Материалдар / Ашық тәрбие сағакты "Туған тілім - тірлігімнің айғағы"

Ашық тәрбие сағакты "Туған тілім - тірлігімнің айғағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағакты "Туған тілім - тірлігімнің айғағы"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
859
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағатының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Туған тілім – тірегім! Сабақ мақсаты: оқушыларды ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға, ана тілінде таза сөйлеу жөнінде дәріптеу.Көрнекілігі: плакат, лозунг, ұлттық киімдер, шарлар, кітаптар, ҚР картасы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Хор: Қазақстан Республикасының Әнұраны.Аида: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де біркүн шырқалар. Амансың ба, көрермен, о, жамағат, Алыңыз сәлемімді барша тарап, Амандасу ежелден дәстүріміз, 5-сыныптан мың саламат.Мұғалім: ... Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Туған тілім - тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сөз ойдағыӨссе тілім – мен де бірге өсемін,Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.Ұран: Отан, тіл, бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілік сүйіп өтем. Үсен: Ана тілі – біздің туған анмыз, Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз. Ана тілін бағаласақ қалай біз, Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. Ана тілін кім бағалай білмесе, Анасынан безген ұл деп қараңыз.Бахдаулет: Ана тілің біліп қой, Бостандығың, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Ажар: Ақыл-ойын дананың, Ана тілден аламын. Ана тілім – ардақты, Ақ сүтіндей ананың. Өсірген ой, білімді, Сүйемін туған тілімді. Мақсат етем әр сөздің, Мәнін терең білуді.Бахдаулет: «Достық» әні.Марат: Ана тілім – аяулы арым анық, Орнағансың санама, жаныма нық. Өзге тілдің ашарда әліппесін, Өз тілімнің қоямын шамын жағып.Айшагүл: Егеменді ел болып алдың бүгін, Қайта келді, халқым-ау, салтың, дінің. Исі қазақ құрметтеп, қастерлесін, Ана тілін ардақты, алтын тілім.Бақберген: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұңды жүрек түндігін. Тіл туралы заңым енді күшіне, Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.Жанарым: Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін! Деген едің: Тіл бар жерде өмір бар. Халық жауы атандың-ау сол үшін, Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар.Ақбөбек: Қуан анам! Ұзағынан сүйініп, Сәтің де көп кеткен кенйде түңіліп, Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді, Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.Жарқынбек: Қуан балам! Туған тілдің киесі, Жебеп сені болғаныңа иесі, Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс. Дүниеде тіршіліктің күресі.Алмат: Қуан, халқым! Күшіне енді тіл заңы! Сүйінші деп ақын ұлың жырлады. Ел елдігі бағаланар тілімен Сол арқылы құлпырады гүл бағыБи: орындайтындар – Айда, Ажар.Нұржан: Халық қаһарманы Б.Момышұлы атамыз: «Үш нәрседен қорқамы» деп өз еңбектерінде жазған екен. Олар:
  • Ана тілін білетін жастарым жоғала ма деп қорқамын.
  • Бесік жырын, әлдиін айтатын аналар жоғала ма деп қорқамын, өйткені ана тілі ананың ақ сүтімен, бесік жырымен дариды.
  • Ұлтымыздың әдет-ғұрпын жалғастыратын ұрпағым жоғала ма деп қорқамын деген екен.
Алмат: ән «Мектебім»Асан: Туып өскен Торғайдың даласында, Қайран елі, қазағы санасында Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен Арысың кім ойланбай табасың ба?Хор: Ахмет БайтұрсынұлыҰлмекен: Елім деп соққан жүрегі Ахметтей ағасына іні еді. Қазақ тілін терең зерттеп танытқан Ғұламаның есімін кім біледі?Хор: Құдайберген ЖұбановНұржан: ән «Атамекен»Оқушылар кезектесіп қанатты сөздер айтады. Бахдаулет: ән «Ұстазым»Ақбөбек: Ана тілі – асыл нәрі бабамның, Қуатымсың ақ сүтіндей анамның. Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап, Туған тілде сөйлеп өскен балаңмын.Бахдаулет: 2050-дің біз барысымыз, Жетістікке жетелейді әр ісіміз. Өркениетті елімді көркейтетін, Туған тілді аялау парызымыз.Аида: Әрбір тілде әлемді таң қылып, Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.Азамат: Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін.Көрініс: «Асыл мұра»Үсен: М. Мақатаев «Үш бақытым» өлеңіКөрініс: «Зерек бала»Азамат: ән «Мектебім» әніКөрініс: «100 теңге»





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ