Материалдар / Ашық сабақ:Адамдардың ежелгі баспанасы-киіз үй
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ:Адамдардың ежелгі баспанасы-киіз үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ:Адамдардың ежелгі баспанасы-киіз үй 4 сынып АДАМДАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ Туралы ақпарат береді. Мәтінді оқуға тапсырма береді. Сұрақтар қояды. Ғаламтордан, энциклопедия және т.б. дереккөздерден ауа райы әртүрлі аймақтардағы алғашқы адамдардың баспаналары туралы мәліметтерді тауып оқы.Тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетеді. Ұжымдық талқылау, талдау жасатады. Сұрақтар қояды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2022
469
30 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың ежелгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының дəстүрлі баспанасы. Ежелгі баспана түрін жасаймыз. Сəулет өнері дегеніміз не?



Бөлім:

Уақыт

Педагогтің аты-жөні:

Космуратова Р

Күні:

29.11-30.11.2022ж

Сыныбы:3бж

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адамдардың ежелгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының дəстүрлі баспанасы. Ежелгі баспана түрін жасаймыз. Сəулет өнері дегеніміз не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.2.3.1.– нақты дəлдігіне жетіп материалдары жəне компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу жəне біріктіру;

3.2.3.2.– əртүрлі тəсілдермен жəне материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау;

3.3.1.1 – өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын жəне процесін арнайы термино- логияларды пайдаланып таныстыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

əртүрлі тəсілдермен жəне материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасайды.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.

Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

.


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Адамдар алғаш тұрғызған құрылыстар туралы білесің бе?


Сәулет өнері, сәулет кешені дегеніміз не екен?


Әдемі тарихи көне ғаимараттарды атай аласың ба?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.



Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

.


АДАМДАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ

Туралы ақпарат береді. Мәтінді оқуға тапсырма береді. Сұрақтар қояды.


Ғаламтордан, энциклопедия және т.б. дереккөздерден ауа райы әртүрлі аймақтардағы алғашқы адамдардың баспаналары туралы мәліметтерді тауып оқы.

Жеке жұмыс:

1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.


2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?

Дескриптор:

Жалпы-5 балл.


-Мәтінді оқиды.

-Сұрақтарға жауап береді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

ДК

Ұжымдық жұмыс

КИІЗ ҮЙ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ БАСПАНАСЫ туралы ақпарат береді.



https://youtu.be/5vTC7isnZCU


Экраннан бейне ролик көреді. Жаңа ақпаратты қабылдайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

ДК


Жұптық жұмыс


ЕЖЕЛГІ БАСПАНА ТҮРІН ЖАСАЙМЫЗ

Жұмыс реттілігін сақтап тәжірибелік жұмыс жасайды.

Бұл баспананың пішіні қандай? Киіз үйдің, күркенің және кәдімгі үйдің пішінін сипатта.

-Тәжірибелік жұмыстың жасалу жолымен таныстырады.

-Сұрақтарға жауап береді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.

ДК


Ұжымдық жұмыс

СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетеді. Ұжымдық талқылау, талдау жасатады. Сұрақтар қояды.

https://youtu.be/vktQuKibMjg

Бейнеролик көреді. Сұрақтарға жауап береді.


Қалай ойлайсың, адам игілігі үшін тұрғызылған ғимараттар қандай болу керек?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды басбармақ арқылы бағалау


Оқулық, жұмыс дәптерлері.

ДК


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия




«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. «Қошеметтеу» әдісі.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын






Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!