«Наурыз-жыл басы»
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны
біз.
Халқы сүйген
мейрамды
Қарсы алайық
Наурызды!
Наурыз
тойын жұп жазбай
Қошеметпен
қарсы алып.
Досқа құшақ
ашайық.
Өлең-жырға
басайық.
Қазақтың
бір салты деп
Тойға шашу
шашайық.
Алтынбек жүгіріп шығады. Әже, әже қонақтар келе жатыр! Дейді .
Әжесі; келінім шайыңды қой , дастарханды жай дейді
Кісілер келіп көрісіп амандасады
Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы,адам баласымен табиғат ана қайта жаңғырып ,түлейтін –әз Наурызбен құттықтаймыз!
Уа ,ағайын халайық,
Мұнда назар
салайық!
Мерекесі
халықтың.
Наурыз
тойын бастайық! Деп балалардың наурызға
арнаған тақпақтарын тыңдайық
Наурыз тойы
әдемі,
Әжем еске
түсірді
Біздерге арнап
әдемі, Мұрат
Наурыз көже
пісірді
Арпа, бидай,
тары бар
Қатық, малта,
тағы бар . Айсезім
Ішілетін,
жейтінің
Бұл көжеде бәрі
бар.
Бата беріп
атамыз,
Бата беріп
әжеміз Алихан
Тәтті болып
жасаған
Көжеден дәм
татамыз
Құт бауырсақ
шашылып,
Наурыз тойы
ашылсын Аймереке
Бір бірімен
мына жұрт
Көрімдігін
асырсын
Күттіріп келген
жыл басы
Бізбен бірге
жырлашы
Дастарханға
елімнің Ә
Бекжан
Береке ырыс
сыйлашы
Ой, халайық,
халайық
Әсем әнге
салайық
Наурыз тойын
көңілді Бану
Бірге қарсы
алайық
Кел балалар
ойнайық,
Наурыз тойын
тойлайық Сидолла
Баянды боп
мереке
Қыр гүліндей
жайнайық Алтынбек
Наурыз келді сән құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейірім таң күліп Әділбек
Наурыз тойы салтанат
Наурыз тойы мархабат
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап Руфина
Балалар ортамызға Наурыз
мерекесінің тағы
бір құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің
кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан
қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда
шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Балдәурен балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін
деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар
тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу
бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты,
ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір
нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп
алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге
ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен
үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды:
«Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды
дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа
жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар
шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе
жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай
қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің
қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян
шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба,
әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше
қалыптасқан салт дәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз
адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал,
қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады.
Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп
амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда
Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп
амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен
көрісіп амандасады.
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп
барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп,
сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп
иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын
құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ
мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір
көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге
айналды.
Батыр; « мен сияқты кім батыр болғысы келеді? Кәне білектеріңнің күшін көрейін» деп «күш сынасу» ойынын ойнатады.
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп. Деп балалардың биіне кезек берейік
Әжесі: « әз Наурызда көрісіп келіп жатқан ағайындарым тағы да қош келдіңіздер.Осы себеппен басымыз бір жиылып қалған екен. Немереме айдар шаш қою дәстүрін Тұрсын әжесіне жолдаймын. Салт-дәстүр орындалады.
Шырқаған балапаным өз тіліңде,
Күнің шықты алдынан, сен күлімде.
Мерекеде ән айтып, би билеген,
Құштар болған сен өнерге, білімге. Деп кезекті ару қыздарымыздың биіне береміз
Бауырласқа
тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз. Шөміш қағу дәстүрі орындалады
Әжесі кәде сыйын сыйға тартады
Құрметті ата-аналар,
«тәрбие – отбасынан басталады» демекші тұрмыстық
салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз.
(қоржындағы нөмерленген асықтарды
ұсыну)
1. «Ерулік» беру дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?
2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3.Мәйек дегеніміз не?
Мәйек дегеніміз- жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.
4. Қымызмұрындық дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз – бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.
5. Тоқымқағар дегеніміз не?
Тоқымқағар дегеніміз-жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқығар жасап, мал сойылып,үлкен-кіші шақырып қонақ етеді.
6. Ең көп сақталатын ұлттық тағам?
Ең көп сақталатын ұлттық тағам-құрт.
Әжесі: ауылдың алты ауызы бір ән бастайық
Әжелер «Сәулем» әнін орындайды
Аналарымыздың жауабын тыңдайық
Наурыз күні
той-думан,
Ортамызды
ашайық.
Әнімізбен
халыққа,
Інжу-маржан
шашайық.
« Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін бірге орындайық
Ұлы халқым есептескен
Ата салтын ешкім теппеген, аттап кетпеген
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген.
Ұлы күнде, халайық,
Қалай қарап қалайық
Сәйгүліктей ағайық
Жасын болып жанайық!
Ортамызға атамызды шақырып
Ақ
батасын алайық! Бата
береді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық шара Наурыз жыл басы

шағым қалдыра аласыз