Ашық сабақ.Тұқымқуалаушылық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ.Тұқымқуалаушылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынып отырылған сабақ жоспарының биология пәнінің мұғалімдеріне берер көмегі мол.Сабақта аталған тақырыпқа сай тапсырмалар және дискрипторлар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тақырыбы:

8.4 С Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары


Мұғалімнің аты-жөні:

Мырзакулова Г.М

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы. Өзгергіштік пен қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік арасындағы өзара байланыс.


Күні: 19.04.2019ж

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы ролін дәлелдеу


Са Сабақтың

мақсаттары



Барлық оқушылар:Негізгі генетикалық символдарды сипаттай алады.

Оқушылардың көпшілігі:Буданды шағылыстыруды көрсету және жыныстың ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне арналған генетикалық сызбаларды толтыра алады.

Кейбір оқушылар:Генетика мен тұқым қуалаушылық туралы түсінеді.

Бағалау критерийі

. Моногибридті будандастыру кезінде белгілердің тұқымқуалауын болжайтын генетикалық сызба жасайды

Тіркес тұқымқуалау тақырыбын тереңдетіп зерттейді.

Тұқым қуалаушылық жайлы түсінік қалыптастырады

Тілдікмақсат

Оқушылар:

Құндылықтардыдарыту

Өз идеялары мен көзқарастарына ой тастайтын, жаңа идеяларға және көзқарастарға ашықтық

АКТ дағдысынқолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Алдын-ала білімдер

Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгергіштік

Хромосомалар ДНҚ-дан түзіледі, ал ДНҚ үлескісі ген деп аталады

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эколюциядағы маңызы

Гаметалар ядро бөлу кезінде түзіледі – ядро мейоз жолымен бөліп хромосомалар санын екі есе азайтады. «галлоидты» және «диплоидты» терминдері)



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар


0-5 минут











520минут

















20-25 минут





25-30 минут









30-35 минут

Үй тапсырмасын сұрау.

1.Генетика дегеніміз не?

2.Мендель кім?қандай еңбектері бар?

3.Не себепті асбұршақты алды?Асбұршақтың қандай қасиеттері бар?

4.Өсімдіктің қандай белгілеріне назар аударды?

5.Генотип дегеніміз не?

6.Фенотип дегеніміз не?

7.Доминанттылық?

8.Рецессивті ?

9.Гомозигота ?

10.Гетерозигота?

Жаңа сабақты баяндау

Тұқымқуалаушылық - ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Тіршілік иесінің бұл ерекшелігін көбеюге дейінгі ДНҚ – ның еселенуі кезіндегі генетикалық ақпараттың берілуімен қамтамасыз етіледі.

Өзгергіштік – тірі ағзалардың өз ата – енелерінен айырмашылығындағы ортақ қасиеті. Дарақтар көбею кезінде ата тектерінен ешкімнің көшірмесін толық бере алмайды. Шындығына келсек, дарақтардың жыныссыз көбеюі кезінде де аналық формалардың дәлме дәл көшірмесі болмайды.

Тұқыақуалайтын өзгергіштік – қоршаған ортаның әрекетіне тікелей тәуелді. Ал , тұқым қуалау өзгергіштігін генотип, яғни тұқым қуалаушылықтың математикалық негіздері: хромосомалар, гендер қамтамасыз етеді. Тқымқуалау өзгергіштігі эвлоюциялық үдірісте орасан зор рөл атқарады.

Мутация дегеніміз – қандай да белгіге әсер ететін генетикалық материалдың кенеттен, секірмелі өзгеруі. Бұл құбылыс еселену кезінде жиі өтеді. Мысалы, бір нуклеотидтің орнына екінші бірін – бірі толықтыратын нуклеотид сапқа тұрады. Ең ұсақ мутациялық өлшем – мутон.

Ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады.

Р АА х ●аа

G. А а

F1 Аа – 100%Мендельдің бірінші заңы біркелкілік

Мендельдің екінші заңы ажырау

Тапсырма:

Тапсырма 1
Берілген үлгіні қарап бірінші ұрпақты анықтаңыздар...


Тапсырма 2

Асбұршақ тұқымының сары түсін анықтайтын А гені, жасыл түсін анықтайтын а геніне қарағанда доминантты. Төмендегі жолдармен будандастырылып алынатын ұрпақтардың тұқымдарының түстерін анықтау керек.

А) Аа Х Аа

В) АА Х Аа

С) аа Х АА

D) Аа Х аа


Жұптық есептер


Кохут тест тапсырмасы

1. Тұқым қуалаушылық пен өзгергішілік зерттейтін ғылым:

А) биология ә) эмбриология

Б) гельминтология г) генетика

2. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашқан кім:

А) Г. Мендель

ә) Морган

Б) Де Фриз

в) Чермак?

3. Бірніші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіл:

А) ген

ә) доминнантты

Б) аллельді

в) рецесстивті

4. Бірніші ұрпақта көрінбей қалған қарам - қарсы белгі:

А) ген

ә) доминнантты

Б) аллельді

в) рецесстивті

5. Қарам - қарсы белгілердің анықтайтын жұп гендер:

А) ген

ә) доминнантты

Б) аллельді

в) рецесстивті

6. Ата - аналары бір - бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру қалай аталады:

А) моногибридті

ә) дигибридті

б) полигибридті?

7. Генотипі АА болатын өсімдіктер қандай гаметалар түзеді:

А) аа

ә) АА

б) Аа

в) аА

8. Бір - бірнен айқын бір жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды шағылыстырса, бірнеше ұрпақта генотипі де, фенотипі де біркелкі будандар алынады. Бұл қай заң:

А) ажырау заңы

ә) Морган заңы

Б) біркелікілік заңы

в) тәуелсіз ажырау заңы?

9. Аллельді гендері бір ғана белгінің дамуына, яғни екеуі де не доминантты (АА), не рецессивті (аа) белгіні анықтайтын организм:

А) гомозиготалы

ә) гетерозиготалы

Б) фенотип

в) генотип

10. Аллельді гендері екі түрлі - біреу доминантты, екіншісі рецессивті (Аа) белгінің дамуын анықтайтын организм:

А) гомозиготалы

ә) гетерозиготалы

Б) фенотип

в) генотип


Қорытынды сұрақтары: осы екі топқа қойылған сұрақтардан қайталау ретінде бірнеше сұрақтар арқылы қорытындылады.

  1. гендері жыныстық хромосомаларда болатын белгілерді қандай белгілер деп атаймыз

жауап жынысқа тіркес белгілер.

2) тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы қандай қағидаларды қамтиды

жауап А)гендер хромосомада түзу орналасадв.

Б) бір хромосомада орналасқан гендер тіркес немесе бірге тұқым қуалайды.

С) мейозда гомологиялық хромосомалар арасында үлескілерінің алмасуы – айқаспа болуы мүмкін.




Нұсқаулықты мына мекен-жайдан алуға болады

Осы анимацияны пайдалануға болады.

http://www.siskiyous.edu/class/bio1/genetics/monohybrid_v2.html


интерактивті мысалдар пайдалана алады, мысалы:

http://www.zerobio.com/drag_gr11/mono.htm


http://www.youtube.com/watch?v=z8yLj-p-zGo

http://www.youtube.com/watch?v=rQ3oe39j7m8







35-40минут



Рефлексия

Кері байланыс оқушының тақырыпты меңгергеніне байланысты талдау жасауына ықпал етеді.

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Пәнаралықбайланыстар

Денсаулықжәнеқауіпсіздік

АКТ-менбайланыс

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиелейтін элемент)

Бірнеше оқушыға парақтағы көптеген нұсқауларды таратуға болады. Талдаусұрақтары қосымша сұрақтарды қамтиды.

Бірнеше сыныппен, түрлі топтар мен қоректің бірсынағына ғанатоқтала кетуге болатын еді – кейбірсыныптар қосымша тапсырманы толтыруы мүмкін.


Оқушыларға ұрық жолдас арқылы өтетін заттар көрсетілген таратпа материалдар жинағын таратыңыз. Оқушылар оларды екі санат (ана, бала) бойынша сұрыптайды. Содан кейін оқушылар таратпа материалда жазылған сөздерден сөйлемдер құрайды. Оқушыларға адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен есірткінің әсері туралы деректер беріледі.


АКТ- дан суреттерді , қаңқаның биін, слайдты көрсету.

Тауық сүйегін ашып көрсетудегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

Денсаулықты сақтауға баулу, өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту.

Сурет,валеология.

Рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?


Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?


1:


2:


Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2019
1549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі