Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Алға ,алғақазақ жігіттері"4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алға,алға, алға- қазақ жігіттері.»

Жүргізуші: 7-мамыр-Қазақстан Отан қорғаушылар күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры жетерлік. Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау,бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға мәлім. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай,ақылы мен қайраты,күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны –бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр.Біздің аталарымыз біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып,бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 68 жыл толды. Құрметті аталар мен әкелер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Жүргізуші: Арыстандай айбаттым, Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым.! дей

отырып сіздердің назарларыңызға

«Әскер -әліміз, армия- абыройымыз!» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз.


Залға «Сарбаздар» әнімен ұл- қыздар кіріп билейді.

Жүргізуші: Құрметті аталар, ағалар, әкелер сіздердің мерекелеріңізге жасаған балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:Құрметті болашақ Отан қорғаушы ұландарымыз біздің Қазақстанымыздың Отан қорғаушы күшіміз қандай болу керек қане, экранға көңіл бөлейік.

Жүргізуші: Көрдіңдер ме балалар Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер екен?. Ертең сендерде өсесіңдер, азамат боласыңдар,болашақ Отан қорғаушылар сендерсіңдер.

Жүргізуші: Ел қорғайтын, ер ағалар-

Ардағымыз,арымыз

Ерлер тойын, елдің тойын,

Бәрі: Қарсаламыз бәріміз.


Ән: «Атамекен» - орындайтын .Қыздар тобы

Ал, енді достар, мерекемен құттықтауға келген жас ұландарға кезек берейік!

Мұхаммед С. Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер




Ислам: Бұл- ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!

Мадияр: Сол алыптың бірімін

Отанымның ұлымын.

Мұхаммед: Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар





Ерасыл : Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз

Алихан : Ей жігіттер!

Сендерге арттар міндет көп

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп.


Әділ: Тапталмайтын түнгі ізі

Сақшысы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы

Келеді ұлан атанғым


Диас: Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан

Бұйраланған аршасы

Қорғайтын-ер болам

Жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын

Аналар қабақ шытпасын,

Бақытқа жетіп бар адам

Сәбилер тыныш ұйықтасын-дей отырып,

Қыздар» тобының балаларының орындауында «Жігіттер биі» биін тамашалаңыздар.




Жүргізуші: Бәрекелді балалар! Ұлдарымыз демалып қалды ғой деймін, олай болса

«Кім тез қимылдайды» ойынын ойнайық.

Ортаға 2 бала шығады.

Ойынның шарты: жерге жатып, қолын алдыға созып отырып тұру.

Енді тағы бір ойынның кезегі келіп тұр.

«Кім күшті»

Ортаға екі топ болып ұлдар щығады

Ойынның шарты.Қыздар қазылар алқасы.


Жүргізуші: Сіздерге көп-көп рахмет ертеңгілігімізді ары –

қарай жалғастырайық.

Ендігі кезекте викториналық сұрақтар.

1.Біз қай республикада тұрамыз?- Қазақстан.

2.Бас қаламыз қай қала? -Астана

3.Рәміздерімізді кім біледі? -

4.Тудың ортасында не бейнеленген? Күн, қыран құс ,ою.

Балалардың жауабын анықтау.

Жүргізуші: Ал, енді біздің қазақ халқында нақыл сөздер бар, ол сөздер жігіттерге де арналған екен, Біздің қыздар ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындаған «Жігіттің тоғыз жауы »атты ескертпелерін тыңдаңыздар

Жігіттің тоғыз жауы ?

1.Басты жауың-жалқаулық

Сорлататын жаныңды Зарина


2.Осалдығың аңқаулық

Соқтыратын саныңды Альмира



3.Жасқаншақ болсаң ұры алар

Қоралап қойған малыңды Камила


4.Жалатқызбас жасықтық

Аузыңдағы балыңды Балғын


5.Өтірік айтсаң өңмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды Дильназ



6.Өсек терсең телмеңдеп Қорлан

Жоғалтасың арыңды


7.Көпірме босқа мақтан қып,

Түкке тұрмас барыңды Амина


8.Көрінгенге жалтақтап

Бола алмайсың жағымды Зарина


9.Біреуді алдап арбаумен

Аша алмайсың бағыңды Ырысгүл

Жүргізуші: -Ендігі кезекте қыздардың ұлдарымызға арнаған ән шашуын қабыл алыңыздар. ӘН. «Алға, алға, жігіттер!»

орындайтын: Ырысгүл

Сыйлық тапсыру.

Жүргізуші: « Жеңіс « деген –жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы



Ән : « Қазақ жігіттері».

Жүргізуші:

Жүреміз даңқты жолдармен

Қырандар бірге самғаған

Әзірге титей болғанмен

Ертеңгі ел қорғаны – Мен боламын! – дей отыра сіздермен қоштасамыз. Сау болыңыздар ! Балалар орындарынан тұрып ән ырғағымен залдан шығып кетеді.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі