Материалдар / Ашық сынып сағаты: " Елін сүйген, Елі сүйген елбасы"

Ашық сынып сағаты: " Елін сүйген, Елі сүйген елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мерекелік іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
565
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»Мақсаты:
  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
  • Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
  • Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі:Қазақстан, Астана туралы слайдтар, коллаж «Менің Отаным»,интерактивтітақта, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»Түрі: сынып сағатыСынып сағатының барысы:І. Ұйымдастырукезеңі.Мұғалім:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының Әнұранын бірге шырқайық!ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір , қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Дей отырып оқушыларымызды ортаға шақырайық! (оқушылар ортаға келген соң, ) сөз кезеңі Оқу ісінің меңгерушісі Байдильдина Асия Козғанбаевнаға беріледі.Тақпақтар: Кришалка и хор и Қазақстан туралы Топқа бөлу. 1- топ 2-топ 3-топ: Мұғалім келесі сұрақтар қояды: -Біздің Отанымыз қалай аталады?-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?-Қазақстан Республикасының президенті кім? Балалар, қалай ойлайсындар, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында? Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевОқушылар тақпақтары; Н-Ұ-Р-С-Ұ-Л-Т-А-Н (деген сөзбен әріптермен тақтақтар айтады) Нұрдәулет: (Н) Елбасымыз жолдайды, Халық оны қолдайды. Ешқашан орынсызШешімдері болмайды. Әсем: (Ұ) Елбасы елді қорғайды, Халық қамын ойлайды.Осындай жақсы адамның Жақсылығы тарайды.Омар: (Р)Уәдені біз сақтаймызБіз жастар құр жатпаймызҮмітін елбасының Шынында біз ақтаймыз.Балжан (С) Ел бағына туылған, Ұлт бағына туылған, Халқы патша сайлаған, Нұрлы Сұлтан- Нұрсұлтан!Маулет:: (Ұ) Қазақ , елін басқарған, Шекарасын салдырған, Дербестікке бастаған,Нұрлы Сұлтан- Нұрсұлтан!Перизат: (Л) Бүкіл әлем таң қалған, Парасатты, данышпан,Мойындаған бар ғалам, Нұрлы Сұлтан- Нұрсұлтан!Сезім: (Т) Жасты еңбекке баулыған, Ақсақалын сыйлаған,Салт-дәстүрді сақтаған!Нұрлы Сұлтан- Нұрсұлтан!Аружан: (А)Дін мен ұлтты жинаған, Мәмілеге шақырған,Бейбіт күнге жол салған, Нұрлы Сұлтан- Нұрсұлтан!Нұрмухамбет Ұрпақтарға балдырған, Біліміңмен, бағалан, Өсиетті қалдырған,Нұрлы Сұлтан- Нұрсұлтан! Мұғалім: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.ІІІ. Сұрақ- жауап:
  • Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоксан 1991 ж.)
  • Осы жылы мемлекеттің тәуелсіздігіне неше жыл ? (23 жыл )
  • Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)
  • Теңге қай жылы еңгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
  • Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы деп қашан жарияланды? (10 желтоқсан 1997 жылы)
  • Оған Астана деген ат қашан берілген? (1998 жылдың 6 мамырында)
  • Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (4 маусымда 1992 жылы)
  • Отан қорғаушы күні? ( 7 мамыр )
  • Атазаң күні? (30 тамыз )
(интеративті тақтада слайдтар көрсетіледі)Бұл аталған күндер біздің мемлекетімізде ресми мерекелік күндер болып саналады. Бір неше жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан республикасының тұнғыш президенті. ІV. Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық. Видео Аружан:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».:Арман:Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.Серікбол: Елбасының өзгеше мінез-бітімі, сөзге қамшы салдырмас шешендігі, кісіні бірден баурап алар ашықтығы Әлжан анасына тартқан. Ауылдың бас көтерер азаматы өзі екенін сезінген Әбіш,соғыс біткенше ат үстінде бел шешпей,елге қызмет етті. Демалыс,ұйқы дегенді ұмытты. “Мен,тіпті,әкемнің қай уақытта жатып ұйықтайтынын көз алдыма елестете алмаймын”,-дейді Елбасы, балалық шағын есіне алғанда. Н.Ә.Назарбаев ата-анасы және інілері Сатыбалды, Болат және қарындасы Әнипамен бірге өскен. (Н.Ә. Назарбаев туралы слайдтар көрсетіледі)Мұғалім:Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. V. «Ой қозғау» «Егер де мен Президент болсам.»(оқушылар пікірлері)Мұғалім: 1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сендер қандай үлес қосып жүрсіңдер?2. Басшы адамқандай болу керек? (оқушылар сұрақтарға жауап береді)Қ- қазаққа қызмет ететін - Айдос 1с А- арманына жететін - Мәнсүр 1с З- заңды жақсы білетін - Әсет 1сА- алға қарай жүретін - СерікболҚ- қайырымды елімнің - АрманС- салтанатты жерімнің - КамилаТ- толықтырам сенімін – Мерей А- абыройын,жігерін - АзамН- намысын қолдан бермейтін – ЕрасылТапсырма: мазайка жасау Қортынды:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірліктісақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ