Ашық тәрбие сабақ "Жәннат ананың табанының астында"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сабақ "Жәннат ананың табанының астында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________А.Батырханова.


«Жәннат-ананың табанының астында» атты

тәрбие сабағының жоспары

Мақсаты:

1. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;

2. Аналар мерекесіне орай аналарға, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету;

3. Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету;


Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.

  1. Ана – біздің гүліміз,

Ананың біз-гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

  1. Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Ана деген – теңдесі жоқ жақсы адам.

3) Ана! Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, тербелмейтін сезім болуы мүмкін емес!

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар және оқушылар. Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған 1-экология тобының «Жәннат-ананың табанының астында» атты тәрбие сағаты. Құрметті аналар, апайлар мен көктемнің қырмызы гүліндей құлпырған коллдежіміздің ару қыздары мейрамдарыңыз құтты болсын!

Баяндама: Жәннат-ананың табанының астында

Армысыздар, ұстаздар мен көктемнің қырмызы гүліндей құлпырған коллдежіміздің ару қыздары!

Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген. Міне, жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз мейрамы құтты болсын! демекпін.

Ана атаулы асыл жандардың жоғын жоқтаған Халықаралық әйелдер күні 1910 жылы социалист әйелдердің Копенгаген қаласында болған халықаралық ІІ Конференциясында белгіленген. Конференция саяси партиялармен, кәсіподақ ұйымдармен келісе отырып, әрбір елде арнаулы әйелдер күні өткізілсін, бұл күн интернационалдық сипатта, барша еңбекші әйелдердің тең құқығы жолындағы күресте халықаралық ынтымақ күні болуға тиіс деп атап көрсеткен.

Бұл конференцияға Ресей әйелдерінің өкілі Александра Михаиловна Коллонтай, Германия мен халықаралық жұмысшы қозғалысының аса көрнекті қайраткері Клара Цеткиннің халықаралық әйелдер күнін белгілеу жөніндегі ұсынысы бір ауыздан қабылданды. Сөйтіп, халықаралық әйелдер күні еңбекші бұқарасын сәулетті болашақ жолындағы күреске шақырды. Әйелдер күні бірінші рет 1911 жылы Германияда, Данияда, Швецияда және басқа елдерде атап өтілді. Әйелдерге арналған журналдар шығарылды. Ресейде әйелдер күні тұңғыш рет 1918 жылы 8 наурызда мерекеленді.

Әйел-ана ошағымыздың ұйытқысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі екені белгілі. Елбасымыз айтпақшы: «Қоғамның даму барысында өмірде- нәзік, көңілге-биік, істе-мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес». Бүгінгі күні елімізде әйелдер қауымына да үлкен қоғамдық міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға өзіндік үлес қосып жүрген аналар мен қыз-келіншектерді әр түрлі мамандық саласынан көруге болады.

Елбасымыз Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауларында ең алдымен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отыр. Әсіресе, аналар мен балалар денсаулығын жақсарту, оларға ақшалай жәрдем беру, аз қамтамасыз етілген отбасыларын қомқорлыққа алып, қолдау көрсету секілді маңызды шаралар көңіл қуантады.

Бүгінгі мереке күні барша аналарымызға, қымбатты қыздарымызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбастарына мол жақсылық, қуаныш тілеп, әрқашан ынтымақ, бірлігіміз нығая берсін демекпін.

Мереке құтты болсын!



Ортаға тобымыздың биші қыздары шығады


Би «Көңіл толқыны»



1-жүргізуші: Армысыз, еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

2-жүргізуші: Көктемді қанатына қондырып

1-жүргізуші: Жан жылуын көкірегіне толтырып.

2-жүргізуші: Аналардың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз да алтын ұя колледжімізге келіп жетті.

1-жүргізуші: Өздеріңізді шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен құттықтаймыз!


2-жүргізуші: Ана деген-жүректегі асыл ән, «Ана-бақыт» деген сөзге қосылам.

1-жүргізуші: Анаға арнап айта берсең сөз жетпес,

Ол дегенің-өмірдегі асыл жан!

2-жүргізуші: Шырылдап жерге түскеннен-ақ біздің ең жақынымыз

1-жүргізуші: Ең бір досымыз.

2-жүргізуші: Ең бір ұстазымыз

Бірге: Ол-Ана.


1-жүргізуші: Ол біз үшін бәрінен қымбат.

2-жүргізуші: Сондықтан біз бір-ақ жанды білеміз!

Бірге: Ол-Ана.


1-жүргізуші: Ананың жолы басқа.

2-жүргізуші: Ана деген сөздің өзі ыстық.

1-жүргізуші: Ана десе толқымайтын жүрек

2-жүргізуші: Тасымайтын қан

1-жүргізуші: Сезбейтін сезім болуы

Бірге: Мүмкін емес.


Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.

Мұқағали Мақатаевтың «АНА» өлеңін оқитын Давлетиярова Гүлзия


1-жүргізуші: Анадан батыр да, данышпан да, ғалым да туады. «Отан отбасынан басталады». Қазақстанның гүлденіп көркеюі отбасындағы тату тірлікке байланысты. Ал үй ішіндегі мамыражайлық ананың қолында.

2-жүргізуші: «Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді» деп ақиық ақын, Мұқағали ағамыз жырлап өткендей, Әйел анаға жететін жан барма екен? Ананың берген тағлымына хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды. «Анаңды жеті рет Меккеге апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» дейді ұлыларымыз.


1-оқушы: Ана дегеніміз-өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана-тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

2-оқушы: Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады.

3-оқушы: Ана-өмір гүлі. Ана деген сөз барлық халықтың тілінде жылы естіледі.

4-оқушы: Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан-теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

5-оқушы: Ана-сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген ұлы тұлға.

Ана-әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам.

6-оқушы: Ана-әр үйдің алтын қазығы.

Ана ақылды болса, бала дана болады.

7-оқушы: Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі.

Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғаушың, іні сүйенішің, қарындас қанатың екенін ұмытпа.

8-оқушы: Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.


1-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ». Ендеше бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.


2-жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық, - демекші, барлық қазақстандық аналардың құрметіне арнап ---------------- орындауында «Анашым» әнін тарту етеміз.



1-жүргізуші: 1908 жыл, 8-наурыз. Көктемнің жаңбырлы күні еді. Нью-Йорк жұмысшы әйелдері жұмыс уақытын қысқартуды, жалақыны көбейтуді талап етіп ереуілге шықты.

2-жүргізуші: Осы оқиғадан кейін 1910 жылы Копенгагенде жиналған социалист әйелдердің 2-халықаралық конференциясы 8-наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде мерекелеуге шешім қабылдады.


1-оқушы: 1913 жылы 8-наурызда Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді. Полиция митингіге тыйым салды. Кеуделеріне қыса ұстаған қызыл қалампыр гүлдері бар әйелдер шоғыры полиция қысымын елеместен митингіні жалғастыра берді.

2-оқушы: 1917 жылы наурыз айында әйелдер «Балаларға нан берілсін!», «Соғыс жойылсын!», «Патша жойылсын!» деп талап етті.

3-оқушы: 1945 жылы 26-қараша. Париж. Тұңғыш рет халықаралық әйелдер конгресі болды. Конгресте әйелдердің халықаралық ұйымы құрылды. Әйелдер әлемдегі бейбітшілік үшін айбынды үн көтерді. Ана, бейбітшілік. Екеуі – егіз ұғым.


1-жүргізуші: Тіршілік шыққан күннен нәр алады,

Ананың ақ сүтінен жаралады.

Жасұланның «Анашым» деп салған әні,

Аналар, бір сіздерге арналады, - демекші

2-жүргізуші: келесі « Мама » атты ән өздеріңізге арналады.

Орындайтын: Жорабек Жасұлан


1-жүргізуші: Достым, сен анаңның бақытты болғанын қалайсың ба?


2-жүргізуші: Иә, оны кез келген адам біледі емес пе?


1-жүргізуші: Анаңды сүйгендігіңнің бірінші белгісі - өзіңді сақтап, аман-есен, сау жүргенің. Анаңдай аяулы жан болмайды. Оның жарты жаны әрқашан баласымен бірге, жолға шықсаң жолыңа қарап, сен келгенше мазасызданып, дегбірсізденетін ана ғой. «Анаңның көңілі балада, баланың көңілі далада» деп бекер айтылмаса керек.


2-жүргізуші: Ал менің сенің сөздеріне қосатын тағы бар. Анаңды сыйласаң, мынаны есте сақта: ауырмауға тырыс. Ауру туғызатын барлық нәрселерден қашық бол: суықтан, тамақтан, ақылсыз, санасыз құрбылардан, сатып кетер достан, дүние қоңыздықтан, жаман әдеттен, ішімдіктен, темекі тартудан сақтан. Сабағыңды жақсы оқы, ұстаздарды, үлкендерді сыйла, тәртіпті болу сияқты жақсы істердің қасынан табылып жүрсең, ата-анаға содан басқа бақыт керек емес, жадыңда ұста.


Төлеби: Аралары жұп аққудай ана менен баланың,

Екеуі де ұрпағы ғой Адам менен Хауаның.

Көркі де сол, сәні де қасиетті даланың,

Жаралуы сондықтанда бала мене ананың.

Махаббаты лапылдаған күндей болар ананың,

Шапағаты сақталады түкпірінде сананың.

Мәңгі болмас мұндай жылу бұйырғаны Алланың,

Құмартасың, сағынарсың, бірақ қанша амалың.


Әйгерім: Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

Қуанышқа кенеле бер, анашым.

Мен ананы шуағы мол күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам ылғи қамқор болып жүреді,

Сондықтан да жылда гүлдей түлеймін.


Сұлтанбек: Ана десем көкірегіме ән де, жыр да қонама,

Сол анадан артық кім бар балаға?

Тек мен емес туған осы анадан

Ғұламада, данышпан да, дана да.

Абылай, Тәуке-қазақ ханы сайланған

Және ердің ертеңінен нәр алған.

Тұла бойыңа тағдыр емес тамашаң

Барлығы да бітеді екен анадан.

Рамиля: Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын.

Жұлдыздай көгіңде жағыламын,

Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын,

Анашым менің, асылым, лағыл әнім,

Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.

Тілерің болса алдағы жерде анашым,

Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!

Тұңғышбек: Ана алса міндетті өз басына,

Дүниенің мен кепіл тозбасына.

Бақытың да, сорың да сыйып кетер

Аналардың бір тамшы көз жасына.

Ана-жүрек, жүректі құдірет де,

Ана-тірек, тіректі құрметте.

Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана-күнің, күніңе табынып өт.


Гүлзия: Өмірді ащы-тұщы аралаған,

Сондықтан анам ойы дара маған.

Жайқалып жауқазындай өсіп келем,

Өсірген жеткізіп, панам Анам.

Мен сенен қуат алам, жалын да алам.

Күн болып көңілімді күйге бөлеп,

Арнадың өміріңнің бәрін маған.


Мұхаметжан: Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


1-жүргізуші: Нәзіктік атаулының жиынтығы-ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя.


2-жүргізуші: Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,

Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?

Құлпырған қызыл қызғалдақсыңдар,

Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.

Келесі орындалатын ән «Қыздар-ай».

Орындайтындар: Темірлан мен Бауыржан


Көрініс «Ана өсиеті»


«Ана туралы монолог» оқитын Пірмахан Ұлжан



2-жүргізуші: Ал, енді аяулы аналарымыздың тапқырлығын байқау үшін ортаға шақырамыз.(Ойын ойнатылады)


1-жүргізуші: Ән әуені көгімізде самғайды,

Көңілдерді қуанышқа жалғайды.


2-жүргізуші: Әнмен бірге мен ұшамын аспанға,

Қос қанатым мәңгі бақи талмайды.


Келесі ән: Анашым

Орындайтын: Гимранова Рамиля

Оқушылар аяулы аналар мен ұстаздарды әннің ырғағымен вальске шақырады.


1-жүргізуші:

Ана деген – адамзаттың данасы,

Ана деген – сәбилердің панасы.

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.


1-оқушы:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.


2-оқушы:

Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

Қуанышқа кенеле бер, анашым.

Мен ананы шуағы мол күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам ылғи қамқор болып жүреді,

Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.



3-оқушы:

Анашым, жыр арнады қалқаң бүгін,

Көмкерер сен дегенде бір таңды күн

Болса егер уысымда бір өзіңе,

Сыйлар ем дүниенің дархандығын!

«Қой» десең балаң күнде «неге» дедім,

Өзіңде мені нұрға бөлеген үн....

Қанат жоқ әттең шіркін, асыл анам,

Жұлдыздың бәрін әкеп берер едім.


4-оқушы:

Төгілген маған мейірің – бейне шуағың,

Сарқылмас мәңгі ән салған бастау бұлағың.

Жасашы, Ана!

Жасашы – менің тілерім,

Қанатын қомдап ұшса да биік ұланың.

Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,

Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.

Еңбегіңді ақтап, аялап өтсем тек сені,

Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім


1-жүргізуші: Аналарымыздың адал пейілі мен әз махаббатынан бастау алған ізгі істердің барлығы қуаныш пен шаттықтың туын көтере берсін.


2-жүргізуші: Сол бақытты шақтар мен баянды тірліктердің дем берушісі қазақстандық қыз келіншектерің мейрамы қырдың гүлін ашып, жырдың тиегін ағытсын. Мерекелеріңізбен құттықтаймыз!


Ән «Мерекем» орындайтын Пірмахан Ұлжан


Мұғалім: Аналарды құрметтейміз, елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз.

О, аналар, сіздерді үлгі тұтып,

Бақытпенен денсаулықты тілейміз.

Осымен «Жәннат-ананың табанының астында» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.







































Аналарға берілетін сұрақтар


1-сұрақ


Перзентіңіздің топ жетекшісі кім?


Топта ең жақын досы кім?


Бос уақытында немен айналысады?




2-сұрақ

Перзентіңіз қайсы пәнді жақсы көреді?


Топта кіммен бір партада отырады?


Жақсы көретін тағамы қандай?





3-сұрақ

Перзентіңіз болашақта кім болғысы келеді?


Әлди әнін білесіз бе? 1-шумағын айтып беріңіз


Перзентіңіз бос уақытында немен айналысады?




4-сұрақ

Перзентіңіздің кішкене кезіндегі ең жақсы көретін ертегісі қай ертегі?


Перзентіңіз қандай түсті жақсы көреді?


Перзентіңіздің ең жақсы көретін әні қандай?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.03.2018
1070
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі