Материалдар / Ашық сабақтың презентациясы "Қазақ тілі - қандай тіл?" 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақтың презентациясы "Қазақ тілі - қандай тіл?" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіндегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау; Диалог құруда оларды орынды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2022
782
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті
11-сынып
Бөлім:“Тіл.Өнер.Әдебиет”
3-сабақ

Тақырып:«Қазақ тілі - қандай тіл?»
Дайындаған:Ерғалиева Гүлнар Сайнқызы,
Орал қаласы №23 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

«Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза,
әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен, әрі
әдемі сөйлеудің үлкен шебері»
Бауыржан Момышұлы

11-сынып,Т2

Сабақтың тақырыбы:

«Қазақ тілі - қандай тіл?»

3-сабақ

Сабақтың мақсаты:

• Мәтіндегі күрделі сөздер
мен терминдердің жасалу
жолын анықтау;
• Диалог құруда оларды
орынды қолдану.

әуезді

әуенді, үнді, әсерлі

өткір

айбынды, күшті, батыл, өжет

өнегелі

үлгілі, парасатты, тәрбиелі

өрнектеген

бойы

жырлаған, дәріптеген

бұл жерде: көмекші есім

Жаңа сөздер:

Мақал-мәтелдер:

Тіл

«Ұлт үшін тілінен
қымбат еш нәрсе жоқ»

Басқа пәле -

қызыл тіл

қылыштан да өткір

Мағжан Жұмабаев

Өнер алды -

тілден

Күрделі сөздер екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуінен, қосарлануынан,
қысқаруынан, тіркесуінен жасалған сөздер.

Біріккен сөздер:

Қос сөздер:

бүгін, жаздыгүні, алғысөз

үлкен-кіші, ата-ана

Қысқарған сөздер:
ҚР, БҰҰ, БҚО

Тіркесті сөздер:
қазақ тілі, ана тілі, араб тілі

Терминдер ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды
дәл білдіретін арнаулы сөздер, яғни нақты бір ұғым атауы.

Бір ғана нақты мағыналы

Эмоционалды бояу болмайды

Мәтінмен жұмыс
Қазақ тілі – түркі тілдерінің
ішіндегі ең таза, әуезді тіл. Қазақ
тілінің негізгі лексикалық қорын
көне түркі сөздері құрайды. Түрік
тілінде араб тілінен енген сөз өте
көп екен. Солардың орнын
алмастыру үшін түріктер қазақ
тілін
донор
тіл
ретінде
қолданғылары келеді.

Қазақ тілі – кемел тіл. Қазақ
тілі – стильдік тармақтары
сараланған,
әдеби
стильдері
қалпына келген, қолдану әлеуеті
өте жоғары тіл. Қазақ тілі – өте
бай тіл. Қазақ тілінің байлығы
лексикалық
қоры
мен
грамматикалық
формалардың
көптігінен ғана көрінбейді. Бұл
форма байлығы сөйлеп тұрған
адамның сөйлеушіге деген әртүрлі
қарым-қатынасын,
эмоциясын,
сөйлеуші
мен
тыңдаушының
мәртебесін көрсетеді.

Тапсырма: мәтіннен күрделі сөздер мен терминдерді тауып,
олардың жасалу жолын анықтаңдар.
Ең бастысы – қазақ тілінде қазақ
халқының жаны, рухы сақталған. «Рух»
деген – ақыл. «Ақыл» деген – білім.
Қазақ
ұлтының
ғасырлар
бойы
жинақтаған білімі мен моральдық
этикеттік нормалары, сұлулық пен
әділдіктің,
жақсылық
пен
жамандықтың эталоны қазақ тілінде
сақталған. Сондай-ақ өмір сүруді, өзін
ортада ұстауды үйрететін көп құнды
дерек те тілде сақталған. Ұрпаққа
өнегелі тәрбие берудің жолдарын да
тілмен өрнектеген.
Дескриптор:

-

Мәтіннен күрделі сөздер мен терминдерді табады;
Олардың жасалу жолын анықтайды.

Академик Рабиға Сыздықова:
«қанша ғасыр бойы қазақ халқы тірі,
бар болса, ол – тілінің арқасы», деген. Қазақ халқының өмір сүрген
мемлекеттері, әлеуметтік жағдайы,
қазақ ұлтын құраған тайпалар мен
рулардың құрамы да өзгеріп отырған.
Бірақ
тілінен
қазақ
ешқашан
айырылмаған.

Айтылым
1

Түркі тілдерінің ішіндегі ең таза
әрі әуезді тіл – қандай тіл?

2

Қазақ тілі неліктен таза тіл
саналады?

3

Түріктер қай тілді донор
ретінде қолданғылары келеді?
Неліктен?

4

Тілде қандай нормалар мен
құндылықтар сақталған?

Тапсырма: Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап беріп,
диалог құрыңдар.

Дескриптор:
-

мәтін бойынша диалог құрады;
күрделі сөздер мен терминдерді орынды қолданады.

әуезді

кемел тіл

ең таза

Қазақ тілі – қандай тіл?

әдеби

көркем

өте бай

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақ маған ұнады, себебі мен ... үйрендім.

Маған ... қиын болып көрінді.

Мен енді ... үйренгім келеді.

Сабақ аяқталды

Назарларыңызға рахмет!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!