Ашық сабақ "Заттарды салыстыру" математика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Заттарды салыстыру" математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып, салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика

Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы: Заттарды салыстыру

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып, салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Білімділік міндеті: Біреу және көпке түсінік беру, ажырата білу.

Дамытушылық міндеті: Логикалық ойлауларын сұраққа нақты жауап беру, дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Достыққа бірлесіп жұмыс атқаруға, ойнауға мұқият тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қуыршақтар, түрлі алмалар, үлкен-кіші.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, ойын, сергіту сәті. Ғажайып сәт.

Билингвальды компонент: Қуыршақ-кукла, көп-много, аз-мало.

Сөздік жұмыс: Қуыршақ үлкен-кіші, биік-аласа.

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай әдемісіңдер, жыл мезгілі де әдемі, күнімізде әдемі күн шығып тұр. Қонақтар да әдемі. Осы әдемілікті сезініп, көңіл көтеріп шеңберге тұрып алайық, әдемі ән айтайық.

Шаттық шеңбер:    

Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.

Ғажайып сәт: Балалар бізге бүгін Таным елінен бір-бірімен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар қонаққа келіпті. Олардың ұқсастығы сондай, ажырату қиын. Бірақ жас ерекшеліктері әр түрлі.

Біздің барлығымыздың атымыз бар, сол сияқты бұлардың да есімдері бар.

- Ең үлкені - Әсима

- Одан кішісі - Әлима

- Әлимадан кішісі - Сәлима

- Сәлимадан кішісі - Жамиға

- Ең кішісі Халима екен.

Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет-ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.

Ал балалар, қуыршақтарға арнап ән-айтып жаттығу жасайық:

- Кәне серігіп ойнайық:
Алма, алма, көп алма
Қызыл жасыл, сары алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Ал енді балалар қуыршақтарға көмек көрсетейік әрқайсысына өз алмаларын тауып берейік.

    Қане Нұрқанат Әсиманың алмасын тауып бере ғой.
    Асемай Әлиманың алмасын тауып бер.
    Інжу Сәлиманың алмасын тауып бер.
    Жанель Жамиғаның алмасын тауып бере ғой.
    Сезім, сен ең кішкентай Халиманың алмасын тауып бере ғой.

Балалар, қараңдаршы қуыршақтардың алмасы дұрыс табылды ма?

Өте жақсы.

Дидактикалық ойын: Қуыршақтың бантигін тап!

Мақсаты: Түсін, тауып қой.

Шарты: Қуыршақтың түсіне қарап бантигін тауып қой.

Балалар қуыршақтарға арнап бір шумақ ән айтып, көңілдерін көтерейік.

Ән: Ойыншықтар
Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Үлкен-кішіні, көп-аз ұғымдарын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Түрін, түсін тауып орналастыруды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Орнын тауып салыстыруды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2021
1651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі