Жігіт сұлтаны
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 2-4 сынып оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш класс оқушылары.
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады
2-жүргізуші
Тәлейлімен таласпа деген сөз бар,
Жеребеге кім шықса кезек алар,
Қол соғып шақырайық ортамызға,
Өнерімен бәрінен Дидар озар.
1-жүргізуші
Ақылымен саналы дара туған,
Оқу оқып ерекше білім қуған.
Жәнібекті кезекпен қарсы алайық,
Шашу шашсын Сіздерге өлең –жырдан.
2-жүргізуші
Туған зерек, ерекше тапқырлығы,
Өн-бойынан көрінер батылдығы.
Сәті келді Рахатқа кезек берер,
Көрініп тұр өнерге жақындығы
1-жүргізуші
Ассалаумағалайкүм ардақты елім!
Құрмет тұтам өнерін алтын кенін.
Байқауға бағым шауып келіп тұрмын,
Болып тұр айым туып жолым менің. – деп Бақдәулетті ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші
Дастанның ұлы Дәрменді
Өрінде өсіп өніп сыр әдебі,
Өнердің неше түрін көрсетседе
Мұқағали жырымен бөлемекші!
1 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
-
Мектеп директоры:
Жумагулова Бикеш Қатранқызы
2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бегалина Айсұлу Бозжігітқызы
3.Дене шынықтыру мұғалімі: Муканов Орман Тұрғұнұлы
2 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
Байқау бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру) – 3 мин.
2.«Ел іші, өнер кенші» (өз өнерлерін көрсету) – 3 мин.
3.«Үй тапсырмасы..» - 3 мин
4.«Білімді жүзден озар...» (викториналық сұрақтар) – 4 мин.
5.«Мергендер сайысы» (ілулі тұрған шарларды атып, ішінен түскен сыйлықты қалаған қызға сыйлау)– 3 мин.
6. «Қол күресі»
7.Сурет сайысы «Менің егемендік елім!»
1 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп әнімізді жолдаймыз.
Ән: «Әнші балапан» 1-2 сынып қыздардың орындауында.
: 2– жүргізуші
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп,
Сайысымыздың бірінші бөлімі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді
1 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып
сайысымыздың «Ел іші, өнер кенші...» бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Үй тапсырмасы...»
(Оқушылар үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді)
Қазақ биі
1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп .
«Білімді жүзден озар...» (викториналық сұрақтар) деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.
Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.
2-сынып
№1
1.Сөйлеу не үшін қажет? ()
2.Сиырдың төлі.(бызау)
№2
1.«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы?(Ыбырай Алтынсарин)
2.Қойдың төлі.(Қошақан)
№3
1.Сөз неден құралады? (әріптен)
2.Жылқының төлі.(құлын)
№4
1.Жуан дауысты дыбыстарды ата? (а,о,ы,ұ,у)
2.Түйенің төлі.(бота)
3-класс
№1
1.Апта күндері. (7 күн: дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
2.Тұсаукесер тойы қай кезде тойланады? (кішкентай бала жүре бастағанда)
№2
1.Какие овощи ты знаешь? ( капуста, помидор, огурцы, кабачки)
2.Что обозначают слово «Бешбармак»? (пять пальцев)
№3
-
Еліміздің неше рәмізі бар? (3 ту, елтаңба, ән ұран)
-
Күз айларын ата? (қыркүйек, қазан,қараша)
№4
-
Аптаның төртінші күні қалай аталады? (бейсенбі)
-
Жазда не болады? (ыстық)
4-класс
№1
1.Төрт түлікті ата. (қой, сиыр , түйе, жылқы)
2.Шілдехана қай кезде тойланады? (сәби тығанда)
№2
-
Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата. (0,9)
-
Ұлттық киімдерді білесің бе? (қамзол, кимешек, мәсі,бөрік, сәукеле)
№3
1.Расскажи о своей семье?
2.Скажи слово на трех языках (собака)
№4
-
Мал сүйегін пайдаланып ойналатын ұлттық ойын түрлерін ата. (асық, тоғызқұмалақ)
-
Әшекей бұйымдар жасайтын адамдарды кім деп атайды? (зергер)
.«Мергендер сайысы» (ілулі тұрған шарларды атып, ішінен түскен сыйлықты қалаған қызға сыйлау).
2 – жүргізуші:
Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі
1-жүргізуші:
Еңді сайысымыздың соңғы сайысы ,ол еліміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты сайыскерлеріміз «Менің егемендік елім» атты тақырыпқа сурет салу.
2-жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздан әсем әнінің карсы алыңыздар.
Ән «Дос болайық бәріміз» 4-сынып қыздары
1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
2 – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.Марапаттау
Әділқазыларға сөз
1.Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Өнерпаз жігіт»
4. «Парасатты жігіт»
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Тәлейлімен таласпа деген сөз бар,
Жеребеге кім шықса кезек алар,
Қол соғып шақырайық ортамызға,
Өнерімен бәрінен Дидар озар. Дидар
Ақылымен саналы дара туған,
Оқу оқып ерекше білім қуған.
Жәнібекті кезекпен қарсы алайық,
Шашу шашсын Сіздерге өлең –жырдан. Жәнібек
Туған зерек, ерекше тапқырлығы,
Өн-бойынан көрінер батылдығы.
Сәті келді Рахатқа кезек берер,
Көрініп тұр өнерге жақындығы Рахат
Ассалаумағалайкүм ардақты елім!
Құрмет тұтам өнерін алтын кенін.
Байқауға бағым шауып келіп тұрмын,
Болып тұр айым туып жолым менің. Бақдәулет
Дастанның ұлымын Мәрленімін,
Өрінде өсіп өндім сыр әдептің.
Өнердің неше түрін көрсетемін,
Мұқағали жырымен бөлемекпін! Мәрлен
Тұлпар мініп, ойнадым құлағында,
Кітаптан танып өмір сынағын да.
Жігіттің сұлтаны боп сыналмақпын,
Айналып бүгінгі сәт жыр ағынға! Дәрмен
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық сынып сағаты Жігіт сұлтаны

шағым қалдыра аласыз