Материалдар / Ашық сабақ.Сап және оларды басқару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Сап және оларды басқару

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша жасалған ашық сабақ жоспары жалпы білім беретін орта мектептердің пән мұғалімдеріне арналады.Сабақтың мақсаты сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін, әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрену. Жоспар жаңартылған білім беру мазұны талаптарына сай жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
1112
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақай Тілес Төленбайұлы

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы

Түркістан облысы, Кентау қаласы, «Нұртас» ауылы

«Аманкелді жалпы орта мектеп» КММ-сі


Сабақ : Сап және оларды басқару

Мектеп: «Аманкелді жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалім:

Тексерген:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін, әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрену.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар

А. Әскери Жарғы талаптарын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ә. Саптық дайындықта жеке жүріп-тұруды біледі.

Кейбір оқушылар:

Б. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін біледі, орындайды.

Тілдік мақсат













Оқушылар:

Өз ойларын еркін, әскери талаптарға (бұйрық райда, жігерлі, анық) сай жеткізе біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Сап,қатар, машиналар желісі, маңдайшеп, саптың тыл жағы, аралық, арақашықтық,сап ені, саптың ұзындығы,

екі қатарлы сап, лек, жазылма сап, жорық сабы,бағыттаушы,тұйықтаушы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Сапты басқару жолдары....

Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде неліктен ерекшеленеді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Негізгі ұғымдарды (термин сөздерді)жазу


Алдыңғы оқу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихынан қысқаша сұрақ-жауаптар дайындау.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер де жазылады)

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе. Таныстырылым (7 мин)

Оқушылардың саптағы тұрысын, формаларын тексеру, рапорт қабылдау,

-Топтастыру. «Барлаушылар» әдісі бойынша сынып оқушыларын екі топқа бөлемін (2 мин).

-Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)

«Шындық, жалған» әдісі (презентация бойынша сұрақтарға жауаптар алынады).

1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп Білім туралы Заңда атап көрсетілген (жалған, Еліміздің Ата заңы – Конституцияда)

2. Ұлы Отан соғысының басталған күні - 24 маусым 1941жыл (жалған, 22 маусым, 1941 жыл)

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 - тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат - Әскери ант (шындық).

4. «Oriens» латынша сөзінің мағынасы: шығыс (шындық)

5. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы Талғат Бигельдинов (жалған, Бауыржан Момышұлы).

6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы -
Президент Н. Ә. Назарбаев (шындық).

7. Қазақстан Республикасы қарулы күштері 1992 жылы 16 желтоқсанда құрылды (жалған, 7 мамыр 1992жыл).

8. Сақшы қаруды түнде қалай ұстайды:тұрған бойы атуға ыңғайлы жағдайда (шындық).

9. Өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауылды бақылаушы деп атайды (жалған, Сақшы).

10.  Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету тактикалық дайындық деп аталады(шындық).

-Жаңа тақырыпты ашу. «Болжау» сратегиясы арқылы тұсаукесер көрсетіледі

(2 мин).

Сұрақ қою: 1.Бүгінгі сабақта нені үйренеміз?

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Сабақтың тақырыбы тақтаға, дәптерге жазылады.

Топтарға (оқушыларға) бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.














Мадақтау, ынталандыру








https://kk.wikipedia.org/wiki/Саптық_дайындық

Бағалау парақтары, «Сап және оны басқару» суреттер топтамасы

Ортасы

Негізгі бөлім

-Топтық жұмысқа тапсырмалар беру (27 мин)

1 тапсырма:

Мәтінмен танысу(8 мин)

Саптық дайындық — әскери тәртіпке үйретіп, тәрбиелейтін басты маңызды бөлімдердің бірі. Негізгі мақсаты - әскери қызметшілерді саптық бойды түзетуге, ептілікке, тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді, бөлімше құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға бағытталған. Саптық дайындық төмендегі бөліктерден тұрады: қарумен және қарусыз орындалатын жеке және саптық дайындық; бөлімшенің (есеп тобы, экипаждар), взводтардың, ротолардың (батереялар), батальондардың (дивизиондар) және бригадалардың жаяу жөне машинамен қозғалысы кезіндегі саптық реттілігі; бөлімше мен бөлімдердің саптық байқауы, сондай-ақ ұрыс алаңындағы әскери қызметшілердің қозғалыс жасау тәсілдері.

Сап және оның элементтері.

Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.

Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.

Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.

Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.

Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.

Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.

Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.

Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.

Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

Жорық сабы – бөлімше леккке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.

Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.

Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.

Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.

Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.

Алдын ала берілетін пәрмендер - саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.

Мысалы:«Автоматтарды-КЕУДЕГЕ»,«Взвод-ТОҚТА»,«Қатардағы жауынгер …. ай-нал» және т. б.

Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат» пәрмені беріледі.

Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.

Әскери қызметші:

  • өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;

  • нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;

  • саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;

  • сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;

  • бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.

Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.

Аға шендінің «Сәлеметсіздер ме, оқушы мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза», «Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деп жауап қатады.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек. Егер бас киім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек.

2 тапсырма: Теориялық материалды тәжірибеде көрсету (қимылдар мен пәрмендер бойынша жұмыстарды жасау). «Сап және оны басқару» әскери ойын

(15 мин).

Орында бұрылулар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс

Орында тұрғандардағы бұрылыстар: “Оң-ҒА!”, “Жарты айналым оң-ҒА!”, “Сол-ҒА!”, “Жарты айналым сол-ҒА!”, “Артқа Бұрыл!” пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бүрылу, жартылай солға бұрылу — сол қол жаққа қарай сол өкшемен жөне оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу, жартылай оңға бұрылу — оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі қимылда орындалады:

  • бірінші қимыл — дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салып бұрылу;

  • екінші қимыл — қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Қозғалыс адыммен немесе жүгіре отырып жасалады.

Адымдай қозғалыс жасау минутына 110-120 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 70-80 см.

Жүгіре отырып қозғалыс жасау минутына 165-180 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы — 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады. Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; қозғалысы кезіндегі; әскери сәлемдесуді орындау кезінде; командирдің (шені үлкен) бөлімшеге нұсқау беруі кезінде, әскери қызметшінің командирге (шені үлкен) баруы және қайтып оралуы, әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде, сондай-ақ саптық дайындық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саптық адыммен — БАС!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым — БАС!» пәрмені бойынша басталады. Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, салмақты орнықтылығын сақтай отырып оң аяққа салу керек; пәрмен берілгенде қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшы жерден 15-20 см жоғары көтеріліп, алға созылады және табанға нық қойылады. Қолдармен иықтан бастап дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға — иық буынынын, шегіне жеткенше. Саусақтарды жартылай бүгіп, басты тік ұстап, алдыға қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде командирдің (шені үлкен) нұсқауымен, сондай-ақ «ТІК ЖҮР!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Ал саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «ЕРКІН ЖҮР!» пәрмені бойынша жорықтық адымға ауысады.

Орында тұрып адым жасауды көрсету: «Орныңда адым — БАС!» (қозғалыс кезінде: «Орныңда!») пәрмені бо­йынша жүргізіледі. Шынтақты бүгіп денеден алақан еніндей қашыктықта белдіктің үстінде ұстау. Осы пәрмен бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жүргізіледі, бұл ретте аяқты жерден 15-20 см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қояды. Сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «ТУРА!» пәрмені бойынша оң аяқпен орында тұрып тағы да бір адым жасап, қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастайды. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болады.

Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА!» пәрмені беріледі. Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасау керек және саптық тұрысты қабылдау керек. Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «КЕҢ АДЬІМ!», «ҚЫСҚА АДЫМ!», «ЖИІ АДЫМ!», «СИРЕК АДЫМ!», » АДЫМ!», «ТОЛЫҚ АДЫМ!» деген пәрмендер беріледі.

Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға басқа жаққа ауыстыру үшін де пәрмен беріледі. Бұл кезде әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым аттау керек.

Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін де пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) — БАС!» Осы пәрмен бойынша әрбір адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, алға (артқа) екі адым басу керек. Оңға, солға және артқа орын ауыстыру кезінде қолмен қозғалыс жасалмайды.

Қозғалыстағы бұрылыстар

Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар: «Оң-Ға!», «Сол-Ға!», «Артқа бұрыла — БАС!» пәрмендері бойынша орындалады. Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пәрмен жерге оң (сол) аяқты қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек, оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға — сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек.

Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі. Жүгіре отырып қозғалу кезіндегі солға және оңға бұрылу қозғалыстағы адымдай жүру кезіндегідей және орында тұрып бұрылыс жасаудағыдай қадаммен, жүгірумен үйлестіріле орындалады. Жүгіріп келе жатқанда артқа бұрылу бір орында сол қол жаққа қарай төрт есепте жүгірумен үйлестіріле жүргізіледі.

Оқушылар: І топ- Мәтінді топта әңгімелей отырып,негізгі ойды айқындайды. Саптық дайындықта қолданылатын терминдер мен олардың мағынасын түсіндіру.

ІІ топ – Саптық дайындықта қолданылатын пәрмендерді мен қимылдарды көрсету.

3тапсырма: Әр топ өздеріне берілген тақырыпшаларды «SWOT» әдісімен (мықты, әлсіз, қауіпті жақтары)талдайды (4 мин)

SWOT стратегиясы

КҮШТІ


ӘЛСІЗ


МҮМКІНДІК


ҚАУІПТЕР







































2 тапсырма бойынша формативті бағалау.

Оқушылар әр топтың әскери ойынын көре отырып, стикермен бағалайды.



3 тапсырма бойынша формативті бағалау. Қол шапалақтау арқылы жүзеге асады












«Саптық дайындық» (плакаттар жинағы), презентация, бейнефильм,маркерлер, стикерлер














Аяқталуы

Бекіту. Негізгі ұғымдар бойынша сәйкестендіру тесттерін орындау(4мин).

Қорытындылау.

Бағалау.Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды. Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Деңгейіне сәл жетпеген оқушыларды ынталандыру.

Рефлексия («Алақан» әдісі бойынша)(2мин)

Үйге тапсырма: «Сап және оны басқару» тақырыбын оқу.

Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау

Негізгі ұғымдар жазылған сәйкестендіру тесттері.






Парақшалар

Қосымша ақпарат

https://www.youtube.com/watch?v=U25ZONrsZ_U

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және оқушылар еңбегін қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Рухани құндылықтарды сіңіру

Дарынды және талантты оқушыларға «Шындық, жалған» әдісі арқылы жылдамдыққа сұрақтар қойып жауап аламын және «Саптық дайындықты меңгеру кезінде сарбаздарда қандай проблемалар туындауы мүмкін, шешу жолдары қандай?» деген сұрақтар беру арқылы оқушыларды сыни ойлауға, өздігінен шешім қабылдай алу дағдысын дамыту мақсатында сыни тапсырмалар беремін. «SWOT» әдісінің өзі оқушыларды жан-жақты ойлауға жетелейді. Төмен деңгейдегі оқушыларға жеңіл сұрақ-жауаптар мен терминмен жұмыс берілді.

Формативті бағалау әдістері, «Бағалау парағы» арқылы бағаланды

Сабақ тарих, математика (интервал, бұрыш, градус) пәнімен тығыз байланысты құрылды.

Оқушылардың топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен қарым-қатынас орнады.

Оқушыларды топқа бөлуде жаңа сабақтың тақырыбымен байланыс болды.

Рефлексия

-Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

-Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

-Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

-Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз






Бағалау парағы

Аты-жөні .................................................................................

Үй тапсырмасы

Қимылдар мен пәрмендер бойынша жұмыстарды жасау

«SWOT» әдісі

Сәйкестендіру тестімен жұмыс

Қорытынды

«Шындық, жалған»

Әр жауапқа

1 ұпай

Мах-10 ұпай

Белсенді қатысса 2 ұпай

1 ұпай

1 ұпай

Ең алғаш орындаған 5 оқушы бағаланады.

1 ұпайдан


1 ұпай

1 ұпай










Бағаға айналдыру шкаласы

19-15 ұпай= «5», 14-9= «4», 8-3= «3», 2-ден төмен болса баға қойылмайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!