Ашық сұрақтарды қолдану арқылы оқушылардың алған білімді жинақтау дағдысын дамыту.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сұрақтарды қолдану арқылы оқушылардың алған білімді жинақтау дағдысын дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сұрақтар - бұл толық жауап және кез келген түсініктеме талап сұрақтар болып табылады. ол, не «иә» немесе оларды жауап беруге мүмкін емес «жоқ». Бұл сұрақтар сұрақ сөздер мынадай басталады: «қалай», «кім», «қандай», «неге», «қанша», «қалай», т.б. ...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сұрақтарды қолдану арқылы оқушылардың алған білімді жинақтау дағдысын дамыту.

Ашық сұрақтар - бұл толық жауап және кез келген түсініктеме талап сұрақтар болып табылады. ол, не «иә» немесе оларды жауап беруге мүмкін емес «жоқ». Бұл сұрақтар сұрақ сөздер мынадай басталады: «қалай», «кім», «қандай», «неге», «қанша», «қалай», т.б. ...

Мұндай сұрақтар сіздің досыңыз өзіңіздің жауап ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, бұл көзі ол жария етпеуге еді фактісін жасыру болатынына әкелуі мүмкін. Егер тиісті эмоционалдық жағдайға сұрақ, егер Бірақ, екінші жағынан, әңгімелесуші ашу және сізге сұрады қажетті мәселе әлдеқайда көп айта алады.

Ашық сұрақтар сіз әңгіме сіздің монолог қосу үшін мүмкіндік береді. Алайда, сіз әңгіме бақылауды жоғалтады, және қайтадан бақылау оралады деп қауіп қиын болады бар.

Барлық НЗМ оқушыларының басым бөлігі тізбектелген ашық сұрақтарға сапалы жауап жазбағандарына көзім жетті. Менің осы оқу жылында төрт сыныбым сыртқы жиынтық бағалау емтиханына қатысатын болғандықтан, бұл мәселе мені оқыту үдерісін ұйымдастырушы пән мұғалімі ретінде қатты толғандырды. Сондықтан осы талдау нәтижелері арқылы кәсіби таңдау мақсатымның тақырыбын «Ашық сұрақтарды қолдану арқылы оқушылардың алған білімді жинақтау дағдысын дамыту» етіп алдым. Мәселені шешу мақсатында «Lesson Study» тәсілі арқылы сабағыма зерттеу жүргізуді шештім. Тобымыз химия және физика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерден құралды. Осы пәндерде қарастырылатын тақырыптар, дағдылар оқу жоспарында көлденең ұштасады. Өткен жылғы тоқсандық қорытындылардың нәтижесінде 10A сыныбым төмен нәтижені көрсеткендіктен зерттеуге алдым.

Сабақтың жоспарын тиімді және ұтымды етіп жоспарлау арқылы пәнді оқытуда сапалы білім беруге болатындықтан мен әріптестеріммен бірлесе сабақты зерттеу аясындағы кешенді сабақ жоспарлауыма ұзақ уақытымды арнадым. Әріптестеріммен Lesson Study тәсілі бойынша сабақты зерттеу мақсатында А,В,С оқушыларына бақылау жүргізу жолдарын қарастырдық. Таңдалып алынған тақырып бойынша тапсырмалар дайындау үшін, ең бірінші оқушылардың ақпаратты қабылдау қабілетіне қарай физиологиялық ерекшеліктерін анықтау қажеттігі туындады. Ақылдаса келе, оқушылардан С.Ефремцевтің тестін алуды ұйғардық. Психолог маманымен бірігіп, оқушылардың физиологиялық ерекшеліктерін анықтауда кинестетиктердің саны 20%, ал ақпаратты аудиалды қабылдау қабілеті бар оқушылардың пайызы 47% және визуалды ақпаратты қабылдау қабілеті бар оқушылардың үлес пайызы 33% болды.

Осыған дейін ұйымдастырылып, өткізілген LS сабақтарының нәтижесін ескеріп, төртінші цикл бойынша өткізілетін сабақты әріптестермен жоспарлауды жөн көрдік. Жоспарлауда оқу мақсаттарына жетуге ұсынылған стратегиялар мен ресурстарды қолданғандықтан көздеген мақсатымызға қол жеткізетінімізге сенімді болдық.Төртінші циклдегі «Лоренц күші» тақырыбында қысқа мерзімді жоспар жасалынды.Оқушыларға алдынғы сабақта оқыған тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Кездейсоқ таңдау» әдісін қолдануды жөн көрдік. «ClassTools.net платформасында орнатылған жағымды музыкалық сүйемелдеумен өткізілгендіктен, жағымды қарым-қатынас орнатылады және оқушылардың алдыңғы алған білімін бағалауда, сұрақтарға жауап беруде кәсіби мақсатыма сай ең қарапайымнан бастап күрделісіне дейін ойлау қабілетін анықтауға арналған «Блум таксономиясын» қолдануды ұйғардық. Алдыңғы білімін бағалауда бір-бірінің жауабын мұқият тыңдап, талдау үшін оқушылар бірін бірі «Екі жетістік, бір ұсыныс» тәсілі арқылы бағалауға болады деп шештік.

«Топтас-Бөліс-Қайтала» әдісі бойынша, оқушыларды жаңа тақырыпқа ой жүгірту мақсатында, оқушыларды топқа бөлуді жоспарладық. Топқа бөлуде оқушылардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеруді жөн көргенімді әріптестеріммен бөлістім. Әріптестеріммен ойларымыз бір жерден шықты. Себебі бұл әдіс топтық жұмыс болғандықтан, дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушылар топтың ішінде өздерін қалай ұстайтындығын көрсетеді және әр топ физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма орындай алады,сонымен қатар біз оларды зерттей аламыз деп жоспарладық. Топтасып жұмыс жасау кезеңі аяқталған соң, оқушыларды күтілетін нәтижелермен жәнетоптар бірін бірі бағалайтын критерийлерімен таныстыруды жоспарладық.

Рисунок 9

Білім берудегі үздіксіздікті ескере отырып, әріптестеріммен ақылдаса келе, бұл сабақта оқушының теориялық білімді практикамен ұштастыра алу қабілетін жетілдіруді,сонымен қатар Лоренц заңын меңгертіп, баланың математикалық есептеулер жүргізе алу қабілеттерін дамытуды сабақ мақсаты етіп жоспарладық. «Жұптық жұмыс» орындау кезеңінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуы күтіледі деп ұйғардық. Сонымен қатар,оқушылардың логикалық схема бойынша берілген тапсырманы орындау барысында есеп шығару дағдысын дамытуды ойладық. Оқушылардың бағалау қабілеттерін қалыптастыруда, өзара бағалау стратегиясы таңдалынып,алдын-ала дайындалған нақты критерийлер мен дескрипторларды беру жоспарланды.

Сабақта қолданылатын тізбектелген ашық сұрақтардың негізгі принципі – оқушылардың өзіндік жүйелі жұмыс орындау қабілеттерін дамыту және оқушылардың қабілеттіліктеріне қарай орындалатын жұмыстың күрделілік деңгейін анықтау болатын. Яғни, осы қалыптастырушы бағалау жұмысы арқылы қай тапсырма күрделі болғанын анықтадым. Оқушының өзін-өзі бағалау тәсілінің тиімділігі жоғары болады екен.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2022
575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі