Ашық сабақ.География әлеміне саяхат.7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.География әлеміне саяхат.7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім,студент,оқушы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайталау сабақ

Пәні: география

Сынып: 6г

Күні: 11.04.2018

Пән мұғалімі: Жумабаева Г.

Сабақтың тақырыбы: «География әлеміне саяхат»

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік:XXI Ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманына сай ой өрісі дамыған азаматты қалыптастыру.Оқушыларды танымдылыққа баулу, кездейсоқ жағдайларда әр түрлі тапсырмаларды орындауға, шапшаңдылыққа, дағды мен икемдерін дамытуға, білім алуға деген ынтасын арттыру.

Дамытушылық:Оқушының пәнге қызығушылығын ойлау қабілетін дамыту.Өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасауға өз ойын,пікірін еркін айтуға қасиеттерін дамыту.Тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Сөйлей және тыңдай білу мәдениетін дамыту.Жас ұрпаққа сапалы білім беру.Әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу

Түрі: жарыс

Көрнекілігі: слайд, карта, глобус, суреттер.

Өткізу тәртібі: «География әлеміне саяхат» сайыс сабағына«6г»сынып оқушылары қатысады. Әр топ әр түрлі түсті магниттерді таңдап 5 топқа бөлінеді.Сайыс сабағы мынандай шарттардан тұрады:

I тур «Таныстыру»

II тур «Жорға»

IIl тур «Сандар сөйлейді»

lV тур «Зымыран»

I тур «Таныстыру» 1-топ Еуразия, 2-топ Африка, 3-топ Оңтүстік Америка, 4-топ Солтүстік Америка, 5-топ Аустралия топтары өз құрлықтарына жеке-жеке сипаттама беріп өтеді. (5 балл)

II тур «Жорға»5 топқа 10 сұрақ беріледі, әр дұрыс жауап-5 ұпай

1.Жердің жалпы ауданы қанша?Дүние жүзілік мұхит суы мен құрлықтың ауданын тап

2.Жердің экваторлық және полюстік радиусы қанша және айырмашылықтығы қанша км?

3.Абсалюттік биіктік және салыстырмалы биіктік дегеніміз не?

4.Жанартау дегеніміз не? Сөнген және сөнбеген жанартау дегеніміз не?

5.Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?

6.Абсалюттік биіктігіне қарай жазықтар нешеге бөлінеді?

7.Ауаның құрамындағы газдар.

8.Ауа температурасының жылдық және тәуліктік амплитудасы дегеніміз не?

9.Грунт,артезиа,минералды сулар дегеніміз не?

10.Географиялық ендік және географиялық бойлық дегеніміз не?

Жауабы

1.Жердің жалпы ауданы 510,2млн км2.  361 млн км2 Мұхиттың ауданы. 149 млн км2 құрлықтың ауданы.

2.Жердің Экваторлық радиусы 6378 км,Полюстік радиусы 6357. мЭкваторлық және полюстік радиусының айырмасы 21 к.

3.Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелетін биіктігі абсалюттік биіктігі д.а

Жер бетінде кез келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік айырмасын салыстырмалы деп атаймыз.

4.Жанартау- көмейінен ыстық ,газ,бу,күл,тас тағы басқалары тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжын зат лава шығып төгілетін конус формалы тау.

Адамзат тарихында атқылауы жөнінен мағлұмат қалмаған жанартауларды сөнген жанартау дейді.Мысалы:кавказдағы эльбус пен қазбек.

Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жанартаулар деп атайды.

5. Аласа таулар 400м-ден 1000м-ге дейінгі таулар.орташа биік таулар 1000м-ден 2000м-ге дейін баратын таулар жатады.Биіктігі 2000м-ден жоғары таулар биік таулар.

6.Теңіз деңгейінен есептегенде 200м-ден төмен жазық ойпат,200м-ден 500м-ге дейінгі жазықтар қырат,500м-ден жоғары жазықтар таулы үстірт.

7.Құрғақ ауа көлемінің 78%-ын азот ,21%-ын оттегі ,1%-ын басқа газдар құрайды .

8.Тәулік ішіндегі ең жоғарғы ең төменгі температураның айырмасын температураның тәуліктік амплитудасы деп аталады.

Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасын ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп атайды.

9.Грунт жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабаты жиналған су грунт суы деп аталады.Жердің терең қабатындағы қысымды су артезиа суы деп аталады.Жер асты суының құрамында ерілен заттар мен газдар қосылуынан минералды су пайда болады.

10.Географиялық ендік дегеніміз нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы.Географиялық бойлық деп Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады.

III тур «Сандар сөйлейді»

1519-1522жыл 760мм

XV ғ соңымен XVII ғ ортасы 10-12 метр

60м 10 мыңнан астам

150 млн км 17.5С

360-тан тұрады 500 мың

1 30 000 000 мен 1 83 000 000 1 млн

6995м

3500 км

2-5см

Жауап

1.1519-1522Магелланның экспедициясы тұңғыш рет дүние жүзін айналып жүзді.

2.XV ғ соңымен XVIIғ ортасы аралығы тарихта ұлы географиялық ашылулар заманы деп аталады.

3. Егер Антарктиданы басып жатқан мұз бірден ерісе дүние жүзілік мұхит деңгейі 60м-ге бірақ көтеріледі.

4.Жер мен күннің орташа ара қашықтығы 150 миллион км.

5.Толық шеңбер 360-тан тұрады .

6.Мектепте оқу мақсатында 1 30 000 000 мен 1 83 000 000 аралығындағы масштабтан глобустар пайдаланылады.

7.Тянь-Шаньдағы Хан тәңірі 6995м.

8.Ядроның радиусы 3500км.

9.Литосфералық тақталар жылына 2-5см ығысады,жылжиды.

10.Сынап бағанын 760мм биіктікке тең қысым қалыпты атмосфералық қысым деп атайды.

11.Желбағар биіктігі 10-12м темір сырықтың бағана орнатылады.

12.Жер шарында 10 мыңнан астам метерелогиялық станция бар.

13.Дүние жүзінің мұхит суының орташа температурасы-17.5С

14.Өсімдіктің түрі - 500мың.

15.Жануарлардың түрі-1миллион.

IVтур«Зымыран»

Жер бетіндегі «Ең,ең,ең...»терең,биік,үлкен аулақтардан сұрақ қойылады жауап берген оқушы картадан көрсетеді.

I топ

Ең ұзын өзен .Жауабы: Ніл 6671км

Әлемдегі ең ұзын тау. Жауабы: Анд- 9000 км

Әлемдегі ең ұзын түбек. Жауабы Арабия

Дүние жүзіндегі ең биік жанартау. Жауабы: Килиманджаро

Қазақстанда ең төмен жатқан нүкте.Жауабы:Қарақия ойысы-132м

II топ

Дүние жүзіндегі ең биік нүкте.Жауабы:Эверест- 8848м

Ең ұзын су асты жотасы :Орта Атлант жотасы,ұзындығы-18000км

Ең ескі тау. Жауабы: Орал- 2,5мың км

Ең тұзды теңіз.Жауабы:Қызыл теңіз- 45,5%

Әлемдегі ең ұзын бұғаз:Мазамбик- 1670м

III топ

Жер шарында ең жауын –шашын мол түсетін жер:Гавай аралында.Гималай тауының етегінді 12000мм

Әлемдегі ең биік толысу толқыны тіркелген жер:фанди шығанағы 18м.

Әлемдегі ең кең және терең бұғаз Дрейлік бұғазы ені- 900 м, тереңдігі- 5248м

Ең биік сарқырама- Анхель 1054

Ең терең көл- Байкал- 1620м

IV топ

Ең ұзын жер асты үңгірі - Мамонт, ұзындығы - 530 км

Әлемдегі ең үлкен шөл- Сахара

Әлемдегі ең кішкентай құс- Калибри- 5 см

Әлемдегі ең ірі сарқырама- Игуасу ені- 270 м,биіктігі- 72м

Әлемдегі ең тар бұғаз- Гибралтар- 14 км

V топ

Ең үлкен ойпат - Амозонка

Ең ылғалды материк - О.Америка

Ең суыққа төзімді құс - пингвин

Ең халқы көп мемлекет - Қытай

Ең үлкен көл - Каспий

Қорытынды:География жер бетінің күрделі және қайталанбас ерекшеліктерін түсіндіретін тылсымы мен қызығы көп пән.Әлем туралы географиялық білім уакыт өткен сайын кеңейіп отыр.



































Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 лицей





Оқу ісінің меңгерушісі: Утешова М.Қ.









АШЫҚ САБАҚ



«География әлеміне саяхат»





















Алматы 2018





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
1168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі