Материалдар / Ашық сабақ."Математика әлеміне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ."Математика әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық қаралым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Шілде 2018
674
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат».

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика.Айналамен таныстыру.

Тіл дамыту.Құрастыру.

Тақырыбы:Математика еліне саяхат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Балалардың математикалық білім қабілеттерін

тексеру,алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы:Әр түрлі ойын-тапсырмалар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі:Сабаққа қызығушылығын арттыру. Балалардың өз

ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Балаларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

  Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

  Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік,ізденушілік,ойын , құрастыру

  Көрнекілігі: интер/к тақта ,есеп, өлең есеп,слайд.

  Сабақтың барысы:


Шаттық шеңбері. Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба,достарым!

Тәрбиеші:-Балалар бүгін менің телефоныма бір қызықты хабарлама келді.Қазір мен сендерге оқып беремін.

Хабарламаны оқу:-Саламатсыздарма ересек топ балалары!

Менің атым Ернар.Менде сендер сияқты балабақшаға барып жүрмін,жазыпта білемін,есепте шығара аламын.Далада ойнап жүргенде,қарындасым Айнұрды жоғалтып алдым.Қайда кеткенін білмеймін.Бірақ оныңда санап білгісі келіп,есеп шығарғысы келіп жүр еді.Мүмкін математика еліне кеттіме екен?Балалар,мен жалғыз өзім таба алмаймын ба деп қорқамын. Сендерден өтінем,маған көмектесіңдерші!С/м Ернар.

Тәрбиеші:-Не істейміз балалар?Ернарға көмектесеміз бе?Сендер қалай ойлайсыңдар?

Балаларды тыңдау.

Тәрбиеші:-Олай болса жолға дайындалайық.(Музыка)

Тәрбиеші:-Ой балалар қараңдаршы,мына жерде іздер жатырғой.

(ізбен жүру)

-Ормандағы аңдарды кім қатырып тастаған,қане оларға көмектесейік,оларды тірілту керек.Ол үшін тақпақ айту.(қоян,қасқыр,түлкі,тиын)

Тақпақтар:

1-ші бала:  Ақ қоян-ау, ақ қоян, 
Үркек қоян , сақ қоян. 
Қаша берсең қалыңға, 
Қорқағым деп ат қоям. 

     

2-ші бала: Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.

3-ші бала:Мен түлкімін, түлкімін, 
Мен айлакер түлкімін. 
Қулығымды асырып, 
Қуанып мен жүремін. 

4-ші бала: Мен тиінмін, тиінмін.
Қысқа жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің. 

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Қоян сен не бірдеңе айтқың келіп тұрма?Қане,менің құлағыма айтағойшы.

Тәрбиеші:-Балалар қоян бізге математика еліне апаратын жолды көрсеткісі келеді.Ол үшін жоба да құрастырып қойыпты.

(қояннан жобаны алып қарау)

Тәрбиеші:-Қане жобаны қарап алайық.Мына белгі бізге жол көрсетеді.

-Алдымен шыршаға қарай барамыз.Сосын жол кесіспесіне түсеміз,жол екіге бөлінген.Біздің қай жолмен жүретінімізді шешіп алу керек.

Мұқият қараңдар!Мүмкін біз түбірге қарай жүрерміз.

Балалар:Жоқ.Егер олай істесек біз әрі қарай жол таба алмай қаламыз.

-Онда қай жолмен барамыз?Шыршаға апаратын жолмен барайық.

Тәрбиеші:-Сонымен әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық,бірақ шыршаға жету үшін көктем айларын айту керек.

Балалар айтады:

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!,енді жүрсек болады.-Міне,шыршаға да жеттік.-Ал,енді жобамызға қарайық,ары қарай қайда барамыз.

Балалар:-Ағаштарға.

Тәрбиеші:-Ағаштар бүршік жара бастаптығой,қане қарайық.

Жапырақтарды жинау және санау.

(1ден 10ға дейін тура және кері санау)

Балалар санайды.(солдан оңға қарай,оңнан солға қарай)

Тәрбиеші:-Қане,балалар «Көршісін тап»ойынын ойнайық.

Тәрбиеші:-Ой жарайсыңдар,балалар.

-Балалар шаршаған жоқсыңдарма қане бой сергітіп алайық.

Сергіту сәті музыкамен орындалады.Музыка

Тәрбиеші:-Дем алып алдыңдарғой ,енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.(музыка)

Тәрбиеші:-Балалар,қараңдаршы біз Математика елінеде жеттік.(Есіктен Математика қаншайымы шығады)

Математика қаншайымы:Мен сендерді өзімнің елімде көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің келе жатқандарыңды мен біліп отырмын және не үшін келгендеріңдіде білемін.Айнұр шыныменде менің еліме келген еді.Сендер оның ағасына көмектескілерің келдіғой.-Сендер өте білімді балалар екенсіңдер,қане меніңде

математикалық тапсырмаларымды орындай аласыңдарма?

Балалар:-Ия.(тапсырмаларды тәрбиешіге беру)

Тәрбиеші:-Қане балалар тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?

Олай болса 1-тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма:Сандарды салыстыру. Артық,кем,тең (слайд бойынша)

2 -тапсырма:Топтық жұмыс.Үш топқа арналған.

1-топ:Қағаз бетінде шыршалардан орман жасау.

2-топ:Санағыштардан құрастыру.

3-топ:Пішіндерді топтастыру.

3-тапсырма:Логикалық есептер.

1)Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?(4 алма)

2)2 түйе, 3 жылқы.
1 сиыр, бір ешкі
Неше болды барлығы? (7)
3) Қазып жүр құмды үш мысық,
Екеуі жатыр күн ыстық.
Біреуі жүр шомылып,
Барлығы қанша санап шық. (6)

4)Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Шешуін кім тез шешеді? (5)
5)6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

Математика қаншайымы:-Ой қандай білімді балалар едіңдер,сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Математика қаншайымы:-Балалар менің соңғы тағыда бір тапсырмам бар еді.Соны орындай аласыңдар ма?

Балалар:-Ия.

Математика қаншайымы:-Менің ең жақсы көретін екі құмырам бар еді,бірақ олар сынып қалды,маған енді дәл сондай құмыралар керек мүмкін сендер жасап берерсіңдер,солай ма?

Балалар:-Ия.

Құмыра құрастыру.

1-топ:қыздар 2-топ:ұлдар

Математика қаншайымы:Рахмет балалар,қандай әдемі құмыралар жасадыңдар! Сендер менің барлық тапсырмаларымды да орындадыңдар.Сендерге көп рахмет.Сендер балабақшаға барам дегенше Айнұрда үйіне жетеді.

Тәрбиеші:-Енді біздің балабақшаға қайтатын уақтымыз болып қалды.

Бірақ қалай қайтамыз?

Математика қаншайымы:-Мен сендерге көмектесе аламын.Өзімнің сиқырлы таяғымның көмегімен сендерді балабақшаға қайтарамын.Сау болыңдар!

-Қане үш рет айналып,көздеріңді жұмып отырыңдар.(музыка)

Тәрбиеші:-Ой балалар қараңдаршы біз шыныменде өзіміздің балабақшамызға келіппізғой.

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Қандай тапсырмаларды орындадық?

-Сендерге саяхат ұнадыма?

Балаларды мадақтау.

Тәрбиеші:-Міне тағы да хабарлама келді.(оқиды)

«Балалар маған көмектескендеріңе рахмет.Қарындасым үйге оралды.Менің апам сендерге сыйлық беріп жіберді»деп сендердің досың Ернар.














































Ақтөбе қаласы














Ашық сабақ


Тақырыбы: « Математика еліне саяхат»










Дайындаған: Мысина Д.Ж















Ақтөбе қаласы 2014-2015 оқу жылы

014













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!