Материалдар / Ашық сабақ.М Жұмабев атындағы №137 ЖББ бастауыш сынып мұғалімі

Ашық сабақ.М Жұмабев атындағы №137 ЖББ бастауыш сынып мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М . Жұмабаев атындағы №137 ЖББ













16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік шапағаты»атты ашық тәрбие сағаты



























Сынып жетекшісі: Болатхан М.Б.



Тақырыбы: «Тәуелсіздік шапағаты»Мақсаты:Рухани жаңғыру бағдарламасына сай,еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Көрнекілігі: нақыл сөздер,плакаттар,буклеттер,музыкалық жабдық1-оқушыАтыңнан айналайын егемен ел,Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!Ғасырдың тойы болшы келе берер.2-оқушы:Тәуелсізбін мен бүгін,Келді, міне азаттығым, теңдігім.Бостандықта байлығым мен ендігім,Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!3-оқушы:Өзіңдікі -Елің де,Өзіңдікі – Жерің деӨзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!4-оқушы:Қанатыңнан қайрылып,Қыр рқаңнан айрылыпҚонақ-Тәуелсіздіктен,Қала көрме айрылып!

1-жүргізуші: Қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап беретін: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:Тәуелсіздіктің құны міне осындай...2 жүргізуші: Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 26 жыл толып отыр. Осы жылы Ұлы Жеңіске -72 жылстана қаласының құрылғанына -20 жыл.Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!Биыл 2017 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 31 жыл болды.Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік шапағаты» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.1-жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.Мен сенің салтанатты сағатыңаӨлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.Ал самға, әлем кезіп, ГимнімҚалықта Елтаңбасы- шаңырағым.Хор «Гимн»1-жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!2-жүргізушіАзат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің2-жүргізушіҚазақ дейтін менің бір елім,Жатыр алып жарты дүние әлемін.Бұл даланы анам жаспен суарған,Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.1-жүргізушіСол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз-өзінен жүрегім ән салады.2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.1-жүргізуші: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.2- жүргізуші: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі1-жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.2-жүргізуші: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.1-жүргізуші: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.2-жүргізуші: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.2-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.1-жүргізуші: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.2-жүргізуші: 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.1-оқушы: Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын.  Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  2-оқушы: Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.3-оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып,Үміттің оты өшкен күн.Жанына таппай бір шындық,Ер Қайрат қыршын кеткен күн.Қайғы езіп, елдің еңсесінЖаншыды-ау жанын батпан күн!4-оқушы:Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, СабираҚұрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылыКеткенде жоқ құлақтан зар басылып,Бұғаудағы боздақтары кете бардыБірі атылып, ал бірі дарға асылыпБейнеролик көрсету: «Желтоқсан желі»Ән: «Желтоқсан желі»1-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаны тұтады.5-оқушы : Қазақпын, еңселі елмін егеменді,Кеңейттім кең әлемге керегемді.Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттарТаныды тепе-тең деп тереземді.Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.Ән: «Атамекен» 2- жүргізуші:Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.6-оқушыМерекең құтты болсын егемен ел,Терезең барлық елмен тең ерен ел.Бабалар мәңгі бақи арман еткен,Теңдікті бостандықты иеленгендер7-оқушы:Бостандық құтты болсын ерікті елАйдын көл, көк майсалы, көрікті жерБостандықты аңсаған батырлардыңӘруағына бас ұрып, тәу еткен жер.8-оқушы:Егемен елімнің ертеңі деп,Елбасы баға берді жастарымаОқу оқы білім ал, елің үшінЕңбек ет тыным таппай, жан ая ма9- оқушы:Халқымның мақтанышы – алып тұлға,Әлемнің назары ауды Ақ ордағаБәйтерек – көкке қолын созып тұрған,Ұқсайды менің асқақ арманыма.10-оқушы:Ел болдық егеменді, теңдік алып,Бар әлем қазақ елін болды танып.Қайнауы кенге толы Қазақ елі,Жыл сайын келеді өсіп қанат жайыпӘн «Жаса қазақстан»ІІ- жүргізушіБүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Гимн. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.11-оқушы:Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.2- оқушы:Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ