімдіктер, жəндіктер,

Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.

«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

1-топ «Бақыт жалаулары»

2-топ «Арман жалаулары»

3-топ «Қуаныш жалаулары»

Жұмыс ережесін келісу.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

(Ө; Ж) «Ойлан – жұптас – талқыла» стратегиясы.

«ББҮ» кестесімен жұмыс. Ә. Қастеев туралы не білетіндерін, не білгісі келетіндерін жазады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру. Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға біріктіруге арналған жалаулар


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда).

3.2.6.1 (Ө; Т; Қ) Мәтіндерді оқып, өзара салыстыру.

9-жаттығу. «Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін оқып, өзара салтыстырады.

Мәтінде кімдер туралы айтылғанын анықтайды. Мәтіндерді көркем шығарма түрлеріне ажыратып, топта талқылайды. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, топта дәлелдейді.

(Ө; Ұ; Қ) Зат есімдерді тауып, жалқы және жалпы зат есімдерді ажырату.

«Суретші ата» мәтінінен зат есімдерді тауып, қайсысы жалпы, қайсысы жалқы есім екенін ажырытып, анықтайды. Дәлелдеулер жасатылады.

3.4.2.3 (Ө; Ж; Қ) Мәтінді көшіріп жазу. Зат есімдерді табу.

10-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазады. Зат есімдерді тауып, олардың үстіне үлгі бойынша белгілеп жазады. Жұппен жұмыс жасайды.

Орындалған жұмысты өзара бағалау үшін мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізеді.Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады.

3.4.2.3 (МК; Ұ; Ө; Қ) Сызба бойынша ой қорыту жасау.

11-жаттығу. Сызбаға қарап, жалқы және жалпы есім туралы ой қорытындылары тұжырымдалады. Оқулықта берілген әр сөздің қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын анықтап, өз ойымен бөліседі.

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Экспонат сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.

Дескриптор:

  • Жаңа білімді меңгереді.

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

  • Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.


Суреттер, кесте, сызба











Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы














Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда). Кері байланыс


Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2019
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі