Сабақтың тақырыбы: Ару қыздар – алаулап от кешкендер!

Білімділік мақсаты: Кеңес Одағының Батыр қыздары Әлия мен Мәншүк және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановалардың өмірбаянымен таныстыру. Олардың ерлігін насихаттау.
Тәрбиелік мақсаты: Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Патриоттық тәрбие беру.
Түзете-дамытушылық мақсаты: Танымдық процестерн, сөйлеу тілін, эмоционалдық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Батыр қыздардың портреттері. Буклет, интерактивті тақта.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау .
І . «Сол бір сәт мәңгілік ел есінде»
Мұғалім: 1941жылы 22 маусымда фашистік Германия бейбіт жатқан елімізге басып кірген болатын. Міне,сол сәттен бастап иелімізге үлкен қауіп төнді. Ана баласынан, бала әкесінен, арулар асыл азаматынан айырылған еді. Десекте, қандай қауіпті, қандай қиын сәттерді бастан өткерсе де біздің аталарымыз , келешек ұрпақ үшін елімізді, жерімізді жаудан аман алып қалды . Кеңес одағының жауынгерлері фашистік Германиядан Еуропа халқын азат етіп, оларға бостандық алып берді. 1418 күннен соң үлкен ерлікпен келген бұл ұлы күннің тарихмыздағы орны ерекше. Еліміздің ерлігімен , Отанға деген сүйіспеншілігін ұлықтайтын мереке –Ұлы Жеңіс күні. Міне, бүгінгі таңда сол Ұлы Жеңіске 68 жыл. Барша адамзат үшін ең үрейлі, ең қорқынышты осы бір сәтте Отанын елін жерін, келешек ұрпағы үшін қан майданда талай қазақ жігіттерімен қыздары оққа ұшқан болатын. Осы бір алапат заманда Отанын қорғауға өршіл қазақтың қыздары да қан майданға аттанған болатын. Міне, осы отты жылдарда ерлік көрсеткен қазақ аруларының ерлігі жайлы болмақ. Әйел атын атағанда ең бірінші, біздің аузымызға «мейірімділік» деген сөз түседі. Сонымен қатар «апа», «қарындас» деген де сөздер бар.Бәрінен жоғарысы «ана» сөзі. Әйел өмірге ұрпақ әкеледі, оларға өмір береді. Сондықтан қазақ халқы да әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Олар аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды, «тіл» әкелді. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаны басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны, - деп бір минут үнсіздік.
Назгул: Көп қой батыр апалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр апалар,
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк, Хиуаздай апалар.
ІІ. «Ару қыздар отты жылдарда»
Мұғалім: Ия Әлия, Мәншүк, Хиуаз апалармыз туған елі үшін, жері үшін келешек ұрпақ үшін қан майданда жаумен күресіп бүгінгі бейбіт заманда бізге сыйға тартты. Енді осы апалармыздың өмірбаяны мен таныс болайық.
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) 1922 жылы Орал облысы Орда ауданы Нарын құмында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк алматыда Ә. Мәметованың тәрбиеснде болады . Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол, алматы медициналық институтында оқып жүреді.1942 жылы тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысады.Аға сержант, пулеметші Мәншүк соғыста өзінің батылдығыменжәне мергендігімен көзге түседі. Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысында пулеметші қыз атанған Мәншүк Мәметова 1943 жылы қазан айының 16-ы күні Невель қаласы үшін болған шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты. Өткен 2012 жылы Мәншүк апамыздың туылғанына 90 жыл мерей тойын елміздің бүкіл аумағы атап өткен болатын.
Халық Қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысы Ганюшкин селосында дүниеге келген. Әкесі: Қайыр балықшы, ал анасы Меруерт мұғалім болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап кейіннен әйгілі ұшқыш Марина Раскованың 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі түшін «қанатты қыз» атанған еді. Соғыстан кейін лауазымды қызметтерт атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілген болатын2008 жылы мамырдың 21 күні Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.
ІІІ . «Ұлы Жеңіс – мәңгілік ел жадында»
Мұғалім: Енді оқушылар алған мағұлматымызға сай мына сұрақтарға жауап беріп көрейік .
-
Фашистік Германияның елімізге опасыздықпен басып кірген жылы?
-
(1941 ж 22 маусым)
-
1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, бұлақ аулында дүниеге келген қазақтың батыр қызы? (Ә. Молдағұлова)
-
Қазақтың «қанатты қызының» есімі? (Хиуаз Доспанова)
-
Мәншүк Мәметова қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
-
9 мамыр қандай күн?( Ұлы Жеңіс күні)
-
Биыл Ұлы Жеңіске қанша жыл? (70 жыл)
Мұғалім: Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады... Соғыстың әрбір күні – қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды. Жеңістердің қуанышы, батырлардың жанқиярлық ерлігі...
Қыз бала (1)Алиса: Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу–біздің бар ой-арманымыз осы болатын. Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақтап келген бір сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл-дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжаты жоқ адамды майданға алдыңғы шепке бірден жібереді дегенді естіп жүретінмін. Новосібір қаласына жақындағанда құжаттарымды құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып, құжаттарымның жоқ екенін айтып, енді майданға жіберулерін сұрадым. Сол бойымен Ленинград қаласынан бір-ақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағанымды осы кезге дейін бір адамға айтуға ұялам. Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді… (қатардағы өз орнына барып тұрады)
Жүргізуші: Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, ұяң, биязылығымен қатар патриоттық сезім, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей.
Қыз бала (2)Айдана: «Мен о баста дәрігер болуға талпындым. Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па еді! Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға арым бармайды… Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Мен өзімді-өзім мүлде өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім басқаратын пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей мен жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салсам- командирлік міндеттің орындалғаны ғой деп ойлаймын».
Қыз бала (3)Гүлсая: ...Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің де түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінем, неге десең мектепте әлде де болса бірқатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым. Өміріме өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ, ол-өзім туралы емес-сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным...
... Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты терең окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, ал қолымда винтовка бар...
Жүргізуші: Иә, бұл ержүрек Әлияның туыстарына жазған хаты еді. 1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревнясы үшін кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін қиып түсті. Бұл 1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі қалса, Әлия бес айдан соң 19 жасқа толар еді...Оның қысқа өмірінің екі жарым жылы қанды майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл – жалын боп лаулап, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен, кейінгі бүкіл іні-сіңлілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ол қаһармандық дастанын жазып үлгірді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас етті...
«Мен соғысқа бармадым аудиозапись»
Мұғалім: СОҒЫС және АНА. Бұл екі сөздің мағынасы мүлдем қарама-қайшы. Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр-қайратының мән-маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауыртпалығын мойымай арқалағандарының әрқайсысы теңдесі жоқ ерлік. Отты жылдардағы жауынгер әйелдер, бүгінде қартаң тартқан әжелер. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді.
Ендігі сөз кезегін сұм соғыста бала болса,тылда еңбек еткен Айзада әжемізге береміз
Дархан :
Соғыс,
Естіген құлақ еріксіз
ауырғандай,
Оқ тіреген кеудеге - ауыр
қандай?!
Ұлы Отанды-фашистен қорғап
қалдық,
Арқасында бабалардың Бауыржандай.
Соғыс,
Қан сасыған,жиіркенішті атың қандай,
Семсеріңді жүрегіме батырғандай,
Батырларым елдің мәңгі санасында,
Рейгстагқа ту тіккен Рақымжандай!
Соғыс,
Көз жасы - қан боп аққан жетімдердің,
Шырқын алған-тыныш жатқан есіл елдің,
Жанайқайы аласұрған аналардың,
Жоқтауы мен мұң-зары жесірлердің.
Соғыс,
Мұнша неге қанішер боп қаталадың?!
Қырқасынан қан аққан жоталардың,
Обалына қалдың ғой,қыршын кеткен,
Әлия менен Мәншүктей
апалардың!
Еркебұлан:
Соғыс,
Бетің аулақ,құрып кеткір,қарғыс атқыр,
Араныңды аштырмай таспен бастыр,
Бір күндері аяғыңды қақпан қабар,
Момын қойды талаған көкжал қасқыр.
Соғыс,
Отан үшін қан майданда соғысқанбыз,
Алла қолдап жеңіспенен тоғысқанбыз,
Боздақтарым алыс қалып айдалада,
Аман қалған еліме кеп табысқанбыз.
Жеңіске бүгін 70ші жыл толыпты,
Қазақстан тәуелсіз ел болыпты,
Дамыған елу елмен бәсекелес,
Терезесі солармен тең болыпты,
Алтын-күміс,мұнайы атқылаған,
Асты-үсті мол байлық кен болыпты,
Ал енді ит пен құсқа жем болмайық,
Жұмсақ ағаш құрттарға жем болыпты!
Соғыс туралы көрініс.
Саптан шықпай нық басып келесің бе?
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар-алаулап от кешкендер- деп Фариза Оңғарсынова апамыз айтқандай, бүгінгі «Ару қыздар-алаулап от кешкендер» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен тамамдалды, келесі кездескенше сау болыңыздар.
Қарабұтақ орта мектебі
Ару қыздар алаулап от кешкендер
8 класс
Өткізген : 8 класс жетекшісі Қараулбекова Г.
2014-2015 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық тәрбие сағат Аару қыздар алаулап от кешкендер"

шағым қалдыра аласыз