жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Заттардың тасымалдануы 8 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы бөлімі: Заттардың тасымалдануы, Тыныс алу Бөлімшесі: 8.2А Заттардың тасымалдануы Күні: 15.04.2021 Сынып: 8 |
Мектеп: Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Баймұратова А.А. |
|
|
Қатысқандар: 18 Қатыспағандар:2 |
||
|
Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы мен қызметі. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау |
|
|
Сабақтың мақсаты |
|
|
|
Сабақтың бағалау критерийі |
|
|
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар қолданады: Қанның құрамы мен қызметіне қатысты терминдер мен түсініктерді ауызша айтып, Қанның құрамы мен қызметі туралы оқып біледі. Қанның қызметі мен құрамын ауызша, жазбаша сипаттайды. Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері:Қан, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттер, қан плазмасы, гемоглобин, қан жасушалары. Талқылауға арналған тармақтар: Қан дене массасының - ... Плазма нәруыздары ... бөлінеді Қанның қызметі ... Егер лейкоцит көп бактерия сіңірсе ... тіршілігін жояды. |
|
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығын қарастыра отырып, денсаулық сақтауда еңбек пен бірліктін маңызын ұғындыру. Жеке жұмыста өзін-өзі реттеп өз бетімен жұмыстануға, жауапкершілікке, ойын ашық айтып сенімді дәлелдеуге дағдыландыру. Жұптық, топтық жұмыстарда өзара сыйластық арқылы ынтымақтастықта бірлесіп жұмыстануға, сенімді қарым-қатыста болуға машықтану. |
|
|
Пәнаралық байланыс |
жаратылыстану |
|
|
Алдыңғы білім |
7.1.3.1 - тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын түсіндіру 8.1.3.5 лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау |
|
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Сабақтың басы 3 минут 8 минут 4 минут |
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. «Бинго» әдісі (жеке жұмыс) - Үй тапсырмасының мазмұны бойынша сұрақтар жазылған парақтар таратылады. Әр оқушы сұрақтарға жеке жауап жазып, бірінші болған білім алущы «Бинго» деп жар салады. Сол сәтте жұмыс тоқтатылады.
ҚБ: Мұғалімнің ауызша мадақтау, оқушылардың өзара қолпаштауы. С: қолдау, қарқын, қорытынды.
«Миға шабуыл» әдісі (жалпы жұмыс) - Қан туралы бейнематериал ұcыну арқылы жаңа тақырып бойынша миға шабуыл жасап бейнероликтен не көргендерін анықтап, сабақтың тақырыбын аша отырып, оқушыларды қан жасушалары суреттері бойынша 3 топқа бөліп, сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды арттыру: 1-топ: Лейкоциттер 2-топ: Эритроциттер 3-топ: Тромбоциттер
|
https://www.youtube.com/watch?v=pkEVupbN1UQ
|
||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 12 минут 8 минут |
«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі (топтық жұмыс) - Әрбір топқа оқулық пен қосымша материалды ұсыну арқылы қанның қызметі мен құрылысын анықтау бойынша тапсырма беріледі. - Топ мүшелері материалды өз беттерінше меңгереді, бірлесіп ақпаратты талдайды: 1-топ: «Қан қызметі. Лейкоциттер» 2-топ: «Қан құрамы. Эритроциттер» 3-топ:«Қан плазмасы. Тромбоциттер» Дескриптор: 1-топ - ресурстармен жеке танысу, топта талдайды - Қан қызметі. Лейкоциттер туралы ақпарат ұсынады 2-топ - ресурстармен жеке танысу, топта талдайды - Қан құрамы. Эритроциттер туралы ақпарат ұсынады 3-топ - ресурстармен жеке танысу, топта талдайды - Қан плазмасы. Тромбоциттер туралы ақпарат ұсынады ҚБ: «ҚҚҚ»\құнды қиын қызық\ әдісі арқылы өзара топтық бағалау. Мұғалімнің ауызша мадақтауы. С: қарым-қатынас, оқу ортасы, ресурс, жұмыс қарқыны, қолдау, нәтиже. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (жеке жұмыс) 1 тапсырма. Қан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер.
Жауабы: 1-С, 2-А, 3-В 2 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «безгек» мәтінін пайдаланыңыздар. «БЕЗГЕК» Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою. Сұрақ: Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар. Иә Жоқ (2 ұпай) Жауабы: Иә. Себебі, 1) Безгек — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. 2) Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады.
ҚБ: Дескриптор арқылы «+,-» белгісімен өзара жұпта бағалау. С: жеке қолдау көрсету, оқушының дербестігі, жұмыс қарқыны, нәтиже, бағалау. |
Биология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық / А.Соловьева, Б.Ибраимова, Алматы: «Атамұра», 2018. 76-79 б. Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BD PISA тапсырмасына сілтеме https://infourok.ru/biologiya-pninen-sinipa-arnalan-piza-tapsirmalari-548572.html
|
||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс «3:2:1» әдісі Сабақтан есімде қалған 3 факті: 1. ____________________________________________ 2. ____________________________________________ 3. ____________________________________________ Сабақтан үйренген 2 қызық нәрсе: 1. ____________________________________________ 2. ____________________________________________ Сабақ бойынша 1 сұрақ:
Үйге тапсырма: Қанның құрамының суретін дәптерге салу, құрылысы бойынша кластер жазу. |
«3:2:1» кері байланыс парағы |
||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты оқу мақсатының ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес сараланып, тапсырмалар арқылы жүзеге асты: - «Бинго» әдісімен өткен тақырып материалын жеке тексеруде жұмыс қолдау, қарқын, қорытынды бойынша саралау жүзеге асады. - «Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауда диалог, қолдау, қарқын, ресурс бойынша саралау жүреді. - «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі арқылы әртүрлі мазмұндағы қосымша ресурстармен танысып, топта өзара қарым-қатынасқа түсіп тиімді оқу ортасы қалыптасады және жұмыстың жүру қарқыны әртүрлі болады. Мұғалімнің қолдау арқылы жұмыс сараланады. - Қалыптастырушы тапсырманы жеке орындауда оқушылар қажет жағдайда мұғалім мен сыныптасынан көмек алады, тапсырманы орындау қарқыны мен нәтижесі, оқушының дербестігі бойынша сараланады. |
Сабақ барысында оқу және сабақ мақсатына жету үшін қалыптастырушы бағалаудың бірнеше формасын қолдандым. «Бинго» әдісімен өткен тақырыпты лезде тексеру мұғалімнің ауызша мадақтау, оқушылардың өзара қолпаштауы арқылы бағаланады. - «Миға шабуыл» әдісі жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау нәтижесі «Смайликтер» арқылы мұғалімнің бағалауы бойынша жүзеге асады. - Жаңа тақырып мазмұны бойынша «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі топта ҚҚҚ әдісі арқылы бағалап, ынтымақстастық атмосферасын арттыруға негіз болады. - Жеке орындалатын қалыптастырушы тапсырманы дескрипторға сәйкес «+,-» белгісімен өзара жұпта бағалау нәтижесінде оқушының жаңа материалды меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік болады. Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 30.05.2021 578
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | |||||||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген