Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Алтын балық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Алтын балық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қанағатсыздық,тойымсыздық,сабырсыз болудан аулақ болуға тәрбиелеу.Оқушыларды еңбекқорлыққа адалдыққа үйрету,шыншыл жалқау болмау керектігін тусіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2019
3345
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6 орта мектеп







Тобы: МАД «Г»

Жетекшісі: Әуелбай Г.Ж



Жаңаөзен 2019

Тақырыбы: «Алтын балық»


Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету. 
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.


Қойылымның кейіпкерлері:автор, шал, кемпір,алтын балық

Көрнекілігі:кейіпкерлердің киімдері,үй,музыка.

Ертегінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу 3 тілде

«Алтын балық» ертегісінің сахналық қойылымы: 

Автор:

Теңіз жағасында ескі жер үйде шал мен кемпір өмір сүріпті.Шал балық аулайды да,кемпірі тоқыма тоқиды екен.

Бір күні шал теңізге ау салса, оған алтын балық түсіпті.

Алтын балық адам даусымен жолына бастайды.


Алтын балық:

Мені теңізге жібер,не десең бәрін орындаймын


Автор:

Шал мұндай кереметке таң қалды.


Шал:

Жөніңе жүре бер.Боссың!Маған ешнәрсе керек емес.


Автор:
Шал алтын балықты жібере салады.

Үйге келіп шал болған оқиғаны кемпіріне айтады.Кемпірі шалға ашуланып бастайды.


Кемпір:

Сен ақымақсың!Балыққа барып,одан жаңа үй сұра.Біздің үйіміз әбден тозды.



Автор:
Шал теңізге келіп,алтын балықты шақырады.

Балық оған жүзіп келеді.



Алтын балық:

Шал саған не керек?

Шал:
Менің кемпірім маған ашуланып жатыр.Оған жаңа үй керек.


Алтын балық:
Қайғырмай үйіңе қайта бер.Жаңа үй болады.


Автор:
Шал үйіне қайтып келсе,оның орнында жаңа үй тұр.

Кемпірі тағы шалына ұрса бастайды.


Кемпір:

Сен ақымақсың!Ашық ауыз неге үй ғана сұрайсың? Қайта барып, балыққа айт,менің қара шаруа емес,ақсүйек болғым келеді.


Автор:

Шал теңізге келіп,алтын балықты тағы шақырады.

Алтын балық:

Саған не керек?


Шал:

Кемпір маған үрсып жатыр.Жәй шаруа емес,ақ сүйек болғысы келеді.


Алтын балық:

Қайғырма, бұл тілегіңді де орындаймын.


Автор:

Шал үйге оралса,үйдің орнында керемет үлкен үй тұр.Үйдің алдында қабағын түйіп,кемпір отыр.Қымбат киімдер киіп алған.Айналасында қызметшілер қызмет көрсетіп жүр.


Кемпір:

Балыққа барып айт.Ақсүйек емес,патшайым болғым келеді.


Автор:

Шал балыққа тағы келеді.


Шал:

Менің кемпірім тағыда ашуға мінді.Енді ақсүйек емес,патшайым болғысы келеді.


Алтын балық:

Уайымдамай жөніңе жүре бер.Кемпірің патшайым болады.

Автор:
Шал үйіне оралады.Жаңа үйдің орнында патша сарайы тұр.Ал кемпірі тақта отыр екен.

Ақсүйектер оған қызмет көрсетіп жүр.Айнала айбарлы күзетшілер.


Шал:

Енді жаның риза тапқан шығар.


Автор:

Кемпір ашуланып,оны ауладан қуып шығуды бұйырады.


Кемпір:

Қайтадан балыққа бар.Менің патша болғым келмейді.Теңіз әміршісі болғым келеді.Алтын балықтың өзі маған қызмет етіп, құлым болсын.


Автор:

Шал теңіз жағасына келіп,алтын балықты шақырады.


Алтын балық:
Шал саған не керек?


Шал:

Бұл қарғыс атқан кемпірді не істеймін.Ол енді теңіз әміршісі болғысы келеді.Және сен оған қызмет етсін дейді.


Автор:
Балық үн қатпайды.Құйрығын бір былғады да,жүзіп кетті.

Алтын балықтың жауабын шал ұзық күтті.Күте күте болмаған соң,ол кері қайтты.

Кемпіріне жетіп келді.Қараса баяғы жер үйі орнында тұр.Есік алдында кемпірі отыр.Қасында сынық астауы бар.


Қорытынды.

-Балалар біз қандай ертегіде қонақта болдық?
-Алтын балық ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!