АШЫҚ САБАҚ. Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АШЫҚ САБАҚ. Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
ЗАТ ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕНУІН ТҮСІНДІРУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі

Жалпы мақсат:

Зат есімнің түрленуі,зат есімнің көптелуі туралы түсінік

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен жүрекке» деп аталады.

Балалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.



Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Shape3 Shape2 Shape1

Қызығушылықты ояту

Жұмбақты шешу

Білдіреді ол атауды

Қимылдың ол иесі

Онсыз болмас әрекет

Сөйлемнің басты кейіпкері

Ол қай сөз табы? /зат есім/

Жұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып, мақсатын айқындайды

Жаңа тақырып

БББ стратегиясы арқылы оқушылардың зат есім туралы ойларын білу.

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.
Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала - мын, сен бала - сың, сіз бала - сіз, ол бала. Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы: Мен асқар таумын, Сен төбесің, Сен темірсің, Мен көмірмін, еріткелі келгенмін.
Көптік жалғау алты түрлі: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер. Сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қыз - дар, мектеп - тер т. б.
Көптік жалғау өзі жалғанған сөз заттың тек көптігін ғана емес сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде, үйдің, шайдың көптігі емес сол заттарға қатысты болып тұрған адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін, сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін көрсетеді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде беріліп тұр.
Ескерту: Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал, мұнай, газ, тары т. б.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Бейнеклип арқылы билету

Оқушылар сергіп, демалады

Шығармашылық жұмыс


Білгіміз келеді бөлігі бойынша оқушылардың жазғандарына жауап іздестіру, талдау

Оқушылар БББ стратегиясының білгім келеді бөліміне сәйкес ізденіс жұмыстарын жүргізіп, талдау жасайды.Қосымша әдебиеттер мен ғаламторды пайдаланады

Үйге тапсырмасын беру

Тілтаным тапсырмасын орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Критерий арқылы бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2018
1304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі