Материалдар / Ашық сабақ"Кәусар бұлақ тұнығынан"8 сынып

Ашық сабақ"Кәусар бұлақ тұнығынан"8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ пән мұғалімдеріне керек.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Мектеп «Ақалтын» жом

Тақырыбы: Кәусар бұлақ тұнығынан

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Мейірімділік, Жақсылық, Қамқорлық.

Мұғалім: Мейірбекова Сәуле Божбанбайқызы

Сынып: 8 «А» Оқушы саны 21



Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы С. А. Назарбаева жайлы көптеген мәліметтер айту,аналарды құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, балалардың «мейірімділік», оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру,«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.


Міндеттері:

Білімділік: әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;


Дамытушылық: балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту;


Тәрбиелік: адамзат баласының алдындағы үлкен парыз-ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу;


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: (4 түрлі түстерді алады, сол бойынша топқа бөлініп отырады)

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізу.

Оқушыларды сабаққа дайындау, демалдыруға, өзін еркін сезіндіру мақсатында «Өзіммен өзім» релаксациялық сәті жүргізіледі. Мұнда оқушылар музыка әуенімен көздерін жұмып, мұғалім айтқан сөздер арқылы ойланады.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз серуенге шығамыз. Ал қазір көз алдымызға таза әрі жайлы ауланы елестетеміз. Әдемі етіп салынған үй бізді бір үлкен үйге апарады. Біз баяу жүріп отырған үй иесінің бар ықыласпен отырғызылған гүлдеріне көз тастаймыз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз. Міне үйге де келіп қалдық, баспалдақпен жоғары көтеріліп, үйдің есігін ашыңыз. Үйдің ішінен жаңа піскен нанның иісі келіп тұр. Біз мейірімге, сүйіспеншілік пен татулыққа толы үйдеміз. Осы тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып күлімсіреңіз!

-Оқушылар! Сендерге бұл ұнай ма?

-Онда ұнаса осы үйдің жылылығын толтыратын мөлдір де тұнық, мейірімді аналарымыз аман болсын деп сабағымызды бастаймыз.


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

С. А. Назарбаева туралы мәлімет жинау.


Сұрақтар:

1. Сара Алпысқызы дегеніміз кім?

2. Сара Алпысқызын біз неге өзін – өзі тану пәнімен байланыстырамыз?

3. Қоғамға жасап жатқан жақсылықтары туралы не білесіңдер?

4. С. Алпысқызы қандай марапаттауларға ие болған?


3.Жаңа сабақ:

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Кәусар бұлақ тұнығынан» деп аталады.


  1. Дәйексөз

«Адамның адамшылығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» С. А. Назарбаева

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату.


Қазақстан Республикасының бірінші ханымы, қайырымдылық «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның анамызға арналған бейнеклипті тамашалайық.


5. Постермен жұмыс:

Тапсырма: «Ана өмір шуағы» тақырыбында газет шығару.

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды.Әр топ постерді қорғайды.


  1. Сергіту сәті:


7. «Мұғалім сыйы» Экраннан «Ата-ана алдындағы қарызың» атты мультфильмді көріп осыдан не түйгенімізді айтамыз.


8. Гүл, Су. Күн, Мақта.


Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды. Н.Ә.Назарбаев


Осы бір үш әріпті сөздің қасиеті мен құдіретін ешбір қаламгер жеткізіп бере алмайтын шығар!Аналарымыз аман болсын!


Жүректен-жүрекке:

  1. Айгүл Иманбаеваның орындауындағы «Ана туралы жыр» өлеңі орындалады.

  2. Әрбір оқушы ата-аналарына тілек айтады.


9. Үй тапсырмасы.

«Ана өмір шуағы» тақырыбында эссе жазып келу.



10. Соңғы тыныштық сәтi.


Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.


Қорытынды:

Алған әсеріңіз қандай?









31 Қаңтар 2018
831
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі