Материалдар / Ашық тәрбие сағаты -10 сынып

Ашық тәрбие сағаты -10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып оқушыларына- кәсіби бағдарға,мамандық таңдауға және де сынып жетекшілеріне көмек береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2019
4322
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық

Мақсаты:  оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету, өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта –ықыласын арттыру.

Міндеттері:
- Мамандық таңдаудың негізгі шарттарымен таныстыру;
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
-Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жоба қорғау, дискуссия.
-Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар, интерактивті тақта, , үлестірмелі парақшалар.

Сыныптағы барлық оқушыларды ортаға шақыру.Мамандыққа байланысты суреттер таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1 топ: « Мың бір кәсіп тобы».2 топ: «Мәртебелі мамандық »,3 топ: « Мамандықтар әлемі»


Топ ережелері:

   1.Сыйластық.
  2. Тыңдай білу.
  3. Сөзді бөлмеу.
  4. Белсенділік таныту.
  5. Шығармашылық.
 6. Төзімділік.
 7. Түсіністік  қарым-қатынас. 

І- тапсырма: «Миға шабуыл»— ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:(6 минут).

«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады

Профессия- мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Нұсқау: Оқушылар мамандықтар әлемі туралы түсінік  беріп, мамандық типтері  бойынша жоба қорғап, қаланы  қозғалысқа түсіру керек. 
ІІ – тапсырма: « Келісемін, келіспеймін, дәлелде» (3 минут)
Нұсқау: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өзі келісетін, келіспейтін  тұжырымдарды таңдап алып,  пікірлерін ортаға салады. 
Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
1. Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.
2. Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты.
3. Мамандық таңдау адамның қабілетіне, бейімділігіне тікелей байланысты.
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
7. Ақша болса, мамандық қажет емес.
8. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
9. Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.

ІІI – тапсырма «Білеміз бе?»Жоба қорғау(12 минут)


Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар

І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды

Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз.

ІV – тапсырма: . Бұл қандай мамандық.  (ойын). (9 минут)
Бұл ойында оқушылар төмендегі берілген сипаттамаға сәйкес белгілі бір мамандық иесін анықтауы тиіс.
1. Жұмыс құралы: техника, транспорт;
2. Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету;
3. Еңбектің орындалуы: отырып:
4. Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен;
5. Еңбектегі жауапкершілік; өмір және денсаулық;
6. Жұмыстың ерекшелігі: күнделікті табыс;
7. Жұмыстың ауыртпалығы: жүйке қызметінің бұзылуы, әр түрлі аурулардың жұғуы, заң бұзушылық, төменгі сатыдағы мамандық.
8. Жұмыс уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген, ешкімге тәуелді емес;
9. Сол жұмысқа қажетті білімнің деңгейі: орта білім, арнаулы орта білім, жоғары білім.
V- тапсырма. Таңдаған мамандығың туралы білесің бе? ( 5 минут)
Нұсқау: Берілген сұрақтарға “иә”немесе “жоқ” деп жауап беру қажет.
1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?
2. Болашақ мамандығыңа қоятын талаптарды, еңбек ақысы туралы білесің бе?
3. Таңдаған мамандығыңды қай оқу орны дайындайды?
4. Таңдаған мамандығыңа жеке қасиеттерің, қабілетің сай келе ме?
5. Таңдап отырған мамандығыңа білімің сай келе ме?
6. Таңдаған мамандығыңды игеруге мектептегі пәндердің қайсысы қажет екендігін білесің бе?
VІ- тапсырма.
 Мамандықты тап. (ойын).( 5 минут)
Нұсқау:  Сабаққа қатысушыларға үлестірмелі кеспелерге жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандық иелерінің кескін-келбетін ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрсетуі керек.

Қорытынды: .( 5 минут)

«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.

Есінде жүрген жөн болар.  (кеңес).
1. Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару;
2. “Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды” деген қорытынды жасауға болмайды.
3. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін. 
4. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек.
5. Мүмкіндігінше таңдаған мамандығыңның өзіңнің денсаулық жағдайыңа сәйкес келетіндігін ескеру қажет.

Сабақтағы белсенділіктеріңізге рахмет































Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ









Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «Мен таңдаған мамандық»













Сынып: 10 «А»

Сынып жетекші: Аманжолова А.А











Өскемен, 2019 ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ