Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Әдепті оқушы қандай" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Әдепті оқушы қандай" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдепті оқушы қандай болуы керек. Әдептілік деген не?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1257
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдепті оқушы қандай?

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстай білуге үйрету.

Олардың бұрынғы білгендерін толықтыру, жетілдіру, сыпайы сөйлеуге, мәдениеттілікке, әсемдікке баулу.

Жабдықталуы:

Әдептілікке байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

17Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала.

2,Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.

3,Сыпайының сыйы мол, т.б.

“Әдеп және біз” атты үлкен ватман қағаздан жасалынған кітап.

Мұғалім: Балалар, бізге, қарым-қатынас мәдениеті, мінез-құлық әдебі жетіспей жатыр. Қазір сендер мектеп қабырғасында білім алып жатырсыңдар. Уақыт тез өтеді, ертең-ақ әрқайсың үлкен азамат боласыңдар. Біреуің адам жанының арашасы – дәрігер, біреуің көрсе көз қуанатын әсем үйлер салатын - құрылысшы-сәулетші, бірің – бизнесмен, бірің – елші боларсыңдар. Араларыңнан корабль капитаны немесе ұшқыш шығуы да ғажап емес. Алайда, сендер ең әуелі нағыз азамат, жақсы адам болып өсулерің қажет. Бойларыңа мейірімділік, батылдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттерді сіңірулерің қажет.

Ал, ол үшін оған осы бастан үйренуіміз, өзімізге сын көзбен қарауымыз керек. Сонымен, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз “Әдепті оқушы қандай?” деп аталады. Қазір мына кітаптың алғашқы бетін ашайық. Бұл бетте “Әдептілік деген не?” деп жазылған. Біз бұл сұраққа жауап бере аламыз ба?

Мұғалім: Ал, ендеше, біз “Әдеп” деген сөзге топтастыру жасайық.

Мұғалім оқушылардың айтуы бойынша маркер-тақтаға мына топтастыруды жазады.

Shape3 Shape2 Shape1

СӘЛЕМДЕСУ

КІШІГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

ТАЗАЛЫҚ





Shape5 Shape4

Shape6

Shape8 Shape9 Shape7

КІШІПЕЙІЛДІЛІК

ӘДЕП

ДҰРЫС КИІНУ



Shape10 Shape11

Shape14 Shape13 Shape12

Shape17 Shape16 Shape15

ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ

МӘДЕНИЕТТІ-ЛІК

СЫПАЙЫЛЫҚ













Рисунок 4





Мұғалім: Қазір біз 3 топқа бөлінеміз. Топтардың аты біздің тақырыбымызға сәйкес болсын. Ал, айта қойыңдар.

Оқушылардың айтуы бойынша топ құрамыз.

1-топ: “Әдеп”.

2-топ: “Ізет”.

3-топ: “Кішіпейіл”.

Мұғалім кітаптың келесі беттерін аша отырып, ондағы жазылған тақырыптарды әр топқа бөліп береді.

Тапсырмалар:

Әдеп” тобы – “Әдепті бала - мектепте”.

Ізет” тобы – “Әдепті бала – көшеде”.

Кішіпейіл” тобы – “Әдепті бала - үйде”.

Рисунок 2

Мағынаны тану

Оқушыларға 15 минут уақыт беріледі. Әр топқа ватман қағаздар, маркер, фломастерлер беріледі. Топтар тапсырмаларды талқылап, ойларын қағазға түсіреді. Тақырыптарына байланысты сурет салады.

Әр топтан екі оқушы шығып тақырыбын, салған суреттерін қорғайды.



Түйін:

1-топ. Мектепте:

  1. Мектепке таза, үтіктелген киіммен, әдемі таранып, таза аяқ киіммен келу керек.

  2. Оқу құралдары таза, рет-ретімен салынған, түгел болуы керек.

  3. Мектепке кешігуге болмайды.

  4. Ұл балалар мектепке кірерде бас киімін шешіп, қолына алуы керек.

  5. Сыныпқа кірерде бірінші мұғалімге, сосын жолдасыңа сәлем бер.

  6. Сыныпқа үлкендер кірсе, орнымыздан тұрып сәлем беруіміз керек.

  7. Тақта алдында түзу тұр, қолыңды қалтаңа салып тұру – мәдениетсіздік.

  8. Партаны күт, сындырма, жазба, т.б.



2-топ. Көшеде:

  1. Көшеге таза киініп шық. Үлкеннің алдын кеспей жол бер.

  2. Көшені ластама, үйдің қабырғаларына жазба.

  3. Көшеде қатты сөйлеуге, айғайлауға, қатты күлуге болмайды.

  4. Көшеде жолдасыңмен бөгеліп, сөйлесетін болсаң, жолдан шығып тұр.

  5. Қоғамдық көлікке балмұздақпен кірме.

  6. Үлкен адамға, балалы әйелге орын бер.

  7. Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.

  8. Біреудің дүниелеріне таңдана қызығып, тесіле қарама. т.б.



3-топ. Үйде:

  1. Ата-анаңды ренжітпе. Қолыңнан келгенше қолғабыс жаса.

  2. Төсегіңді, киіміңді, өз заттарыңды өзің жина.

  3. Балконнан сыртқа ешнәрсе лақтырма, түкірме, ешнәрсе сілкілеп, қақпа.

  4. Үйіңе досың, қонақ келсе киімін шешуге көмектес, ілгішке іл. Сосын бөлмеге алдымен қонақты кіргіз.

  5. Қонақтан бұрын тамаққа қол созба.

  6. Тамақты асықпай іш, қолыңды жалама.

  7. Тамақ ішіп болған соң, тамақ дайындаған адамға (анаңа) рахмет айтуды ұмытпа.

  8. Телефонмен сөйлескенде алдымен кім болса да амандасуды ұмытпа.

  9. Сұраншақ болма. т.б.



Мұғалім: Балалар, өз ойларыңды өте жақсы жеткіздіңдер. Есейе бастағандарың сөз саптауларыңнан көрініп тұр. Мен сендер үшін өте қуаныштымын. Ата-ананы ренжітпеу туралы өте дұрыс айттыңдар. Мен осыған қосымша “Иман сабақтары” кітабынан ата-ана ақысы туралы мына сөздерді оқып беруді жөн көріп тұрмын.

  1. Перзент әрдайым ата-ананы құрметтеп, оларға жақсылық жасап, айтқандарын істеп, қартайған шағында оларға қарай “үф” демей, ауыр сөз айтпауы, көңілдерін қалдырмауы керек.

  2. Ата-анаң саған бір іс тапсырса, ол қаншалықты ауыр тисе де шамаң келгенше орындауға тырыс.

  3. Олармен сөйлескен кезіңде дауысыңды көтермей бәсең үнмен сөйлес. Оларды себепсізден-себепсіз кінәлама және оларға қарсы шықпа. Оларға әрдайым күлімсіреп, жақсы сөзбен жауап бер және оларды еш уақытта есімдерін атап немесе лақап аты болса, лақап есімімен шақырма.



Көрініс:

Көше. Тротуарда Ернар мен Данияр кездесіп қалды.

    • Сәлеметсің бе, Ернар?

    • Сәлеметсің бе, Данияр?

Ернар:

    • Бүгін мектепке бокс секциясына барасың ба?

Данияр:

    • Иә, бірақ оған дейін үй тапсырмасын орындап бітіруім қажет. Балабақшадан қарындасымды да алуым керек.

Адамдар әрлі-берлі жүріп жатады.

Ернар:

    • Қане, Данияр, жолдан былай тұрып әңгімелесейік. Біз жүргіншілерге кедергі жасап тұрмыз.

Мұғалім:

    • Балалар, Ернар мен Данияр қандай оқушылар?

    • Әдепті, үлгілі оқушылар.



Мұғалім:

    • Балалар, енді мен сендерге мынадай жұмбақ-әңгіме оқып берейін. Шешуін өздерің айтыңдар.

І. Алмас көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге айқайлады. “Айтыңызшы, қазір сағат қанша?”. Ол адам уақытты айтқан соң, Алмас бұрылып жөніне кетті. Бала бөтен адаммен қарым-қатынасында бірнеше қателіктер жіберді. Осы қателіктерді кім табады?

  1. Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек.

  2. Сағат қанша?” емес, “Уақытты айтып жіберіңізші!” немесе “Сағат қанша болғанын айтыңызшы!” деп сұрауы қажет еді.

  3. Алдымен кешірім өтінуі керек.

  4. Алмас ол адамға “Рахмет” айтуды ұмытты.



ІІ. Балалар саяхатқа шықты. Міне, автобус та келіп, бәрі автобусқа кіре бастады. Арман, Жазира және Айдос – достар. Арман балаларды баса-көктеп автобусқа кіріп, терезе алдындағы орынға жайғасты. Ал Айдос болса алдымен Жазираны өткізіп, бос тұрған орынға оны отырғызып, өзі жанында түрегеп тұрды. Автобустан түсерде Арман тағы балаларды итеріп, алға кимелеп, бірінші болып түсуге асықты. Айдос Жазирадан бұрын түсіп, оған қолын ұсынып автобустан түсіріп алды.

    • Сендер балалардың әрекетін қалай бағалар едіңдер?

    • Неге ұлдар қыздарға қамқорлық көрсетуі қажет?

Сонымен, біз бүгінгі тәрбие сағатында не туралы айттық? Көңілімізге не түйдік? Өзімізге қажет жаңа нәрсе үйрендік пе?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мұғалім:

Адамдармен қарым-қатынасты жеңілдететін, жақындастыратын, көңіліңді марқайтатын қандай “сиқырлы сөздерді” білеміз?

Оқушылар:

Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы түн! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рахмет. Кешіріңіз. Ғафу етіңіз. Рұқсат па? Рақым етіңіз. т.б.

Мұғалім:

Айтқандарыңның бәрі өте дұрыс, балалар. Рахмет!



Қорытынды сөз

Мұғалім: Бүгін біз сіздермен әдептіліктің негізгі ережелерімен таныстық, өзіміз бұрыннан білетін “Сиқырлы сөздерді” қайталадық.

Қарап отырсақ, бұларды орындаудың түк қиындығы жоқ екен. Кездескен адамға “Сәлеметсіз бе?” деп амандасудың немесе “Сау болыңыз!” деп қоштасудың ше?

Тұла бойымызды таза ұстап, жарасымды киім киіп, шашымызды тарап, тап-тұйнақтай болып, өзімізді қоршаған адамдарға жақсы әсер қалдыру да өз қолымызда екен. Үлкендерге көмектесіп жіберудің де біз үшін қиындығы жоқ. Қайта олар бізге алғысын жаудырады емес пе? Олай болса, балалар, біз бір-бірімізге мейірімді, кішіпейіл болайық. Тіпті Хадис Шәріпте “Кімде-кім кішіпейіл болса, Алла тағала оның мәртебесін биік көтере түспек” – делінген. Осы отырған әрқайсымыз адамдарға қамқорлық жасауды, жақындарымызға, достарымызға, тіпті бөтен адамдарға да қуаныш сыйлауды өзімізге әдетке айналдырайық. Мен біздің бүгінгі әңгімеміз сендер үшін із-түзсіз кетпейді, күнделікті өмірде естерінде ұстайды деп сенемін.

Тәрбие сағатына белсене қатысқандарың үшін рахмет, балалар!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Иман сабақтары”.

  2. Журналдар: “Ақ желкен”, “Алдаспан”, “Ұлан” газеті, т.б.





























«№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім

беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі






Тақырыбы:



Shape18

Рисунок 7 Рисунок 4

Сынып жетекшісі: Файзрахманова А.К.





2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!