жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ.Әдебиеттік оқудан.Тақырыбы: Қой,ешкі мен қасқыр. 3 сынып.
Пән: Әдебиеттік оқу. Үйірме сабақ Күні:18.02.2019ж Сынып: 3 «Ә»-сынып |
Мектеп: «№28 жалпы орта мектебі» Мұғалімнің аты-жөні: Каримова А.Н Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Тақырыбы: |
Қой мен қасқыр ертегісі |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу. |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. |
|||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Есте сақтау,ойлау, еске түсіру, ауызекі сөйлеуді,тілін дамытуды өмірде қолданады. |
||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. |
||||
Тілдік мақсат
|
Қой, овца, sheep Ешкі, коза, goat Қасқыр,волк, wolf
|
|||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сахналық көрініс,ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Бағалау критерийлері: ертегінің мазмұнымен таныстыра алады; ертегі кейіпкерін сахналап,көрініс көрсетіп бере алады; топтық жұмыс,жеке жұмыс тапсырмаларын орындай алады; сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады; |
||||
Дескриптор
|
||||
ертегінің мазмұнымен таныстырады; ертегі кейіпкерін сахналап,көрініс көрсетеді; топтық жұмыс,жеке жұмыс тапсырмаларын орындайды; сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аударады |
||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
Басы: 2 мин
5 мин |
Психологиялық дайындық: Ал оқушылар ,бүгін ерекше күн,себебі,біздің сабағымызға көптеген ұстаздар, қонаққа келді. Кәне сәлемдесіп алайықшы: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз.
Топқа бөлу. «Заттар бойынша бөліну» әдісі
«Ымдық шара» суреттегі затты не екенін қимыл әрекетпен түсіндіру. Жаңа сабақ. Тақырыбы: Қой,ешкі мен қасқыр
1-топ.Қой 2-топ.Қасқыр 3-топ.Ешкі |
Оку құралдары
Суреттер Жазылған қағаздар
Оқулық
Кейіпкер-лерлердің маскасы
АКТ Интерактивті тақтамен
Плакаттар,түрлі-түсті қалам-саптар,қағаз
АКТ Слайд Оқулық,дидактикалық материалдар түрлі-түсті қағаз,
«Доп лақтыру» көбейту кестесін сұрау. Сергітусәті стикер,түрлі-түсті қалам |
||
3 мин
Ортасы: 10 мин
7 мин
3 мин
8 мин |
1-тапсырма «Сиқырлы сөздер» әдісі. Сиқырлы сөздердің әріптерінен,тілек сөздер құрастырып,бір-біріне айту қажет. Сөз ішіндегі әріптер ғана қолданылады.
2-тапсырма: Қима қағаздарды бір-бірлеп беріп,кезекпен ертегіні оқу және өз ойын түсіндіру. Өрісте бір арық қой жалғыз қалыпты. Қалың шілік арасынан шыққан қасқыр жалпақ даланы аралап келе жатып, әлгі қойға тап болады. Қуанып кетіп: — Ее-е, жерік асым, қайдан жүрсің? Іздеп таба алмаушы едім. Бұйырған асым екенсің, аузыма өзің келіп түсіп тұрсың. Енді асықпай бір тояйын, – дейді. — Ажалым жетсе, амал бар ма? – дейді қой мұңайып. –Бірақ өзің де мал танығыш едің ғой, қарашы түріме. Аузың толар етім жоқ, тұла бойым шандыр. Мені қайтесің, босат. Қойға барып, қозымды әкеліп берейін. Қозының былқылдақ жұмсақ етіне қызыққан қасқыр әлгі арық қойды босатып жібереді. Қой отарға қарай зыта жөнеледі. Қасқыр жұтынып, қойды ұзақ күтеді. Сонан соң: «Қой баласы момын, аңқау болушы еді. Сірә, оны ешкі сұм аздырған шығар, барып көрейін», – деп, жорта жөнеледі. Бір белеске шығып, жан-жағына көз салса, қарсы алдында бір ешкі жүр екен. — Сені іздеп келіп едім, – деп, қасқыр ешкіні бас салады. — Атаң да, анаң да жақсы еді, – дейді ешкі жалбарынып. — Қой тұрғанда, мені қайтесің? Одан да мен билеп, сенің көңіліңді көтерейін. — Ондай өнерің болса, көрсет қане, – дейді қасқыр. — Онда босат мені, – дейді ешкі лепіріп. Қасқыр босатып жібереді. Ешкі биік бір тасқа шығып алады. Қасқыр: — Қане, биле енді! – дейді. Ешкі айласын асыра түседі: — Ендеше менің аяғымнан көз алмай қара да тұр. Ешкі секіре-секіре тастан-тасқа шығып кетеді. Қасқыр ешкінің аяғынан көз алмай отыра береді. Сол арада қойшы келіп қалып, қасқырды қуа жөнеліпті.
3 тапсырма: «Көрініс»
4-тапсырма.Ертегіні видео арқылы көру.
5 тапсырма: «Кластер» әдісі бойынша әр топ өз тобының атауларына мағлұмат береді.
|
|||
2 мин
|
«Доп лақтыру» сұрақ- жауап. Ертегі тақырыбы қандай? Қайсы кейіпкер ұнады? Сабақтан алған әсерің қандай болды? Алдағы уақытта,жаңа ертегілер мен танысуңа қалай қарайсың? |
доп
|
||
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Кері байланыс.Критерий арқылы бағалау.Мұғалімнің бағалауы Жарайсың! Керемет! Талаптысың. Мен саған сенемін! Сен білімдісің! Стикермен күнделігін бағалау. |
Пәнаралық байланыс:
Әдебиеттік оқу,өзін-өзін тану,дене шынықтыру. |
|||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Сабақтан не ұтымды болды?
Келесі сабаққа нені ескеру керек? |
Үйге тапсырма: «Сипаттау», « Әңгімелеу», «Пайымдау» мәтіндерін қатыстырып мәтін құрап жазу. Сурет салу, қимыл іс-әрекетпен көрсету, сабақта түсінгенін әңгімелеп беру.
Қабілетті оқушыға ізденушілік тапсырма беріледі.Ертегі құрастыру.
|
|||
«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры: ПББ педагогы:
---------------- Ю.Давлатов -----------------О.Садыбаева
«№28 жалпы орта мектебі» коммуналдық мем лекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Т
Қой,ешкі
мен қасқыр
Пәні: Әдебиеттік оқу.Үйірме сабақ
3 «Ә» сынып
Үйірме жетекшісі: Каримова А.Н
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген