Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Адам әдептілігімен әдемі 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Адам әдептілігімен әдемі 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілік туралы ұғымды қалыптастыру. Өзіне-өзі сыни көзбен қарау, мәдениеттілік туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Балалардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылыққа баулу, ойлау, ізденімпаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білу, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2019
3077
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Адам әдептілігімен әдемі.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру. Өзіне-өзі сыни көзбен қарау, мәдениеттілік туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық: балалардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылыққа баулу, ойлау, ізденімпаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білу, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық жұмыс.

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, үнтаспа.

Барысы:

Ұйымдастыру

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Адам әдептілігімен әдемі» атты тақырыбынан көріп отырғанымыздай, әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ.

Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз, адамның жасаған әрбір іс-қимылы, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі, оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады. Енді қазір мен осы әдептілік жайлы сендердің ойларыңды тыңдағым келіп тұр.

  • Әдептілік деген сөздің синонимдерін табыңдаршы?

(мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кішіпейілділік).

  • Әдептілікті бізге кім үйретеді?

(ата-анамыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз, тәрбиешілеріміз).

«Ой жалғастыру»

(Бастапқы сөздер жазылған ойды ойланып, аяқтау)

Тәрбиеші: - Әдепсіз болмайын десең, не істеуге болмайды?

- Үлкендердің алдынан /кесіп өтуге болмайды/

- Құстарды /атуға болмайды/

- Қыз баланы /ренжітуге болмайды/

- Сабақтан /кешігуге болмайды/

- Сыныпта /айқайлауға болмайды/

- Мектеп ережесін /бұзуға болмайды/.

Тәрбиеші: - Әдепті бала деген атқа сай болу үшін не істеу керек?

- Үлкенді сыйлау керек;

- Әдептілік сақтау керек;

- Қателігіңді, кемшілігіңді мойындау керек;

- Өз-өзіңді тәрбиелеуің керек;

- Өз кемшілігіңді көре білуің керек;

- Өзгенің сырын ескеру керек.

Арман: Тіршілік оянудан басталады. Таңертең оянған әдепті адам қуанады, жақындарымен амандасады. Әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдесу – ізеттілік қағидасы. Ал ізеттіліктен әдептілік туындайды. Ол адамдардың мейірбандық белгісі.

Тәрбиеші: - Сәлемдесудің қандай түрін білесіңдер?

- Дауыстап сәлем беру;

- Қол алысып амандасу;

- Иіліп сәлем беру;

- Алыстан қол көтеріп амандасу;

- Ыммен сәлем ізеттік көрсету.

Тәрбиеші: - Амандасу үшін айтылатын сөз?

- Сәлеметсіз бе;

- Ассалаумағалейкум;

- Қайырлы таң;

- Кеш жарық;

- Қайырлы түн.

Тәрбиеші: - Кім бірінші амандасады?

- Үлкендерге жастар бірінші болып амандасады.

Тәрбиеші: - «Сәлем» деп кімдерге айтқан жөн?

- Тең қатар құрбыларға, жолдастарға.

Тәрбиеші: - Қол беріп амандасу кімге тән?

- Ер адамдар, үлкен кісілерге тән.

Тәрбиеші: - Алыста кетіп бара жатқан адамдармен қалай амандасу керек?

- «Сәлеметсіз бе» деп айқайлаудың қажеті жоқ, ол сені көрсе, бас иіп амандас.



Тәрбиеші: - «Адамзаттың белгісі, иіліп сәлем бергені» дегендей, халқымыз адамгершіліктің басты қағидасы ретінде амандасу ережелерін қояды. Достығына, жаттығына қарамастан сәлем береді, амандасу – адамдық парыз, борыш деп саналады.

- Балалар, енді 4 бөлікте ой талқы беріледі. Тақырыптар тақтаға жазылған, тақырыптарға сай ойымызды айтамыз.

1. «Қоғамдық көліктегі әдептілік»

2. «Дастархан басындағы мәдениет»

3. «Мәдени көпшілік орындағы әдептілік»

4. «Кітапханадағы әдеп мәдениеті»

/балалар өз ойларын айтады, әркім әр түрлі жауаптар айтады/

Тәрбиеші: - Енді балалар, осы айтқандардан қорытынды шығарып, ережені толықтырайық.

«Қоғамдық көліктегі әдептілік»

- Көлікке итермей кір

- Жол ақысын төле

- Үлкен кісілерге орын бер

- Кәрі кісілердің мініп-түсуіне көмектес.

«Дастархан басындағы мәдениет»

- Дастархан басында өзіңді дұрыс ұстай біл

- Қолыңды тазалап жуып, сырт киіміңді шешіп кел

- Аузыңды тамаққа толтырып, қасыңдағы адамдармен сөйлеспе

- Амандасу үшін тағам тұрған үстелдің үстінен қол созу дұрыс емес

- Пышақты оң қолға, шанышқыны сол қолға ұста.

«Мәдени көпшілік орындағы әдептілік»

- Ең алдымен таза, үйлесімді киін

- Кешікпей бар

- Қатты қол шапалақтап, ысқыру – әдепсіздіктің белгісі.

«Кітапханадағы әдеп мәдениеті»

- Кітапханаға жиі баруды әдетке айналдыр

- Тыныштық сақта

- Алған кітабыңды ұқыпты пайдалан

- Кітап бетін жыртпа, сызба.

Бейнебаян: «Өзіңнен баста!»

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі сабаққа арнап көрсеткен бейнебаян сендерге ұнады ма? Ал енді осы бейнероликтен біз не түсіндік? Кім өз ойын білдіргісі келеді?

/оқушылардың жауабы тыңдалады/

- Жақсы балалар, рахмет ой бөліскендеріңе. Жақсылық жасаудың өзі рухани адамгершілік. Әрқашан жақсылық жасауға ұмтылуымыз керек. 

Мақал-мәтелдер

Сергіту сәті

Тәрбиеші: - Балалар, енді біз 1 ойын ойнап жіберейік. Екі баладан шығып, бірге шеңбер жасап, қол ұстасып тұрайық. 1 бала 2 балаға қарап «Мен сені сыйлаймын, өзіме дос көремін» деп күлімсірейді. Ол басын изей күлімсірей сол сөзді қайталайды. Осылайша 1-ші балаға келгенше қайталай береді.

- Осы ойыннан не ұқтыңдар? /балалардың жауаптары тыңдалады/

- Көрдіңдер ме, өз ниетің түзу болса біреуге жақсылық жасасаң, жақсы жылысөз айтсаң, өзіңе қайтып келеді екен. Әрқашан бір-бірімізге жылы сөз айтсақ өзіміз де соны естиміз.

Тақпақтар

Көрініс: «Әділеттілік»

Қатысатындар: патша, үлкен, ортаншы, кіші ұлдары және автор.

Автор: Баяғы өткен заманда 1 патша өмір сүріпті. Оның 3 ұлы болыпты. Уақыт жетіп патша қартаяды. Бір күні патша ұлдарын шақырып алып былай депті.

Патша: - «Сүйікті ұлдарым, маған үшеуің де қымбатсыңдар. Бірақ таққа іштеріңнен біреуіңді ғана таңдауым керек. Өздерің қалай ойлайсыңдар, патшалығымды мен кімге қалдыруым керек?

Үлкен ұлы: - Мен патша болуым керек, - дейді үлкен ұлы. Өйткені мен үлкенмін.

Ортаншы ұлы: - Жоқ, мен патша болуым керек, - дейді ортаншы ұлы. Өйткені мен ержүрекпін. 

Ал кіші ұлы, ойланып былай дейді. Кіші ұлы: – Біз патшалықты әділетті түрде бөліп алуымыз керек.

Патша күлімдеп былай дейді: «Ұлдарым, сендердің әрбіреуің ел басқаруға лайықсыңдар. Мен патшалықтың байлығын үшеуіңе тең бөліп беремін. Бірақ, патшалықты кіші ұлым билейді, өйткені ол патшаға керекті ең маңызды қасиетке ие, ол – әділеттік».

Автор: «Әділеттіліктің жолымен жүр, өйткені, ақиқат сол, бұл сенімді жол».







Көрініс: «Қамқорлық»

Қатысатындар: анасы, қыздар, автор.

Автор: 1 әйелдің 4 қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын туысқандарына қонаққа кетіпті. Үйіне 1 аптадан соң оралады. Үйіне кірсе қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастайды.

- Мен сізді күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

- Мен сізді сағынып, шырылдаған кішкентай балапандай жыладым.

- Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сіздің жолыңызға қараумен болдым.

Автор: 4-ші қыз үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді. «Сөзіңмен емес, ісіңмен қамқор бол».

Қорытынды

Сөзжұмбақ шешу «Адамгершілік»

Ендігі кезекте тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.  Сұрақтар:

1. Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам)

2. Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид)

3. Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана)

4. Адамның өмір сүру ортасы (қоғам)

5. Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік)

6. Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім)

7. Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта)

8. Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық)

9. Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік)

10. Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология)

11. Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік)

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік)


Тәрбиеші: Ақыл, сана біліммен,

Өнеріме сенемін.

Арым – таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін, - дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтай отырып, менің сендерге айтатыным, адам әрқашан да бет сұлулығымен емес ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Сендердің де әдепті оқушы болып өсетіндеріңе сенемін.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!