«Балдаурен»мектепалды даярлық тобына
арналған
ұйымдастырылған оқу
қызметінің
технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:Тапаева.Г.
Білім
саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған іс
әрекеті:
Сурет
Тақырыбы: «Жау - жау жаңбыр, жау
жаңбыр»
Мақсаты:
1.
Жаңбырдың жаууын саусақпен
сурет салу тәсілі арқылы бейнелеуге
үйрету.
2.
Көктем мезгіліне тән құбылысқа
қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға
тәрбиелеу
3.
Есте сақтау қабілетін, сөздік
қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық
жабдықтардан жаңбыр бейнесін көріп тамашалау. Жаңбыр жайлы әңгіме,
дыбыс, музыкалық шығармалардан тыңдату.
Әдіс -
тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ -
жауап, тосын сәт «Жаңбыр дыбысы» видео көрсету. Саусақ, қол
жаттығуы. Өлең.
Көрнекті
құралдар: Сурет құрал - жабдықтары су
бояулар., қылқалам, Суреттер «Жаңбырлы күн», дыбыстық сурет слайды,
қолшатыр. Үлгі«жаңбыр» суреті. «Бұлт» бейнеленген альбом
парақтары.
Сөздік
жұмыс: көктем, бүршік жарды, жаңбыр, бұлт,
шалшық су, қол шатыр, тамшы, көк түсті бояу, теңіз, өзен, «жағын»,
жылы, күн.
Әрекет кезендері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық
Қозғаушы
|
қ/о
«Күн мен жаңбыр»
Мақсаты. Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып,
жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету. Балалардың
іс - әрекетке ынтасын арттыру.
Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген
сөзге қол шатыр астына жиналуы керек
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай болады?
- Күн ------
- Жаңбыр -----
- Ағаштар бүршік -----
- Құстар жылы жақтан ---
- Жерге жасыл шөптер ----
Көктемде қандай мерекені тойлайды?
- Біздерде наурыз тойын тойладық.
|
- Көктем мезгілі
-
жылиды.
- жауады.
- жарады.
- ұшып келеді.
- шығады.
- Наурыз тойын.
|
Іздену –
ұйымдастыру
кезеңі
|
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге
қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар.
«Жаңбыр»
- Тырс! Тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Терезе қағады.
- Тырс! Тырс!
Жылғалар ағады,
Сылдырап әуенге салады.
- Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды?
Жаңбыр қайда жауды?
- Кім жаңбырдың астында жүріп көрді?
- Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық.
«Жаңбыр дыбысы» видео ролик.
Балалар жаңбыр суреті мен дыбысын тыңдап болғасын тәрбиеші былай
деп сұрақ қояды.
- Балалар, біз жаңбырды немізбен көрдік?
- Жаңбыр дыбысын немізбен естідік?
Саусақ қол
жаттығулары:
«Жаңбыр жауды»
Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін
соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді
қаттырақ соғады.
Тәрбиеші:
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?
- Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді.
- Көк түсті не болады?
- Тамшының пішіні қандай?
Тәрбиеші:
- Балалар біз бүгін жаңбырдың суретін саусақты және бояуды қолданып
саламыз. Тәрбиеші көк түсті бояумен қалай жұмыс жасау керектігін
түсіндіріп, көрсетеді. Ол үшін саусақты суға малып, көк түсті
бояуды сумен езіп, парақ бетіне бастырамыз.
Тәрбиеші жаңбыр тамшысы суретін саусақпен салғанда:
- Тырс! Тырс! – деген сөзбен қоштап отырып, сурет салады.
Балалар жұмыс жасар алдында саусақты бояуға салмай тұрып, ауада
жаттығып көреді.
Тәрбиеші балалар жұмысын қадағалап, мадақтап жұмыстарына, көмек
береді. жаңбыр дыбысын қосып айтқан баланы мадақтайды.
Тілдік қимылды ойын ойнатады.
- Жаңбыр жауады. Тырс!
- Жаңбыр жауады. Тырс! Тырс!
- Жаңбыр көп жауады.
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
/бір орында тұрып, секіреді/
|
- Жаңбыр туралы.
- Жаңбыр терезеге, жерге, гүлге, шөпке
жауды.
- Көзімізбен көрдік.
- Құлағымызбен естідік.
- Балалардың алған әсері жайлы сөздерін
тыңдау.
Үстелді саусақ ұшымен соғу
- Бұлтты көріп тұрмыз.
- Жаңбыр жауып тұр.
- Су, өзен, гүл, заттар болады.
- Пішіні сопақша.
Тәрбиешінің көрсетіп жатқан саусақпен сурет салу
тәсіліне назар аударып, отырады
Балалар жұмыс жасар алдында саусақты бояуға салмай тұрып, ауада
көрсетеді.
Балалардың жеке жұмысы.
/тәрбиеші әр балаға жекелей көмек көрсетеді, сұрақ қойып балаларға
көмек береді/.
-
Тырс! /алақанды бір рет соғады/
- Тырс!, Тырс! алақанды екі соғады
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
/бір орында секіреді/.
|
Рефлексифті –
коррециялаушы
|
- Балалар біз қандай іс - әрекетпен
айналыстық?
- Ненің суретін салдық?
- Жаңбырдың, пішіні, қандай?
- Жаңбырдың дыбысы қандай?
Қандай тәсілмен салдық?
Балалар салған суреттерін тақтаға қойылып,
балалар назарына ұсынылады. Жақсы орындаған суреттерді мадақтап,
марапаттайды.
|
- Сурет іс әрекетімен
- Жаңбыр тамшысының суретін салдық.
- Түсі көк. пішіні сопақша.
- Тырс! Тырс! етеді
- саусақпен салдық
|
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
Жыл мезгілі көктемнің басты
ерекшеліктерін. Жаңбырды бейнелеудегі бояу түсін, дыбысын, пішінін,
бейнелеу тәсілін біледі
Түсінігі: Мезгілдің басты ерекшеліктерін
бейнелеу жайлы түсінік қалыптасады.
Орындай
алады:
Сурет салудың дәстүрден тыс
тәсілімен, саусақпен сурет салуға
дағдыланады.
Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Тамды ауылы
«Шаңырақ» бөбекжай балабақшасы
«Балдаурен» мектепалды даярлық
Білім беру
саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу
қызметі:Сурет
салу
Тақырыбы: «Жау - жау жаңбыр, жау
жаңбыр»

Тәрбиеші:Тапаева.Г.А.
2017ж