Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты "Адамгершіліктің негізгі қағидалары."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Адамгершіліктің негізгі қағидалары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды инабаттылыққа, кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, патриот болуға, Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеу, адамгершілік туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер,слайдтар,ақ қағаздар,маркер,видео
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Амандасу,шаттық шеңберін құрып,бір-біріне жақсы тілектер айту
Оқушыларды топқа бөлу 1- топ-«Жақсылық», 2- топ- «Сыйластық»», 3- топ-«Қамқорлық»
ІІ. Миға шабуыл. Видео- «Адамгершілік»- видеоны көрсету арқылы тақырыпты анықтау және мақсатын айту.
«Тәрбие-тал бесіктен», «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деп бекер айтылмаған. Мысалы,оқушылардың қарапайым қағиданың бірі-амандасу тәртібін біле бермейтіндігі белгілі.Олай болса адамгершілік-әлемдегі ізгі қарым-қатынастардың кілті.
ІІІ. Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:
Амандасу,адалдық, патриот болу, ата-анасын құрметтеу,үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,тілін құрметтеу, әділ болу, имандылық, шыншылдық, қайырымдылық, кешірімді болу, көмектесу, қарыз қайтару, сабыр сақтау, ақылдасып іс істеу,кек сақтамау, уәдеде тұру, кешірім сұрау.
1.Тапсырма Топтарға тапсырмаларды тарату «Адамгершілік дегеніміз не?» 3 топқа бірдей тапсырма беріледі Постерлерін қорғайды
Қорытынды: Міне,адамгершіліктің өзіміз білетініміз бар,білмейтініміз бар қаншама қағидаларын қарастырдық. Олай болса, өз бойымызда осы адамгершіліктің қасиеттері бар ма? Ол үшін мына оқиғаларға назар аударайық,өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
ІV. 2 тапсырма
1-топ
Бір жұрттың үлкен оқымысты
кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір
жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем
береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға
соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен
одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген
екен.
2- топ : «Балам, анау
не?»
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып
жатса, жалғыз ұлы келіп:
-
Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып
емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар
ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп
әкесі:
- «Балам, анау не? » деп
сұрапты.
-
«Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған
нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты.
Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда
баласы:
- «Ол-түйе,түйе !»Өзім
шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда
әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде
мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің «Анау не, мынау
не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері
жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген
ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз
естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге
түсір» депті.
3- топ-Эссе-«Мен қайырымдымын»
Балалардың ойы тыңдалады
V. 3. тапсырма «Не істер едің?» Жағдаяттар
1-топ -Арман байқамай Анарды итеріп қалды. Анар қатты ашуланды да, жағымсыз сөздер айтып тастады. қалай ойлайсың, кімдікі дұрыс?
2-топ- Сабаққа кешігіп қалдың, орның бос емес. Артқы партада бос орын тұр.Орныңа отыруың керек пе?
3-топ-Сен сабақтан сұрандың, тісім ауырып тұр деп бірақ өзің дәрігерге бармастан қалада қыдырдың. Осың дұрыс па?
VІ. 4.тапсырма «Мен қандаймын»- өз бойыңыздағы жағымды және жағымсыз қасиеттеріңізді, 2 бағанға жазыңыздар.
Балалар өз бойындағы қасиеттерін айтады.Осы жағымды қасиеттердің санын көбейтіп,ал жағымсыз қасиеттеріңіздің санын азайтуға тырысыңыздар.
Видео көрсету-«Өмірді сүй!»
VІІ. Қорытынды: Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін.
Осы қағидаларды есте сақтайық!
Топтарға тапсырмаларды тарату
І ТОП тапсырмасы
1-оқушы: Амандасу бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Қазақ халқында амандасуға айрықша мән беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бұрын амандасады.
1.Ассалаумағалейкум! (Сізге Алланың нұры жаусын)-амандасудың кең тараған түрі.
2.«Уағалейкумассалам»(Саған да Алланың нұры жаусын)
3. Армысыздар-амандасудың ежелгі қазақ түрі.
4. Қол беріп амандасу-сыпайы ізгі ниетті білдіреді.
5. Төс қағыстырып амандасу-ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын білдіреді.
6. Қолдан сүйіп амандасу-әжелердің немесе апалардың жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол жасұрпаққа деген құрметті білдіреді.
7. Көзден сүйіп амандасу-әжелер немерелерін сағынғанда көзінен сүйеді.
8. Көпшілікпен амандасу-барлығына сәлем беру шарт емес,тек бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.
10. Отбасындағы амандасу-отбасындағылар таңертең бір-біріне «Қайырлы таң » айтып амандасқаны жөн.
2-оқушы: Адалдық-адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Адалдық өсек -өтірікке жоламауды,біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз-жаны,жүрегі таза болу деген сөз. Адал адам ақиқатты ардақ тұтады,шындықты сүйеді. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді.Отанына адал.Әрқашан иманын қорғой біледі. Адал жанның ұйқысы тыныш,күлкісі ашық.
3-оқушы. Патриот болу.Әр адам үшін өзінің туып-өскен елі мен жері Отан болып табылады. Кім де болсын өз Отанын қорғайды,мақтан етеді. Қаншама ата-бабаларымыз өз елі,өз жері Отаны үшін күрескен, сол күресудің нәтижесінде біз осы халге жеттік. Ал біз «Ерлік істердің бәрін бізге дейінгі ата-бабаларымыз жасап қойыпты.Бізге ештеңе қалған жоқ»деп ойлауға болмайды. Қаһармандыққа бүгінгі күндеде орын бар.
4-оқушы. Ата-ананы сыйлау адамгершіліктің басты қағидаларының бірі. Ата-ананың бала өміріндегі орны ерекше. Ананың әлдиі,бесік тербеткен күндер,түндер алмастыруға болмайтын ғажайып сезім. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет жаяу арқалап апарсаң да,оның жақсылығынқайтара алмайсың»-деген сөз бар. Имандылық қағидаларында әкесімен шешесінің ризашылығын алмаған адамға жәннаттың есігі жабық дейді.
Ата-ана еңбегін тіпті өтей алмайтын болсақ не істейміз? Оның бір-ақ жауабы бар.Тек жақсы адам болып өтей аласың.
5-оқушы.Тілін құрметтеу.Біздің елімізде қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл Елтаңба,Әнұран тәрізді Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі.Тілін білмеген әнұранды да айта алмайды. Тарихын,жырын, әдет-ғұрпын ескермейді.
ІІ топ
6-оқушы.Имандылық адам қасиеттерінің ішіндегі ең ардақтысы. Имандылық дегеніміз –жүрегіндегі бір Аллаға,яғни Алла Тағалаға деген сенім мен адамгершілікті ту етіп көрсету. Имандылық адамды керемет сұлу етіп көрсетеді.Имандылық бар жерде,рухани тазалық бар,сенім бар. Иманды адам ардан аттамайды,өтірік айтпайды,кісіні алдамайды,ұрлық жасамайды.Иманды бала дөрекілікке бармайды.ата-анасын ардақтайды,кісіге қиянат етпейді,біреуді мазақтамайды,зорлық-зомбылықтың жолын кеседі.
7- оқушы.Шыншылдық-шыншыл болу адам баласы үшін аса қымбат,қадірлі қасиеттердің бірі. Шыншыл адам өтірік айтпайды,еш нәрсені жасырмайды, адамдарды алдамайды. Өтірік айта берген адамда абырой қалмайды. Өтірікші бала туралы:»Қойға қасқыр шапты»деп елді 2 рет даурықтырады.3-ші рет қасқыр қойға шындап тиіскенде,қанша айқаласада ешкім көмекке келмей қойды,қасқыр қырып кетеді. Міне өтірікшінің шын сөзі де-зая деген осы. Шыншылдық бар жерде –тазалық бар, иман бар. Иман бар жерде-берекет бар.
8-оқушы.Қайырымдылық дегеніміз-айналасындағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Одан қайтарым күтілмейді,ақысы сұралмайды. Қайырымды адам туйстары, жақын-жуықтары, дос-жарандары үшін өте қадірлі. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке орын жоқ. Ол қолындағы барын басқамен бөлісуге дайын. Ол қашанда елдің ата-ананың мақтанашы.
9-оқушы. Кешірімді болу-Адам баласының бойындағы баға жеткісіз қасиеттердің бірі кешірімді болу. Күнделікті өмірде адамдар бір-бірін болмашы нәрсеге ренжітіп алып жатады. Көбісі білместікпен жасайды,ал кейбіреулері біле тұра «қайтер дейсің»деп жеңіл ойлайды. Айналамызда реніш туғыжатын нәрсе көп. Соның бәріне ренжи берсең нең қалады?Өзің ешкімді ренжітпеуге тырыс,ренжісең жүректе ұзақ ұстама. Біздің ата-бабаларымыз «Жақсы адамның ашуы шай көйлек кепкенше, жаман адамның ашуы өле-өлгенше» деген.»Таспен атқанды аспен ат»деген сөз бар. Бұл біреу саған жаманшылық жасаса, одан өш алуға тырыспа,керісінше жақсылық жаса деген мағынаны білдіреді. Ренжіскен достардың, туыстардың, жақындардың үш күннен артық өкпелесіп жүруіне болмайды. Кім бірінші кешірім сұраса,оның алатын сауабы да соғұрлым мол. Біреу кешірім сұраса шалқайып,кісімсіп мінез көрсетуге болмайды. «Иілген басты қылыш кеспес», «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш»деген сөздер бекер айтылмаған.
10-оқушы. Көмектесу-адамдардың бір-біріне жәрдемдесуі. Көмек әдетте ақысыз,пұлсыз тегін жасалады. Ұйымдасқан түрде ақысыз көрсетілген жәрдемді «Асар»деп атау қалыптасқан.
ІІІ топ - тапсырма
11-оқушы. Қарыз қайтару-адам баласының өмірі жұмыс пен демалыстан, барыс-келістен,сыпайылықтан,қимастан тұрады.Өмір болған соң ауыспай,қарызданбай тұрмайсың.Қарыз алған кезде қайтармайтын кезде қайтарамын деп өтірік айтуға болмайды. Қарыз екі адам арасында ғана емес, мекемелер,ұйымдар, тіпті мемлекеттер арасында да болады. Қазақта «Қарыз күліп кіріп,жылап шығады» деген сөз бар.Онда қарызды алу оңай болғанымен,беру қиынға соғады. Жаратқан иеміздің кешірмейтін күнәсі аз дейді ғой. Ең бірінші кешірмейтін күнә қарыз екен.
Сондықтан қарыз алған болсаңдар, қайтаруға асығыңдар.
12-оқушы. Сабырлық-адам мінезінің аса бір көркем түрі. «Сабыр түбі-сары алтын»,»Сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа»деген қанатты сөздер бекерайтылмаған. Ашуға да,қуанышқа да сабырлық көрсету адамдықтың үлкен белгісі. Сабырлық адам бойына екі түрлі жолмен дариды. Біреуі туа бітеді, екіншісі адамның өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келетіні.
13-оқушы. Ақылдасып іс істеу-қандай да бір іс істеу үшін асықпау керек. Іс тындырар алдында ойланып,толғанып,ақылдасып істесең, ісің оңға басады. Қазақта «жеті рет өлшеп,бір рет кес»деген осы ақылдасуды меңзейді.
14-оқушы.Мейірімділік-әйгілі орыс жазушысы М Горькийдің «Жер бетіндегі жақсылықтың барлығы-ананың сүті мен күннің нұрймен тараға»деген қанатты сөз бар. Мейірім шын мәнінде ананың сүтімен келеді. Абай атамыз айтқандай «адамды сүй»деп мей»р»мділік адам баласына жан-жануарларды,табиғатты,Отанды сүюді үйретеді.
15-оқушы. Кек сақтамау-қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа үйрететін басты қағидаларының бірі-кек сақтамау.Кектендім дегенше өміріңнің шырқы бұзылады.Кектенген адам пәле қуады, сол адамның осал жақтарын іздейді, ұсақ-түйекті тереді.Ебін тауып кегін қайтарғысы келеді. Кекті ашудан бауыр қараяды. Қазақ «Ақылыңа ақыл қос,ашу-дұшпан, ақыл-дос»деп бекер айтпаған.
16-оқушы. Ізеттілік-ең алдымен отбасынан басталады.Әдетте ата-анаға,аға-әпкеге,үлкен кісілерге,ұстаздарға,бейтаныс жандарға сіз деп сөйлейді. Сен деп сөйлеу тек құрдас,дос,қатар құрбыларына жарасымды. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге болмайды. Себебі өзін өмірге әкелген әке-шешесі.Өз әке-шешесін сыйламаған,өзгені сыйлап жарылқамайды. Үлкендерге орын беру, жол беру,дұрыс жауап беру ізеттілік.»Ізетті болу-тәрбиенің жемісі»деп бекер айтылмаған