Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты " Еңбек-қуаныш, жалқаулық-азап"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 26.02.2018ж.
Тақырыбы: «Еңбек –қуаныш,
жалқаулық –азап.»
Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру. Еңбек
етуге қызығушылықтарын арттыру. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Мамандық-киелі ұғым.Мамандық иелері туралы ой-пікірлер, мамандық
таңдауға ұйытқы сөздер туралы.
Түрі: кездесу.
Көрнекілігі:нақыл сөздер,көрініс, АКТ, қима қағаздар,шар,домбыра.
Өту барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
-Саламатсыздар ма, қадірлі қонақтар , ұстаздар мен
ата-аналар!
Бүгінгі біздің кездесу
кешіміздің тақырыбы: «Еңбек –қуаныш, жалқаулық – азап» деп аталады.
Барлық нәтижелер мен жетістіктер еңбектің арқасында келеді.
Сондықтан да белгілі Мамандық иелерімен кездесу кешімізді бастауға
рұқсат етіңіздер!
«Ой шақыру» кезеңі
1. -Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2.-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
-3 Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
4-Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Фариза: -Дұрыс айтасыңдар ,оқушылар ,қоғамда еңбек ету барысында
адамның өмірге дағдылануы қалыптасады. Ал еңбектің қарапайым
түрінен күрделі түріне көшу жолында адамның өмір сүруіне қажеттінің
барлығы осы еңбекпен келеді екен.
Ардақ: Сонымен оқушылар ,
еңбектің пайдасы қандай?
-Тәрбиелейді-Қуантады - Еңбектің пайдасы - жігерлендіреді
Бақытты етеді - үнемшіл болуға үйретеді - өмір сүруге
үйретеді
Еңбектің пайдасы –
тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге
үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия,
балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға
жетесіңдер.
Фариза: Жалқаулықтың зияны қандай?
Жалқаулықтың зияны
Ұқыпсыз – еріншек – тәртіпсіз – ұйқышылдық болып
табылады.
«Еріншекке бүгіннен ертең
оңай», « Еріншекке жоқ сылтау».
«Бағайын десе малы, ««Ауырайын десе ауруы жоқ.
Еріншектің ісі – екі»,- деген ата-бабаларымыздың мақал
сөздері бар. Абай атамыз: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе
бар: Сонан қашық болу керек: біріншісі- надандық, екіншісі-
еріншектік, үшіншісі- залымдық» еріншектік адамды қор қылады,-деуі
де сондықтан.
Фариза: «Жалқау бала» мәнерлеп оқу.
Ардақ: Тапқыр болсаң тауып көр» 3 ұяшықта сұрақтар жазылған. Әр топтан бір оқушы бір ұяшықты таңдайды да, жауап береді.
1- ұяшықтың сұрағы: Анаграмманы шешу.
1.К,Е,Б,Ң,Е. ЕҢБЕК
2. Ш,Е,Н,І,Р,К,Е. ЕРІНШЕК
3.Е,І,Д,Ә,Т,П. ӘДЕПТІ
2-ұяшықтың сұрағы:
Мақалдың жалғасын тап, мәнін түсіндір.
Еңбек-адамның ... (екінші) анасы.
Еңбек ... (бәрін) жеңбек.
Еңбектің наны тәтті, .(жалқаудың жаны тәтті).. .
3-ұяшықтың сұрағы:
Мақалдың жалғасын тап, мәнін түсіндір.
1.Жаманға жан … , (жуымас)
Жалқауға (мал) … жуымас.
2.Еріншек түске дейін ұйықтайды, (кешке)… дейін есінейді.
3. …(Еріншектік) - жаман ауру.
Фариза: «Кім жылдам?» Полиглот 3 ұяшықты таңдап, үш тілде жауап беру керек.
Шаштараз
Парикмахер
hairdresser
Ұшқыш
Летчик
Pilot
Құрылысшы
Строитель
Builder
Ардақ: Көрініс: «Атасы мен баласы»
Атасы он жасар баласымен
далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге:
Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа
нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш
балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен
– деді.
Бұдан балалар сендер нені
ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә, жарайсыңдар! «Еңбек түбі – береке» деген
осы.
Оқушы:
Қырға шықсаң өрлеп
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтң бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Оқушы:
Көгере бер , көркейе бер, өсе бер
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Оқушы:
Ержетіп үмітіңді біз ақтармыз
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті жер –ана, ауыл енді.
Көркейтетін болашақ біз жастармыз.
Көрініс «Атасы мен баласы»
1-жүргізуші: Жақсы бала
еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам.
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.
2-жүргізуші: «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке
жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең
барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты
жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау,
еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын
алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп
оқымайды.
1-жүргізуші: «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар
ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары
да риза болмақ.
Фариза: Күй « Секіртпе» орындайтын Ардақ
Мамандық туралы өлең шумақтар
, слайдтар көрсету.
Зейнеп: Еңбекті сүй құрметте
Береке болар еңбекте
Еңбек етсең емерсің
Жақын болшы еңбекке.
Дамир: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей
Жарамайды қатты болу тікенектей
Білімің болсадағы ұшан – теңіз
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Нұржан: Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей
«Бір тойған – шала байлық» деген қазақ
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.
Аяжан: Еңбек – өлім жан қанатын қиятын
Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Мамандық иелеріне сұрақтар
қою
Ән: «Әке-Ана» Ботагөз бен Фариза
Көрініс «Егіннің бастары»
Постер қорғау. 3 минут.
1-топ: Әкенің еңбегі не?
2-топ: «Ананың еңбегі не?
3-топ: Баланың еңбегі не?
1- оқушы Ай-һой, ғажап қандай бұл,
Ал, кәне, кәсіп таңдай біл.
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай
Әнші болсам не арман бар?!
2- оқушы : Кәсіпкер болсам егер де,
Бар әлемді кезем де.
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.
Велосипед мініп одан да,
Велошабандоз болам ба?
Геолог болып тегі мен,
Гүл жайнаған өңірден
Гуілдеп күн-түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып,
Ғибрат сабақ алайық.
3-оқушы: Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет – ашу жаңалық.
Ғылымға құмар қалпыммен,
Ғарышкер болам бәлкім мен:
Ғұмырлы қазақ елінің
Ғарышқа жаяр салтын кең.
Ес көретін өз елі,
Ер мінезді, беделді,
Ел мен елді дос етер
Елші болғым келеді.
Еңбек.
Жасампаз төрді түлетіп,
Жаңғыртқан қайта мың рет.
Шөлейтті жерді гүл етіп,
Жайқалтқан мен бір құдірет.
Бәрі де менің жеңісім,
Зейнетім, демек жемісім.
Шалқыған астық – кенішім,
Ырысты бейбіт ел үшін!
Шаттықтың әнін тербеткен,
Көресің мені жер-көктен,
Ерліктің туын өрлеткен,
Өркендеп ғалым еңбекпен.
Сондықтан ойлап ертеңді,
Сүйіп өс маған табын да.
Еңбекпен өмір өркенді,
Еңбекпен келер бағың да.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
Рухани азығым –
Осы екеуі деңіз де.
Дейді атам «Білімді
Еңбекпенен сен ізде!»
Еңбек етсем, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
1- оқушы: Еріншектен – салақтық,
Салақтықтан – надандық…
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Жүрейін десең, тұрғызар,
Төсекке мойын бұрғызар.
«Өзгелер де жүр ғой» деп
Біреуді мысал қылғызар.
2-оқушы: Іс қалдырмас еселі –
Білімнің ең кеселі.
Кірсе бойдан шығу жоқ,
Күн сайын өсер бес елі.
Төбеңді сөйтіп теседі,
Орныққан сайын өседі.
Ғибадат жоқ, өнер жоқ,
Бәрінің жолын кеседі.
3-оқушы: Еріншек таза жүре алмас,
Кір-қоңын да жуа алмас.
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
Даулассаң, желдей еседі,
Өзі айтып, өзі шешеді.
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі.
4-оқушы: Жан тыныштық бұл емес,
Жан дененің құлы емес.
Өзің байлап бересің,
Жан жұмысы ол емес.
Еріншек, ашу, құмарлық,
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық.
Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,
Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.
Бала нені білсе жастан, ұядан.
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Жас кезінде білім берсең,қалай да-
Өсе келе қолы жетер талайға.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса уысыңнан шығарма.
Би. « Қарлығаш « Жакияева Дильназ
Көрініс: «Егіннің бастары» Ботагөз, Нұржан, Ислам.
Постер қорғау. 1-топ: Әке тобы «Әкенің еңбегі не?»
2-Ана тобы: Ананың еңбегі не?
3-топ: Бала тобы: Баланың еңбегі не?
Кездесуге келген қонақтарға сөз кезегін беру, мамандыққа байланысты слайд көрсету.
Мұғалім:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады,
киімің болады.
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, аналарымызға көмектесеміз.
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге
болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді
тыңдағанда.
Жүсіп Баласағұн
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.
Абай – Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Балалар, сендер болашақта ата –ананың үмітін ақтар, еңбекқор саналы азамат болатындарыңа сенімдімін. Сендердің қазіргі міндеттерің жақсы оқып, тәртіпті болу. Жақсы оқудың да өзі еңбек. Тәрбие сағатымыздың соңын Менделеевтің сөзімен аяқтағым келеді. «Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды екен». Еңбегі арқылы адам өз арман мақсатына жетеді екен. Келген қонақтар мен ата-аналарға көп-көп рақмет! Кездесу кешіміз аяқталды, сау-саламат болыңыздар.