Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты "Әдепті бала-арлы бала
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Әдепті бала- арлы бала
Сабақтың мақсаты:
А)Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп
әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
-Бүгінгі болатын 5-7т.д. сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
(ән ұран орындау)
-
Психологиялық дайындық.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны
(тілектер айтылады. )
-Денің сау болсын!
-Ұқыпты бол!
-Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол!
-Әдепті бол!
-Ақылды бол!
-Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Отаныңның баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
-Әжеңнің шуағы бол!
-Атаңның ұрпағы бол!
–Өнерлі бол!
-Биші бол!
-Әнші бол!
-Өнерің өрге жүзсін!
-Нұр жаусын!
-Мерейің үстем болсын!
-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!
-Рахмет!
-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.
3. Жаңа сабақ.
-Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.
Ситуациялық жағдай. (тақтадан сурет көрсету)
Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.
Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
-Ал балалар сендер не істер едіңдер?
-Арманның істеген ісі дұрыс па?
- Әдептілікке жата ма?
Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді екен.
-Ал біз, осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз.
-Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.
-Ал ,балалар, өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады?
-Әдепсіз бала қандай болады? Өздерің айтыңдаршы?
-Демек, бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн екен.
-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдепті болам десең, арлы бол!»
- Балалар мынау ненің суреті?
- Дұрыс, таудың. Ол үшін біз сендермен мынау өздерің көріп тұрғандай таудың биік шыңына шығуға тырысайық. Бірақ бұл шыңға біз бірден шыға алмаймыз. Шыңға шығу үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.Әр тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шыңға шығасыңдар.
1-ші тапсырма:
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.
-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?
-Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?
-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.
Әдепті шыншыл
тәртіпті білімді
м ейірімді
Әдепті бала
таза жүреді ұқыпты
Әдепсіз бала
т іл алмайды нашар оқиды
өтірікші еріншек
әдепсіз
2-ші тапсырма
Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақтар айтыңдар.
Кім үлкенді сыйласа, Рустем
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезінде.
Айтқан тілді аламын, Анжела
Айтқан жерге барамын.
Мен әдепті,
Мен әдепті баламын!
Жақсылықтан үйреніп, Ермурат
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Сыйла үлкен кісіні Мұғалім
Қамқорлыққа ал кішіні
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі,
Үлкендерге «сіз» деген.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп, қол берем.
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.
Әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы тыңдаңыздар:
Етек кетер салақтап,
Бос жүріспен далақтап.
Ұқыпсыз сабақ ұқпайды,
Өз бетімен алақтап.
Кеше ғана қадалған,
Өміртайдың түймесі.
Орнында жоқ апырай,
Қайда кеткен,бұл несі?
Ілгек,түйме жұлынып,
Кешке дейін алысар,
Әркімге бір ұрынар,
Құспен, малмен жарысар.
Сумка, дәптер бәрі де,
Дал-дұл болып жыртылып.
Сия төгіп бәріне,
Шимай салған сыртына.
Сабақ бітті мектептен,
Оқушылар тарады.
Бір тентек бір тентекпен
Дабырласып барады.
-Міне, балалар, уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Әдепсіз баланы достары да сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.
-Ал, балалар, сендер бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
2 –ші тапсырма
Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.
-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?
-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
-Аталарың, әжелерің айта ма?
Әкені ренжітпе.
Босағада отырма.
Босағаны керме.
Үйге қарай жүгірме.
Бүйіріңді таянба.
Бетіңді баспа.
Бас киіміңді аяғыңа киме.
Бос бесікті тербетпе.
Білмесең айтпа.
Бейуақытта жылама,ұйықтама.
Баланы басқа ұрма.
Баланы алдама.
Бетіңе сызба.
Баланы шошытпа.
Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.
Басыңды шайқама.
Досыңды өкпелетпе.
Дөрекі сөйлеме.
Дастарханды аттама.
Үлкеннің алдын кесіп өтпе.
Үлкеннің сөзін бөлме.
-Дұрыс. Сендер екінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер.
3-ші тапсырма
Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?
Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?
Ұрлық – түбі қорлық.
Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.
Атақты ұры аштан өледі.
Әдепті бала ата-анасын
мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені
-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.
-Ал, енді, балалар осы Ата заң туралы тақпақ білеміз бе?
-Қане, кім айтып жібереді?
Ата заңым,
Ата заңым ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын
Ақиқаттың аппақ жолын аттаймын
-Ал, балалар, өркениетті Қазақстан елінің тәртіпті, әдепті, мәдениетті азаматы болу үшін үлкенге ілтипатты, кішіге үлгілі болып заңды сақтауымыз керек.
Дұрыс, балалар, сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.
4-ші тапсырма
Музыкалық үзіліс
-Балалар , бәріміз қосылып кішігірім үзіліс жасап, қимылдап алайық. (сергіту сәті)
Дұрыс , балалар , сендер бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Биді жақсы биледіңдер.
5-ші тапсырма
« Жалғастыр» ойынын ойнату. «Не істеуге болмайды?» мұғалім бастапқы сөзін айтып, оқушы ойланып жалғастыру керек.
Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды.
-
Кішкене баланы жылатуға болмайды.
-
Құстарды атуға болмайды.
-
Сабақтан кешігуге болмайды.
-
Сыныпта айқайлауға болмайды.
« Не істеу керек?»
-
Үлкен кісні сыйлау керек.
-
Үлкеннің тілін алу керек
-
Үлкендерге сәлем беру керек
-
Оқу құралдарды күтіп ұстау керек
6-шы тапсырма
Сиқырлы сөздер айтыңдар.
-Сәлеметсіз бе?
-Аман-есенсіз бе?
-Армысың!
-Айналайын!
-Өркенің өссін!
-Көп жаса!
-Денің сау болсын!
-Спортпен дос бол
-Рахмет!
-Қайырлы таң!
-Кеш жарық!
-Кешіріңіз!
-Сау болыңыз!
-Ал, балалар, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден не пайда болды?
-Дұрыс, өздерің айтқан сиқырлы сөздерден көңілімізді көтеретін әдемі гүл шықты.
Бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.
8-ші тапсырма
- Абай атамыздың жақсы-жаман әдет туралы қандай өлеңін білесің?
-Абай кім?
-Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны.
«Адам болам десеңіз»
-Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Адам болам десеңіз.
Бес асыл іс бес дұшпан іс
Талап Өсек
Еңбек Өтірік
Терең ой Мақтаншақ
Қанағат Еріншек
Рахым Мал шашпақ
-Бұл тапсырма да дұрыс.
Кері байланыс:
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы ұнаған смайликты таңдап алып артына жазыңдар.
Қорытынды: Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.
Ал, енді сендер бүгінгі тәрбие сағатындағы көрсеткен өнерлерің мен білімдеріңді мен «Әдепті бала» атты медальдарымен марапаттаймын. ( медальдар тарату)
-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.
Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.
Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.
-Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық ұранымыз.
Ғ. Молдашев атындағы ОЖББ
Ашық тәрбие сағаты
Әдепті бала-арлы бала
(5-7 т.д. сыныбы)
Сынып жетекшісі: Каримова н.х.
2017 ж.