Материалдар / Ашық сабақ Зербаева Гульжанат Абдулхамитовна 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Зербаева Гульжанат Абдулхамитовна 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
теріден жасалған бұйымдар ертеден кележатқан материал одан ыдыстар, киімдер ,ұлттық бұйымдар жасаған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2020
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Теріден бұйым жасау.



Қамшы өру технологиясы.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға иленген теріден қамшы өруді меңгерту.



Білімділік мақсаты: Балалардың теориялық білімін арттыру, таным-түсініктерін кеңейту,



шығармашылыққа баулу.



Дамытушылық мақсаты: Эстетикалық талғамымен ұйымдастырушылық ойлау



қабілеттерін дамытып,ізденімпаздық, еңбекқорлық



іс-әрекетін қалыптастыру.



Тәрбиелік мақсаты: Халқымыздың өнерін,салт-дәстүрін бағалай білуге,



өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа,



төзімділікке баулу.



Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер, видиоролик, бұрын жасалған



дайын бұйымдар.



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, теориялық сабақты практикамен байланыстыру.



Пәнаралақ байланыс: тарих,қазақ тілі, бейнелеу.



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі



Өткенді қайталау. «Ыстық орындыққа отырғызу арқылы.»



Жаңа сабақ. Дәптермен жұмыс.



Бейне көрініс.



Практикалық жұмыс. ЕҚЕ еске салу.



Сабақты қортындылау,бекту.



Оқушыларды бағалау



Үйге тапсырма беру.



І.Сәлемдесу, түгендеу.



ІІ.Қызығушылықты ояту, өткенді тексеру.



-Киіз үй сүйегін ата.



-Киіз үйдің есігі қалай аталады?



-Шаңырақ ортасындағы керме ағаштар қалай аталады?



-Киіз үйдің түндігін кім ашқан?



-Киіз үйдің ішіндегі жиһаздарды ата?



-Теріден жасалатын қандай ыдыстарды білесің?



-Теріден тігілген киімдерді ата?



-Тулақ қандай мал терісінен жасалады?



Жылқының суретін көрсете отырып сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.



ІІІ. «Теріден бұйым жасау. Қамшы өру технологиясы»



Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше.Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ержігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал дей салуға болмайды.Бұл қолөнер туындысы, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Ата-бабаларымыз қамшысы арқылы өз көз қарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген, біз мұны қамшыға байланысты ой орамдармен тарқатып, түсіндірсек:



1.Қамшысының ұшын да бермеді. Бұл «болыспады», «жәрдемдеспеді», «жамандық, опасыздық істеді», -деген мағынаны білдіреді.



2.Басына (төбесіне) қамшы үйірді (ойнатты). Мағынасы: Қорқытты, сабауға ыңғайланды, қорлық,зорлық көрсетті, басынды.



3.Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты. Бұл сөз «даудың себебі әр қилы, бірақта шешімі не «ақ», не «қара» болады» деген ойды меңзейді



4.Қамшысын білемдеді. Қамшысының сабы мен өрімін қосып, екі бүктеп ұстауды бейнелейді. Мағынасы: қыр көрсетті, жұдырық көрсетті,қоқаңдады, кіжінді.



5.Қамшы түтеді. «Қамшы жауып кетті», «Соққылаған қамшы жауды» деген мағынаны білдіреді.



Халқымызда «қамшықайтару» деген салт бар.Дәстүр бойынша қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі,не болмаса сол келушілердің басшысы т.б) қыз үйінің төріне іліп кеткен. Егер қыз әкесі келісімін бермесе,көп ұзамай қамшыны иесіне қайтарып беріп жғберген.



«Қамшы ойыны» болған онда төрт жағынан керілген өгіз терісін қамшыменен бір тартқанда тіліп түсіру.Бұл білек күшімен қамшының мықтылығын білдіреді.



Қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, мағанасы бар.



1.Сүндет қамшы. 5.Неке қамшысы. 9.Баптау қамшы.



2.Бәйге қамшы. 6.Соп қамшы. 10.Аңшы қамшы.



3.Көкпар қамшы. 7.Үйір қамшы. 11.Барымта қамшы.



4.Дойыр қамшы 8.Ноғай қамшы 12.Бәсіре қамшы.



Өрім түрлеріне келсек: Үш өрімнен бастап қырық өрімге дейін өрілген.



1.Үш не төрт өрім.Ол қайыстан өрілген, бәйге қамшыға қолайлысы.



2.Алты өрім.Осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан түс!» деп өрімшілер көп айтатын.



3.Сегіз өрім, төрт қырлы. Бұл мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған.



4.Он екі өрім. Сәндікке лайықты қамшыда пайдаланылады.



5.Қырық өрім.Оған тарамыс қолданылады.Өрімшілер арасында қайыс таспадан қырық өрімді де жасағандар болған. Өрім технологияасы. Иленген теріні үш елі етіп кеседі,ұзындығын оның саласына қарай сыдырғыдан өткізеді,жалпақтығын,енін,қалыңдығын реттейді. Осындағы сыдырғыны үш тұтам тобылғыдан жасап алады.Өрім әбден дайын болғанда оған алақан жасайды,ол тобылғы сапты,қамшыға бауырмен өрілуге тиісті.Бауырын тобылғыға орап ұстатқан қамшының атауы—«Қазақтың ала қамшысы».Онда алақанның екі –үш түрі болады,және түзу де жылан бас етіп жасалады.









Қамшының негізгі бөлігі. Ол үлкен екі бөліктен тұрады: өрімі және сабы.Қамшы сабы көбінесе 4-7 тұтам тобылғыдан,еліктің сирағынан,киіктің мүйізінен жасалып,барынша әсемделеді.Оның терімен қапталған қолға ұстайтын бөлігі—тұтамы (тұтқасы),оған тесіліп өткізген қайыс таспа—бүлдіргісі деп аталады.Шеберлер қамшы сабына ерекше көңіл бөліп, оны жез бауырлап ,мойнақтап,металмен,былғарымен,қайыспен орап тастайды.Қамшы өрімі алақанынан саптық мойынға бүркеншік арқылы жез,мыс шегелермен тойтарып бекітіледі немесе таспа арқылы мойнаққа бүркемелеу арқылы жалғайды.Кейбір өрімшілер алақанның сап жағын әдейі ұзын етіп қалдырып,оны сапқа ұзына бойы «бауырлақ» етіп,сыртынан таспаны орайды.Өрім мен алақанның қосылған жері—шемежей.Оның үстінен түйнектеп қайыс шашақ тағып қояды.Елік,киік сирағынан металл, терімен мойнақтап,орам салып, шашақталған қамшы өте сәнді де бағалы.

ІV. Енді экранға назар аударайық: «Айтуға оңайдан» үзінді көрейік.

V. Практикалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталаймын.

Практикалық жұмысты өзім айтып көрсете отырып оқушылармен бірге орындаймын. Алдымен қолымыздағы былғарының тұйық жағын қыспаққа кысып бекітеміз.Сонан соң төрт таспаны екі-екіден қайшылап айқастырамызда кейін қалған таспаны астынан үстіне қарай өткізіп алып қарсы бағытқа тартамыз.Ослайша әрі қарай өру жалғаса береді.Өруді меңгерген меңгермегенін қарап қадағалаймын, кемшіліктері болса түзетемін, ослайша төрт өрім өруді меңгертемін.

VІ. Қамшы бөліктерінің атауын еске түсіре отырып сабақты қортындылаймын.



--Қамшы ата-бабамыздың бізге қалдырған несі?



--Өрім саны қанша болады?



--Бүгін біз неше өрімді меңгердік?



VІІ. Оқушыларды бағалаймын:



VІІІ.Үйге тапсырма: Тері өңдеу §7-оқу, 194-бет.



Сабақ аяқталды.



Сау болыңыздар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!