Тақырыбы: Елбасы жолы - ертеңге өнеге.
Мақсаты: 1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру.
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар , көрме т.б
Барысы :
Монолог (желтоқсан оқиғасы туралы)
Кіріспе сөз. (мұғалім)
1-жүргізуші:
Ауыр күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген,
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
2-жүргізуші:
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
1-жүргізуші: Аяжан сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Мадина сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 26 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1 – жүргізуші: Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2 -жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
Қазақ биі. Орындайтын: Шиланбаева Анаргүл
1- жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Ән «Қазақтың дәстүрлері» Орындайтын: Тағаш Аякөз
2 - жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы - дей келе, елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ.
1 – студент
Нұрсұлтанның өмірге келуі: Ата – анасы біраз жыл перзент сүймей жүріп, Райымбек бабаның басына екі күн түнеп, түнде анасы түс көреді.Түсінде теңізге түсіп кеткен екен. Судың түбінде демі тарылмай, кәдімгідей жүре беріпті. Теңіздің түбінен аппақ темірден жасалған ұзын мылтық көріпті. Мылтықты мойнына іліп алып, жүзіп жағаға шығыпты. Тәңертең шырақшы түсін жорып, ұл бала табасың, балаң мықты, жасы ұзақ болады, сенің мақтанышың, ел қорғайтын адам болады депті.
2 - студент
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
3 – студент
Елбасы ән айтқанды жақсы көреді. Ол саман кірпіш құйып, тапқан ақшасына гармонь сатып алады. Домбыра тартып, гамоньда ойнап, ән салатын. Өзі өлең жазып, әнді де шығарады. «Үшқоңыр», «Елім менің», «Шұбарат», «Сарыарқа» өлеңдерін жұрт сүйсініп тыңдап жүр.
4 – студент
Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Үш қызы бар: Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия – бизнеспен айналысады.
5 – студент
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
6 - студент
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
1 - жүргізуші:
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
2 - жүргізуші : 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды
1 - жүргізуші : 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
2 - жүргізуші : 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.
1- жүргізуші : Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.Ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
2 - жүргізуші : Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында сары өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
1 - жүргізуші : 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
7 - студент
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
2 - жүргізуші :
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
8 - студент
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
1- жүргізуші : Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
2 -жүргізуші : 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Монолог.Орындайтын: Құлнияз Ботакөз
1- жүргізуші :
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жанарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі, бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан , Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән «Астана » Орындайтын: Қазихан Жазира
2 - жүргізуші:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1 -жүргізуші:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Монолог.Орындайтын: Абылайхан «Тұлға»
Елбасы туралы слайд .
2-жүргізуші:
Отан деген-әр адамның жүрегі,
Оған ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды бар әлемге паш еткен,
Президентім-мақтанышым, тірегім.
1-жүргізуші:
Ата - баба жанын қиып
қорғаған,
Ақ тілегін ұрпағына арнаған
Қазақстан - алтын ұя Отаным
Жайнай берші, мәңгі гүлден әрқашан , - дей келе, келесі кезекті
әнге береміз.
Хор. «Атамекен»
2-жүргізуші:
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
1-жүргізуші:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Елбасы жолы - ертеңге өнеге.» атты тәрбие сағатымызды аяқтамас бұрын топ жетекшімізге қорытынды сөз кезегін береміз.
Қорытынды сөз:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай басшымыз басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы - білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар - деген екен олай болса, осы жолдан адаспайық.Қазақ елінің жарқын болашағы мына сіздердің қолдарыңызда демекпін. Енді қорытынды сөздерді,сіздерден де естігім келіп тұр. Олай болса,әрқайсыларың бір-бір сөзбен қорытындылауыңызға болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты " Елбасы жолы-ертеңге өнеге"

шағым қалдыра аласыз