Материалдар / Ашық тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық туралы Мектепалды даярлық
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





Мұнайлы ауданы

«№1 жалпы білім беру орта мектебі» ММ















Достық – таусылмас қазына

(Ашық тәрбие сағаты)













Өткізген: Тулегенова А.Ш.

Уақыты:13.04.2016ж.







2015-2016 оқу жылы







Тақырыбы: Достық – таусылмас қазына

Мақсаты:
1. «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту.

2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
  Жүргізуші:

  • Құрметті   ата-аналар, ұстаздар, оқушылар «Достық – таусылмас

қазына » атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер?!

  1. Кіріспе бөлім.

Жүргізуші:
Достық деген өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.
Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын адам – абзал дос. Жақсы – адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ.
«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелесу үшін тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Достық – таусылмас қазына» деп алдық.

Жүргізуші:

- Балалар, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».

9. Досың үшін жан пида.



10. Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

1.«Достық биі» қыздардың орындауында.

Жүргізуші:

  • Ал, ендеше кіп-кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.
    Достық туралы өлең шумақтары:

Алмагүл:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған

Екі көзің сияқты.
Акмерей:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда деп
Достар бір біріне сенімді боламыз.

Нұртас:
Адал дос барлық жерде керек екен.
Өмірде достың орны бөлек екен
Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді.
Жаман достан жамандық келеді екен.

Самал:
Дос дегенің байлық қой
Басқа байлық іздеме
Досың болса ойнайтын
Қарамайсың түзге де
Досыңменен ұрыспа
Досың барда еркесің.

Мадина:
Бір - біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар
Дос болсаңдар қуанар
Ата, әже, аналар.

Диас:

Дос дегенің ұлы ұғым
Бала кезден бұны ұғын
Достарына әр күні
Сыйла көңіл тұнығын





Жүргізуші:

- Алдарыңызда 0 «Ғ» сыныбының оқушыларының орындауында:

2. «Орыс биі»


Балауса:

Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.


Муслим:

Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріңе
Сенімді боламыз.


Дәулет:

Екі деген – екі дос,
Бірін-бірі қимайтын
Артық кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.

Наз :

Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды. Біз басқа да елдермен доспыз. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деп бекер айтпаған. Досың болса, ешқашан қиналмайсың.
Ақжарқын:

Дос адамға керек. Доспен ой бөлісесің, сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.

Ертай:

Дос дегенің - асыл зат,

Мәңгілікке таусылмас

Доссыз адам болмайды,

Бәрінен де дос қымбат.


Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды,

Жақсы, жаман айтар деп ойламайды.

Бақ-дәулет сол адамнан арылмайды.

Динара:

Достық – әдеп, сыйласым,

Дос – өмірлік қимасың

Достық – игі жақсылық,

Достық ниет – жақсы үміт.

Достық жасап адамға,

Достаса біл қашанда.

Ақылбек:

Достар бірге жүреміз,

Бірге білім аламыз.

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Міне, біздер қандаймыз.

Ұлдәулет:

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп,

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан сөз айтар.

Айбар:

Барлық балаларда да дос болу қажет. Досыңды ешқашан ренжітпеу, оған жамандық жасамау керек. Менің досым-Айдана. Мен оны ешқашан алдамаймын. Ренжітпеймін. Ол да мені ренжітпейді.

Дос адамға керек. Доспен ой бөлісесің., сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.

Дос әсіресе қиын жағдайда көмек береді. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақал рас айтылған.
Марта:

Мен досымды жақсы көремін. Менің досым-Рамазан. Ол сабақты жақсы оқиды. Екеуміз ұрыспай, төбелеспей ойнаймыз. Мен оны көрмей қалсам сағынамын.

4. Хор «Достарым»
3. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
- Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

03 Желтоқсан 2018
608
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі