Ашық сабақ"Халыққа жеткіз күйімді" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ"Халыққа жеткіз күйімді" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу .3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Халыққа жеткіз күйімді . Әбу Сарсенбаев .

Сабақтың мақсаты: 1) Ә.Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» әңгімесінің мазмұнын ашу, күй атасы Құрманғазы және Дина туралы тереңірек түсінік бере отырып, өз бетінше білім алуға үйрету;
2) Мәтін желісінде түсінік бере отырып сөздік қорын молайту, әр оқушының қабілетін, ойын, тілін дамыту, түсініп оқу дағдысын қалыптастырып, есте сақтауға дағдыландыру;
3)Дарынды, білімді, өнерді сүюге, оны құрметтеуге, берген антын орындауға және ұлттық өнерді насихаттауға тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың өту әдісі: сұраққа жауап, ой қозғау, түртіп алу стратегиясы.
Технология: СТО
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.
Көрнекілігі: Әбу Сәрсенбаев сурет, Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд,Дина өмірі туралы слайд, кесте, суреттері, үнтаспа.
Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту.

1) Психологиялық дайындық

Сәлемдесу рәсімі
«Сәлем- сөз анасы» деген қане амандасып алайық.

Армысың , асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.

2.Топқа бөліну

3 топқа бөлу.Қазір қай мезгіл екенін сұрап,қыс айларына бөлу,

ІІ. Мағынаны тану

3. «Сен мұны білесің» Ыстық орындық әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар арқылы.

2. Сәкен Сейфуллин кім?
3. Оқиға қай мезгілді суреттеген?
4. Іңкәрбектің отбасы,тұрмыс жағдайы.
5. Неліктен Іңкәрбек Сәкенге мұңын шақты?
6. Омар неліктен секем алды?
7. Сәкен қандай бала болды?
8. Аналары қалай айналып,толғанушы еді?


Ой ашар ..

4. Күй тыңдау Ай мектеп видеосын көрсету

  • Біз қандай музыка жанрын тыңдадық?

  • Күй туралы не білеміз?

  • Қандай күйшілерді білесіңдер?

Жаңа сабақ .

- Бүгінгі сабақта біздер, қазақтың ұлы , данышпан күйшісі Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова туралы өтпекпіз Біз бүгінгі сабақта қарт Құрманғазының кішкентай қыз Динаның алғашқы кездесуі туралы білмекпіз.Ол әңгімені бізге Әбу Сарсенбаев жазған. Ал, Әбу Сарсенбаев кім? Ол сұраққа жауап беру үшін танысып алайық

.Құрманғазы 1818 жылы Бөкей хандығында , қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жиделі деген жерде дүниеге келіп, 1889 жылы өмірден озды. Құрманғазы Сағырбайұлы-қазақтың ұлы композиторы Кедей шаруа семясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды.Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып,орындаушылық шеберлігін шыңдайды Есейген шағында атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді Оның кедейді,әлсізді жақтағаны,қара қылды қақ жарған турашылдығы би-болыстарға ұнамай,сан рет түрмеге де қамалды .Оның 60- тан асқан күйлері бар.Олар: Адай,Балбарауын,Аман бол,шешем,аман бол,Наридірген т.б.Құрманғазы мұрасын Динаға аманат етіп тапсырады

Дина Құрманғазының шәкірті. Дина кішкентай кезінен Құрманғазының күйлерін үйреніп, осы қазіргі кезге бізге жеткізген мұрагері деп білеміз. Өйткені ол кезде нотаға салу деген болған емес. Дегенмен де Дина күйлерді домбырада орындау арқылы нотаға түсіріп кейінгі ұрпақтарға жеткізген. Дина-күйші,сазгер.Оның:Бұлбұл,8 наурыз,Әсем қоңыр және т.б. Құрманғазының күйлерін барлық жерлерде орындалып, үлкен оркестрлерде орындалып жүр. Оның күйлерін бишілеріміз де би ырғағына салып билеп сахна төрінде үлкен орын алды.
5. «Оқы да тоқы»Оқулықпен жұмыс
Іштей оқыту.Тізбектей оқу.

Сөздік жұмыс

6. «Тапқыр болсаң,талас жоқ»Топтарға тапсырма

1-топ «2 жалған,1 шындық»

2-топ «5 жолды өлең»

3-топ «Таза тақта»

7.Жүйрік болсаң,шауып көр

Сөздерді орнына қою арқылы мақалды табу.мағынасын түсіндіру

«Ат тұяғын тай басар»

8.Ашық микрофон әдісі

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау

9.Үш тілді қатар үйренейік

Күй,күйші сөздерін 3 тілде айту

10.Кері байланыс

«Рухани жаңғыру»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі