Материалдар / Ашық сынып сағаты: "Жолдан абай болайық!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сынып сағаты: "Жолдан абай болайық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
жақсы сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
818
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

сынып 1 «А» мерзімі: 07.12.2018 мұғалімі: Ержан Т

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесіне саяхат

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережелерін білу, Бағдаршамның түстерін ажырату, және жол белгілерін білу салыстыра алу.

Күтілетін нәтиже: жолда жүру ережесін біледі, бағдаршамның түстерін ажырата алады, жол белгілерін біледі, және салыстыра алады.

Көрнекіліктері: шар, бағдаршамның суреттері, плакат, оқушылар жұмыстары.

Ұйымдасыру кезеңі:

  • сыныпты түгендеу, оқушылармен және ұстаздармен амандасу.

Психологиялық тренинг. Көңіл күйлерін салу.

Видео көрсету.

Оқушылар сендерге сұрақ осы видеодан не түсіндік? Не көрдік? Қалай ойлайсыңдар бүгіңгі сынып сағатымыздың тақырыбы қандай?

Топқа бөлу. (Бағдаршам көздеріне сәйкес, қызыл сары, жасыл дөңгелектер арқылы бөлу.) саяхатқа поезбен шығамыз , бізде 3 вагон бар әр вагонға әр топ отырады. (Қолдарын көтеріп қояды әр топ)

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Сендердің жол ережелерін қаншалықты білетіндеріңді тексеріп, ары қарай білімдеріңді одан ары жетілдіру үшін сендермен бүгінгі сабақты ұйымдастырып отырымын.

СҰРАҚ . Иа немесе жоқ ойыны

  • Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса, жүгіріп өте шығамыз ба?

  • Өте асығыста келе жатырмыз, көліктердің арасынан жүгіріп өте шығуға болама?

  • Үйден мектепке кетіп бара жатып, көлік жүретін жолмен ойнауға болама?





Асем: Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік!



Нұрмухамед:Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары шамы жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Зымырай бер бел асып.

Балжан: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Қазақ атты елімде,

Бақытты өмір сүрейік!



Поезді келесі аялдамаға жіберейік (Дауыстарын шығару немесе музыка қосу)

1 АЯЛДАМА « Сұрақ –жауап»

Сұрақтарды мұқият тыңдап, жақсы жауап беруіміз керек, жақсы жауап берген топ жетон жинаймыз сабақтың соңында қай топта көп жетон бар сол топ жеңіске жетеді.

1-топ: Жол ережесі дегеніміз не?

2-топ: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?

3- топ: Жол ережесін қалай сақтаймыз? (Оқушылар жауаптары тыңдалады. Өздерін шапалақтап, бағалап жетон беріледі.)

2 -тапсырма. «Жұмбақтар» мұқият тыңдаймыз әр топқа 2 жұмбақ жасырамын.

1-топ: 1.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.

Ө міріңді күзеткен.

Ысқырықпен түзеткен.(Полиция қызметкері)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып, аялайды. (Автобус)

2 -топ: 1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
2. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
3- топ: 1. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
2. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

(Оқушылар жауаптары тыңдалған соң, бағалап жетондар таратып, жарайсыңдар балалар)

2 АЯЛДАМА: Сендер парталарыңның үстінде бағдаршам бар, ол бардаршамды қолдарыңа алып топпен бояйсыңдар ( топта екі жұмыс)

1-топ: Бағдаршамның қызыл көзі ғана жану керек.

2- топ: Бағдаршамның жасыл көзі ғана жануы керек.

3-топ: Бағдаршамның сары түсі ғана жануы керек.

Тек ғана бір көзін бояуларың керек. Жұмысты аяқтаған топ тақтаға шығып қорғайды. (қол шапалақтау, өздерін бағалау, жетон беру.)

Интерактивті тақтадан көрсету керек. Дұрыс жауаптарын.

Сұрақтар: Бағдаршамның қандай түсі жанғанда адам жүруге болады? Немесе болмайды?

3 АЯЛДАМА « Сергіту жаттығуы» Кім мұқият есіне сақтайды:

Шеңбереге тұрамыз Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда (тоқтаймыз.)

Сары көзі жанғанда қолдарын шапалақтайды. (орнымызда ғана жүреміз)

Жасыл түсі жанғанда ( жүреміз).

Тамаша өте жақсы бәрің мұқият есте сақтайды екенсіңдер «Жарайсыңдар!» жетон беру. Олай болса келесі аялдамаға жүрейік ол аялдамада бізді не күтіп тұр екен. Поездің даусын қосу.

4 АЯЛДАМА «Жол белгілерін атаймыз.»

Біз тек бағдаршам деп жатырмыз Балалар бағдаршамнан басқа жол белгілері де бар екен.

Сендердің естулерің барма жол белгілері туралы ? Қандай жол белгілерін білеміз? (Оқушалар жауаптарын тыңдау.) Олай болса тапсырма орындап көрейік. Әр парталарыңның үстінде мазайкалар бар және ақ парақтар бар сол ақ параққа мазайкаларды дұрыстап, жапсырып. құрастырыңдар. Әр топқа екі белгі беріледі.(Жолда жүру ережесінің әнін қоямын.) тапсырма орындалып болған соң әр топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды.

ҚБ( шапалақтау әдісі арқылы қолдарын шапалақтап бағалайды және жетондар алады, егер 2 тапсырманың екеуі де дұрыс болса 2 жетон беріледі)

Тапсырма: Топпен ақылдасып жауап береді, әр топқа интер тақтада суреттер беріледі олар топпен ақылдаса жауаптарын хормен айтады.

1-топ Жаяу жүргінші жолы

2-топ: Автобус аялдамасы.

3-топ Тайғақ жол

Қб (бір бірін шапалақтау әдісі арқылы бағалау, жетон беру.) келесі аялдамаға кеттік поездің даусымен

5 АЯЛДАМА (соңғы аялдама ) «Топ басшылары сайысы» болады , болмайды деп жауап беру керек.

Жаяу адам жүретін белгі жоқ жермен өтуге ......

 жол бойында қалай болса солай жүруге.........

       жол бойында доп қуалап ойнауға ...........

       жол жиегінде ролик тебуге......

       жүріп бара жатқан машинаның артынан жүгіруге .....

 Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? 

хормен: ән
Рефлекция

Бүгінгі сабақта не білдік?

Не үйрендік?

Қай тапсырма ұнады?

Сабақта өзіңнің көңіл күйің қандай болды?















«Свободный орта мектебі» КММ











Shape1

Сынып сағаты











Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін білесің бе?»

Өткізген: Ержан Т





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!