Күні: 04.03.2017Тақырыбы: «Шуағын шашқан аялы алақан» Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу.Көрнекілігі: слайд,шарларКоррекциялық мақсаты: Оқушының тілін, ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.Бекзат: Гүлім мында не болып жатыр, Неге ата-аналар жиналды екен? Бүгін не мереке ме? Гүлім :Әрине, біздердің мерекеміз ғой Бекзат: Ой, қыздардың мерекесі ме? Қыздардың бәрі бұзық қой. Гүлім:Қыздар бұзық емес, біз тек еркеміз. Бекзат: Онда қыздардың қалғаны қайда,ендеше бәріміз қыздарымызды шапалақтап ортаға шақырайық?
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты ұстаздар,аналар, ақ жаулықты әжелер,қыздар! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз жайдарлы жүздеріңіз жарқын болсын. Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ендігі кезекті аналарымызға арналған тақпақтарыға берсек.Хор: Анашым
Жүргізуші:Гүлдей жайнап тұр өңіМейірлене күледіҮйдегі бар шаруағаҮлгіреді бір өзі
Ата-аналарға арналған ой толғау.
Жүргізуші : Бүгін аналардың мерекесі ғана емес,әжелердің де мерекесі.Қариясы бар үйдің,қазынасы бар дегендей әжелер әзіліне кезек берейік. Әзіл: «Әжелер»
Жүргізуші:Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын. Тек немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер.
ЖүргізушіАналарды теңейміз ғой құндызға, Күнге де, айға да, жұлдызға. Өмір бақи анаменен Бақытты ғой ұл-қыздар!!!-дей келе келесі кезекті биге береміз.
Жарайды оқушылар ендігі кезекте анама хат оқитын Мұрат Бекзат
Осы балалар аналарын мерекеге барғанда қандай болады білесінбе?Әдемі киінеді, боянады, шаштарын әсемдейді.
Құрметті аналар енді балаларыныздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Жарайды бүгін біз аналарымызға арнап ән де, би де ,әзіл де,тілекте айттық.Енді ана туралы мақал мәтел айтайық?Қане, кім бастайды?
Жүргізуші: Аялы да, алтын нұрлы анашым.Жүрегіммен мәңгі бірге боласыңСен асқарсың, сен аспансың биіксің.Сен дархансың, сен жомартсың, данасың-, дей келе сіздерге арнап жасаған балаларыныздың сыйлықтарын тарту етеміз және құттықтай бейне ролигін ұсынамыз.
Жүргізуші: Құрметті ұстазадар, ата-аналар бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін.